Дістемелік кешені


Трагедия - поэманың көркемдік түйіні - Алла жаратқан Адам Ата мен һауа Ананың және олардың ұрпақтарының әуелден бастап



бет17/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Трагедия - поэманың көркемдік түйіні - Алла жаратқан Адам Ата мен һауа Ананың және олардың ұрпақтарының әуелден бастап бүгінгі күнге дейін Әзәзіл - Ібіліс азғыруынан туатын қиғаш, оғаш іс-әрекеттерге, зиянды кылықтарға үнемі ырық беретіндігін әшкерелеу, адамзатты мәңгілік адастырып келе жатқан осынау кесапатқа лағнат айту («һауа Ананын дауысы: Лағнатқа - Лағнат!!!»).
Бұл - қазіргі заманғы аса өзекті мәселе. Әлемдегі барлық діндердің ортақ мұраты - адамзат ұрпақтарының фәни мен бақи тұтастығындағы қасиетті тіршілік амандығын сақтау. Ислам дінінің әлем өркениетіндегі жетекші ықпалды қызметі осындай жалпыадамзаттық гуманизм мұратын жүзеге асыруға арналған.
Жаратушы Алланың құдіретімен фәни мен бақи дүниенің сабақтас жүйесінде өмір сүретін ғажайып тіршілік иесі - Ақын. Ол ғарыштық кеңістікте үйлесімді ырғақтармен мәңгілік қозғалатын заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың бәрімен де тілдеседі, сырласады. Ақын жаратылыстағы барлық деректі, дерексіз, жанды, жансыз заттарға тілек, аманат, наз, өкініш білдіреді, үміт артады. Ақын өткен ғасырлармен де, бүгінгі заманмен де, болашақпен де іштей сұхбат құра алады. Акынның тыңдаушысы да, оқырманы да ішкі жандүниесінде өзі қиялымен сомдап алған, сезімімен ортақтаса алатын өзіне ғана етене тұлға. Демек, Ақын - ғарыштық кеңістік тұрғыны. Ғарыштық рухты қозғалыстардың адамзат ортасындағы елші жыршысы. Ақын Темірше Сарыбайұлының жырларын оқып отырып, осындай сезім күйін сезінеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Келімбетов Н. «Көркемдік дәстүр жалғастығы» Астана: Елорда. 2000-288 б.
Екі мың жылдық дала жыры. (Құрастырған Е. Дүйсенбайұлы, Ә. Қайырбеков) – Алматы ; 2000-752 б.
2. Шаңғытбаев Қ. «Азаттық күнгі жыр» Қазақ әдебиеті, 1999жыл, 24-желтоқсан.
Мырза Әли Қ. « Заман-ай» Алматы; Жазушы,1997-352 б.
3.Медетбек Т. «Тағдырлы жылдар жырлары» Алматы; Атамұра,1999-176 б.
4.Дәдебаев Ж. «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы; Қазақ университеті, 2002-311 б.
5.Қайырбеков Ә. Заманхат немесе Қ. Мырза Әлидің «Заман-ай» дастандар кітабын парақтағанда туған ойлар; Ақиқат №3, 68-73 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет