«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ
Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 15 беті
жасаған магистранттар, бұл оқиға дәлелдегенден жағдайда, қорғауға
жіберілмейді.
6.4.22 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі басшысы плагиат фактінің
табылуы туралы комиссиясының ұсынысы бойынша магистрантқа қатысты
тәртіп жазасын орнатады және ЖОО-ның басшылығына магистрантқа тәртіп
жазасын қолданылуы туралы мәлімденеді.
6.4.23 Магистранттың ғылыми жетекшісі магистрлік диссертацияның
(жобаның) бекітілген жоспарға сай орындалуына жауапты.
6.4.24 Қорытынды бағалауда магистрлік диссертацияның (жобаның)
«Антиплагиат» жүйесімен тексерілу нәтижелері ескеріледі.
6.5 Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға ұсыну
6.5.1 Бекітілген тәртіп бойынша рәсімделген магистрлік диссертация (жоба)
«қорғауға ұсынылады», «қорғауға ұсынылмайды» деген дәлелді қорытындысы
жасалған ғылыми жетекшісінің пікірімен (Е қосымшасы) университеттің маман
шығарушы кафедрасына алдын-ала қорғау процедурасын өтуге ұсынылады.
6.5.2 Магистрлік диссертация (жоба) бойынша басқа ұйымнан ғылым
докторы не кандидат дәрежесі бар, не болмаса ББ бағыты бойынша PhD доктор
атағы бар ресми рецензент тағайындалады.
6.5.3 Магистрлік диссертацияның (жобаның) ресми рецензенті университет
Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде жұмыс істейтін орны, атқаратын қызметі,
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіліп, университет ректорының
бұйрығымен бекітіледі.
6.5.4 Ресми рецензент (оппонент) магистрлік диссертацияны (жобаны)
зерттеу нәтижесінде дәлелді қорытынды мен «өте жақсы», «жақсы»,
«қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағасы көрсетілген ББ-ға сай
магистр дәрежесі берілуі не берілмеуі мүмкін деген рецензия береді (Ж
қосымшасы).
6.5.5 Ресми рецензенттің (оппоненттің) рецензиясы компьютерде басылып,
берілген күні көрсетіліп, қолы қойылуы керек. Рецензенттің қолы өзі қызмет
атқаратын ұйымның кадрлар бөлімінің басшысымен расталып, ұйымның
мөрімен куәландырылады.
6.5.6 Университеттің маман шығарушы кафедрасында алдын ала қорғау
өткен магистрлік диссертация (жоба) кафедра құрған сараптама комиссиясының
сараптамасынан өтеді.
6.5.7 Сараптама комиссиясы құрамына пән және зерттеу саласында білімі
бар диссертацияда қорғалатын мәселелер бойынша екі не одан да көп
басылымдарымен дәлелденіп, соңғы 5 жылда отандық және шетелдік ғылыми
зерттеулерде жоғары импакт-факторы бар кем дегенде 3 маман енуі керек.
6.5.8 Сараптама комиссиясына:
толық дайындалған магистрлік диссертация (жоба);
диссертацияның тақырыбы бекітілгені туралы құжат;
магистранттың ғылыми жетекшісінің пікірі;
|