Дістемелік кешені


Толғау-дастанның тарихи кейіпкері - Марал ишан Баба. Тарихи тұлғалардың халық бақыты, ұрпақтар болашағы



бет16/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Толғау-дастанның тарихи кейіпкері - Марал ишан Баба. Тарихи тұлғалардың халық бақыты, ұрпақтар болашағы үшін жасаған қоғамдык- әлеуметтік ерліктерінің («Атадан асып туған ер-азамат ел үшін жанын киып қанын төкпек») ұлттық-каһармандық дәстүр жолы екенін жырлай келе Марал ишан Бабаның да халық бақыты жолында жасаған азаматтық-қайраткерлік. күрескерлік қызметтерін (ауруларды емдегенін, қазақ елін қанаған отаршылдыққа қарсылығын білдіру үшін патшаға жолығуға жандаралға хат жазғанын) - тарихи дерекке негізделген көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жырлаған. Әулие қайраткердің халық үшін айтқан ескертулерін тыңдамаған озбыр отаршылдардың зорлық іс-әрекеттері («Обырлар озбырлықтан бас тартпады, мастанып көптігіне асқақтады», «Қоймады. ұялмады, тыңдамады; ойрандап, түп-тамырды жұлмалады») тарихи шындық аясында баяндалады.
Толғау-дастанның көркемдік шешімі - түйіні - исламдағы имандылық рухымен қуаттанған Қазақ Елінің Марал ишан Баба сынды ағартушы ұстаз қайраткерлері ұлағатының мәңгілік асқақ рухымен өмір сүретінін оптимистік сеніммен жырлағаны:
... Алайда от қарулы отаршылдар,
Иманын мұсылманның жеңе алмады.
Патшаға бағынса да қүл болмады ел,
Таныған Иеміз деп тек Алланы.
Ғарышпен сырласыпты Сыр бойында,
Жұбатып дұғасымен жылағанды.
Өмірден өзі өткен соң, зираты да,
Иманның тірегі боп түра калды! [22. 62 б.].
Тарихи деректер негізінде жырланған философиялық-дидактикалық толғау-дастанның қазіргі және болашақтағы ұрпақтар тәрбиесі үшін кұндылығы - ұлттық-отаншылдық, қаһармандық рух тазалығын сақтауға шақырған азаматтық тұғырнамалық бағдарлылығы. Шығарманың соңғы шумағы ғаламдану ықпалдарының қаумалауындағы тәуелсіз Қазақ Елі ұл- қыздарына Марал ишан Бабаның аманатын орындауды міндеттейді:
...Алты Алаш ардақтайды Марал атын,
Өсиет өнеге ғып жазған хатын:
«Тең болып, барлық елмен сыйлассаң да
Жаныңа жолатпай еш жаманатын.
Мүлкіңді берсең дағы жат жұрттарға
Рухыңды берме!» - деген аманатын! [22. 63 б.].
Ақын Серік Ақсұңқарұлының «Адам Ата - Һауа Ана» поэма-трагедиясы - адамзат тарихының қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі тұтастығындағы философиялык заңдылығы аясында жырланған лирикалық- психологиялық сарындар тұтастығы мен жырланған эпикалық шығарма.
Эпикалық шығармада ғарыштық-ғаламдық тіршілік әлеміндегі ең алғашқы екі тұлға Адам Ата мен һауа Ананың ең алғашқы жер бетіне түскен кезеңі, фәни дүниенің сұлу келбеті, мөлдір аспан, тау мен тасқа секірген еліктер, маң-маң басқан мамонттар, аққулардың гәккуі, қүстардың тәтті үндері, сұлу мүсінді әйел һауа мен мәрт мінезді Адам - бәрі де Жаратушы Алла қалыптастырған тіршілік қозғалыстарының ғажайып үйлесімі тұрғысында бейнеленген:
... Жоқ бүгін жемтік іздер жендетің де,
Ғаламның ғажайып нұр келбетінде.
Бүгінгі адамзаттың Анасы мен
Атасы ғана жүр ғой Жер бетінде [16. 405 б.].
Жаратушының тыйым салған ұжмақтағы «Білім» ағашы дәнінен- жемісінен һауаның Әзәзіл - Ібілістің азғырушымен жеуі салдарынан қуылған екеуінің жер бетіндегі тіршілігі бақытқа бөлену мен ұрпақтарының кесірінен қасіретке көмілу егізделуінен құралатын сипаты шығарма желісіндегі кейіпкерлер диалогтары арқылы дәйектелген. Поэма-трагедияның поэтикалық құрылымы классикалық үлгілер желілері сарындарымен жырланған.
Адамзат ұрпақтарының әуелгі бастауындағы Адам Ата мен Хауа Ана - ұрпақтарының күншілдік, қараулық, қызғаншақтық сезімдердің құрсауына Әзәзіл - Сайтанның аздыруымен шырмалып, соның салдарынан адамзат тарихына үздіксіз тоқталмай келе жатқан қақтығыстардың, соғыстардың, кісі өлтірушіліктің, қанішерліктің трагедиялық зардаптары айыпталған. Адамзат тарихындағы тоқталмайтын қақтығыстардың, кикілжіңдердің, соғыстардын. қанау мен тонаудың басты себебі - Әзәзіл - Ібіліс ойдың ықпалына түскен Адам Аға мен Һауа Ана ұрпақтарының адамгершілік-имандылық, ұстанымын сақтай алмауы екендігі поэма-трагедия кейіпкері Әзәзілдің монологымен түсіндірілген:
Тірлігіңде бола қоймас маза бір,
Қабіріңде қақсап тұрар аза жыр!
Аллаң ойлап таба алмаған сұмдықты
Мен табармын... Менің атым - Әзәзіл!
Сол сойқаным, міне, бүгін басталған,
Опыр-топыр болар ғалам сасқаннан:
Дүниенің иесі мен - Әзәзіл –
Алла болып сөйлеп тұрған аспаннан.
... Бересі де жоқ, өмірден аласы,
Таусылмайтын кикілжіңі, таласы –
Жердің үстін, Аспан астын ылаң қылып –
Бір-бірінің етін жейтін мәңгілік.
Туды бүгін адамзаттың баласы
(сақылдап күледі) [16. 426-427 бб.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет