«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 16 беті
бекітілген тәртіп бойынша расталған ғылыми басылымдар тізімі және
олардың көшірмесі (И қосымшасы).
маман даярлаушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі
(кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі).
6.5.9 Сараптама комиссиясы арнайы формада жазбаша негізделген келесі
шешімдерден тұратын қорытынды береді (К қосымшасы):
1) «диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылады»;
2) «белгіленген мерзімде кемшіліктері жөнделген жағдайда диссертация
көпшілік алдында қорғауға ұсынылады»;
3) «диссертация қорғауға ұсынылмайды».
6.5.10 Магистрлік диссертация (жоба) міндетті түрде плагиатқа (пайдала-
нылған дереккөздерге және авторға сілтеме жасамау мәні бойынша)
тексерілуден өтуі тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тәртібін
жоғары оқу орнының өзі анықтайды.
6.6 Процедура диссертацияны (жобаны) қорғау процедурасы
6.6.1 Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауды университет
тарапынан құрылған ББ-ға сай Аттестаттау комиссиясы (АК) іске асырады.
6.6.2 АК-нің магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға байланысты
мәжілісі оның төрағасының жетекшілігімен жүргізіледі.
6.6.3 Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау төмендегі жағдайда
жүзеге асады:
1) ғылыми жетекшінің оң пікірі (Е қосымшасы);
2) диссертация (жоба) тақырыбына сай кемінде 1 мақаланың баспадан
жарық көруі, ғылыми-практикалық конференцияларда сөйлеген сөзі;
3) сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген
ұсынысының жазбаша қорытындысы;
4) маман шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі
(кафедра отырыс хаттамасының көшірмесі);
5) қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің
рецензиясы. Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, көрсетілген
дәлелді қорытындысы және сол ББ бойынша «магистр» академиялық дәрежесін
беру мүмкіндігі көрсетіледі.
Ғылыми жетекші немесе/және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға
жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз
қорытынды берілген жағдайда, магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны)
қорғау мүмкіндігінен айырылады.
6.6.4 АК-ге, сонымен бірге, магистрлік диссертацияның (жобаның) ғылыми
және практикалық құндылығы жайында басқа да материалдар, ресми емес
пікірлер магистрлік диссертацияның (жобаның) ББ-ға сай практикалық қызметін
атқаратын ұйыммен жазбаша келісімдер, ғылыми зерттеудің нәтижесін ендіру
туралы анықтамалар мен ендіру актілері, макеттер т.б. ұсынылуы мүмкін.
|