Дістемелік кешені



бет20/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Келімбетов Н. «Көркемдік дәстүр жалғастығы» Астана: Елорда. 2000-288 б.
Екі мың жылдық дала жыры. (Құрастырған Е. Дүйсенбайұлы, Ә. Қайырбеков) – Алматы ; 2000-752 б.
2. Шаңғытбаев Қ. «Азаттық күнгі жыр» Қазақ әдебиеті, 1999жыл, 24-желтоқсан.
Мырза Әли Қ. « Заман-ай» Алматы; Жазушы,1997-352 б.
3.Медетбек Т. «Тағдырлы жылдар жырлары» Алматы; Атамұра,1999-176 б.
4.Дәдебаев Ж. «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы; Қазақ университеті, 2002-311 б.
5.Қайырбеков Ә. Заманхат немесе Қ. Мырза Әлидің «Заман-ай» дастандар кітабын парақтағанда туған ойлар; Ақиқат №3, 68-73 б.
Лекция4. Тақырып:
Тәуелсіздік жылдарындағы көркемдік ізденістер мен тақырыптық арналар.
4.1 Қадыр Мырза Әлидің «Заман-ай» поэмасының тақырыптық арналары.
4.2 Қадір Мырза Әлидің идеялық-эстетикалық нысаны
4.3 Т.Медетбектің «Тағдырлы жылдар» өлеңіндегі тәуелсіздік аңсары және рухани түлеу.
Қ. Мырза Әлидің 1997 жылы жарық көрген «Заман-ай!» поэмалар кітабы және
Т. Медетбектің 1999 жылышыққан «Тағдырлы жылдар жырлары» жинағы талдап-таразылаймыз, оның себебі – бұл екеуінде басқа жыр жинақтарына қарағанда азаттық, тәуелсіздік тақырыбы кең қамтылған, жан-жақты ашылған.
«Тәуелсіздік аңсары және дәуір дидары» атты бірінші бөлімінде ақын Қадыр Мырза Әлидің «Заман-ай» атты кітабы жеке алынып талданған. Кітапқа топтастырылған поэмалардың тақырыптары мынадай: «Өткелдер», «Махаббат», «Пайғамбар жасы», «Дерт», «Заман-ай», «Бес жыл өткен соң», «Парламент», «Күдік», «Ел сәлемі».
Қадыр Мырза Әлидің ( бұрын Қадыр Мырзалиев. Ә.Қ.) ақындық әлеуеті қарымдылығымен әу бастан-ақ, сонау ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бермен қарай, оқырмандарының ыстық ілтипатына бөленген тұғын. Қадыр ақынның жыр жинақтары дүкен сөрелерінде сүрленіп тұрмайтындығымен, қолдан-қолға өтіп, өлең шумақтары мен тармақтары тез жатталып, үлкен-кішінің аузында жүретіндігімен де ерекше. Ұтқыр ой, ұшқыр сезімнің ұстасы ретінде Қадыр ақынның қаламынан шыққан туындылары есті жас пен есейген жасамыстың, ауылдағы бақташы мен қаладағы қақпашының, қарапайым оқушы мен ғұлама ғалымдардың т.б. арасында әрдайым қызығушылық тудырады, өткір пікір-таласына өзек болады, қысқасы, ешқашанда бей-жай қалдырған емес.
Ақынның «Заман-ай» кітабына енген поэмалары бірін екіншісі толықтыратын, біріндегі қозғалған ойлар екіншісінде жалғасын табатын, лирикалық кейіпкердің, яки лирикалық қаһарманның жан-дүниесіндегі өзгерістер қоғамдағы, заман ауқымындағы, уақыт аясындағы кезеңдік оқиғалармен қат-қабат тығыз байланыста сабақтасқан.
«Заман-ай!» дейтін жеке дастан болса да, кітаптың аты барлық дастандардағы ортақ идеямен ұштаса үйлесім тапқан. Яғни, кітаптың бойындағы тұтастық, оның тақырыбы мен мазмұнын ашуда салмағын арттыра түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет