Диссертация «экономика ғылымдарының магистрі»


АҚ ОҚОФ «Казкоммерцбанк» несиелік портфелінің сапасы мен қаржылық көрсеткіштеріне талдау



бет6/8
Дата09.01.2024
өлшемі204.5 Kb.
#488743
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Қырбасова Ш.Д.

2.2 АҚ ОҚОФ «Казкоммерцбанк» несиелік портфелінің сапасы мен қаржылық көрсеткіштеріне талдау

Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2011 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 688,1 млрд. теңгені құраған.


Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар Қазкоммерцбанктың зейнетақы мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары да бар. Банктың Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді. Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі.
Тарихы.
Қазкоммерцбанк 1991 жылдың 12 шілдесінде Қазақ Кеңес Социалистік Республиканың заңына сәйкес ашық акционерлік қоғам болып құрылған Медеу Банкінен бастау алады. Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Медеу Банкі «Қазкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1992 жылғы 21 қазандағы № 48 лицензиясын алады. 1995 жылғы сәуірде Банк «Астана Холдинг» коммерциялық банкімен біріккен. 1995 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орналасады. 1996 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық кәсіпорындарды қайта құрылымдау мен жекешелендіру процесінде Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңесшісі болды.
2008 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге (19,7 млрд.$) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі.
2008 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі 55,963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті (ROE) 19,5% құрады.
Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2008 жылдың ішінде клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.
Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.
2009 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).
Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.
Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2009 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2002 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2006 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.
Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2009 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті.
Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2009 жылы шілденің басында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.
Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2017 жылғы 31 наурызда Банк активтері 4 752 млрд. теңгені құрады.
Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар КАЗКОМның қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. КАЗКОМның сондай-ақ, Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.
2017 жылғы шілдеден Қазкоммерцбанктің негізгі акционері Қазақстанның Халық Банкі болып табылады
Банктің ізбасары – Медеу Банкі 1990 жылғы шілдеде құрылған болатын, ал 1991 жылғы қазанда Қазкоммерцбанк болып қайта тіркелді. 2006 жылдың қарашасында КАЗКОМ ТМД-дағы банктердің бірі болып, Лондон қор биржасында ҒДҚ түрінде жалпы сомасы 845 млн. АҚШ долларын құрайтын IPO өткізді. Банк акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінде тіркелген (KASE).
1991 жылы Медеу Банкінің негізінде құрылған «Казкоммерцбанк» АҚ Қазақстанның ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.
«БТА Банк» АҚ-мен бірігудің нәтижесінде 2014-2015 жылдары QAZKOM өзінің қызмет көрсету аймағын айтарлықтай кеңейтті. Қазіргі кезде еліміздің барлық өңірлеріндегі 23 әмбебап филиалы мен 227 операциялық бөлімшеден құралған ауқымды филиалдар желісі бар қаржы институты.
Сондай-ақ Банктің Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.
2017 жылғы 1 шілдеде Банктің қолданыста шамасы 3 миллион карточка бар. Қазкоммерцбанк Visa Inc., MasterCard Worldwide жүйелерінің төлем карталарын шығарады. Сондай-ақ American Express® Gold Card және American Express-тің The Platinum Card® карталарын теңге, еуро, АҚШ долларымен шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк.
Сонымен қатар Банк магниттік лента мен чипті алмастыратын смарт-карталарға көшкен Қазақстандағы бірінші банк болды. Және клиенттеріне кредиттік бонустық GoCard картасын ұсынатын жалғыз банк.
Және Казкоммерцбанк виртуалды желісі арқылы (интернте) 3-D Secure (Verified by Visa) және соған ұқсас MasterCard SecureCode төлем карталары бойынша қызмет етудің ең озық және сенімді технологиясын ұсынып әрі оны іс-жүзіне асырған ең алғашқы банк болып табылады.
Банктің банкоматтар желісі бар. 2017 жылғы 1 шілдеде олардың саны 2 300 артты, соның ішінде ақша қабылдау функциясы бар (cash-in) банкоматтардың саны – 465. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 50 мыңға жуық POS-терминалға қызмет көрсетеді. Соның 9 мың данасы Бонустық бағдарлама серіктестерінде орналасқан.
Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. Бүгінгі таңда жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген жеке тұлғалардың саны 1,2 млн асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Порталдың 700 мыңға жуық тұтынушысы өздерінің қалта телефондарына Android және iPhone мобильдік түрін көшіріп алды. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталының тұтынушы компаниялар саны 20 000-ға жуықтады. 
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынады; сауда, жобалық, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан бастап Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.
Банк стратегиясы
2007 жылғы жазда әлемдік дағдарыстың еліміздің банктік жүйесіне және Қазақстан экономикасына әсері онша айқын сезілмеген кезде, Банк басшылығы уақытында «Казкоммерцбанк» АҚ-ның даму стратегиясына түзетулер енгізу туралы шешім қабылдады. Банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ клиенттерге қолдау көрсету үшін Банк мына стратегияны ұстанған.
Қоржын сапасы. Дағдарыс ықпалын төмендетіп, Банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған стратегияның басым бағыты - қазіргі клиенттер базасымен жұмыс істеп, актив сапасының дәрежесін бүгінгі күнге сай қамтамасыз ету. Тәуекелділіктерді басқару жүйесін жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, Банк проблемалы клиенттермен жұмыс істеуді күшейтпек. Сондай-ақ әрбір клиентпен жеке жұмыс істеп, кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында клиенттердің бизнесін сауықтыру бойынша ынтымақтастықты жалғастырады.
Өтімділікті басқару
Банк ішкі нарықтағы қорды тарту бойынша жұмысты күшейтпек: банктің негізгі мақсаты – корпоративті депозиттік базаны ұстап қалу, сондай-ақ бөлшек депозиттер бойынша нарықтағы үлесті ұстап тұру. 2011 жылы банктің еурооблигациялар немесе синдикатталған займдар бойынша төлемдері жоқ.
Шығысты бақылау
Маңызды тұрақтандыру факторының бірі ретінде шығысты төмен дәрежеде сақтап қалу банктің негізгі мақсаты болып табылады. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, Қазкоммерцбанк салыстырмалы банктердің ішіндегі ең тиімді банк болып шыққан. Тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу 2008 жылы экономиканы тұрақтандыру бойынша іске қосылған алғашқы бағдарламалардан кейін Банк сондай бағдарламаларға қатысу өз стратегиясының маңызды бөлігі деп есептейді. Банк үлескерлерге, корпоративті клиенттерге, ШОБ субъектілеріне, ипотека алған қарызгерлерге қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламаларға қатысып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет