Дістемелік кешені



бет24/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
umkd - str-22-31

Сабақтың мақсаты – баға белгілеу процесін ашып көрсету
1 Құрылыстағы бағалардың негіздері.
2 Құрылыстың сметалық құны мен құрылыс монтаждың жұмыстардың құрылымы. Сметалық нормалау жэне сметалық нормалардың жүйесі.
3 Сметалық іс қағаздарды жасаудың әдістемесі және сметаның түрлері мен құрамы. Сметаны есептеу бойынша бағдарламалық өнімді қолдану.
4 Құрылыстағы келісім бағалар. Құрылыс - монтаждық жұмыстық құны мен құрылыс өнімдерінің бағасын анықтаудағы әдістемелік тәсіл. Жасалған жұмыс пен экспертиза үшін есептеудің тәртібі және жоба- сметаның іс қағаздарды бекіту

Құрылыстың сметалық құны — кәсіпорынды, жекелеген үймеретті, ғимаратты не олардың кешенін (өндірістік комбинаттарды, тұрғын орамдарын, көлік жолдарын) салуға (жаңғыртуға) байланысты жұмсалатын барлық шығынның мөлшері; құрылыстағы өнімнің бағасы. Сметалық нормалардың, сметалық бағаның, мөлшерлемелер мен тарифтердің негізінде есептеледі. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының сметалық құны, жабдыққа жұмсалған шығын мен басқа да күрделі шығын қамтылады. Оның негізгі бөлігі - құрылыс-құрастыру жұмыстарының сметалық құны — тікелей шығыннан (жұмысшылардың жалақысы, құрылыс материалдарына, конструкция бөлшектеріне, құрылыс машиналарын пайдалануға жүмсалатын шығын), үстеме шығыннан (әкімшілік-шаруашылық шығын және жұмысшылар мен өндіріске қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын) және жоспарлы қорланымдардан құралады


Құрылыстың сметалық құны — жобаланған материалдар негізінде анықталған ақша-қаражат сомасының жиынтығы. Құрылыстың сметалық құмы құрылысқа салынған инвестициялар мөлшерін анықтауға, құрылыс өнімдеріне бағалардың қалыптасуына, мердігерлік келісім-шартты құру мақсатында тапсырыс берушіге мердігерлік құрылыс қызметтерін сатып алуды жүзеге асыруға, орындаған мердігерлік жұмыс бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес есеп айырысудың негізі болып табылады.
Сметалық құжаттар құрылымында келесі түсініктемелер қолданылады. Олар:
1. Құрылыстың объектісі — жеке ғимараттар (өндірістік цех, қойма, тұрғын үй және т.б.), оған жататын барлық құралдар, жиһаздар және қосалқы бөлшектер.
2. Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс объектілеріне: сыртқы қосалқы құрылыс жайлары (сумен, газбен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, канализация), кіре беріс (подъезд) жолдары, басқа да қоғамдық жұмыстар жатады.
Кейбір құрылыс түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты құрылыс объектілеріне кіретін ғимараттар мен құрылыс жайлары төмендегідей қарастырылады:
— мұнай және газ өнеркәсібінде — мұнай немесе газ скважинасы (эксплуатациялық немесе барлау), оған жататын барлық құралдар, қосымша құрылыс жайлар мен жұмыстар;
— көмір және тау-кен өнеркәсібінде — өткел мен тау өнімдерінің құралдары және жер асты шахтасының құрылыс жайлары;
— орман және ағаш өндеу өнеркәсібінде — ағаштарды іріктеу бойынша участок;
Смета (қаржы жоспары) — алдағы шығыстар мен кірістерді есептеу; материалдық және ақшалай қаражаттың жұмсалуы мен түсуінің жоспары. Мәселен, кәсіпорындарда өндіріске жұмсалатын шығындарды жоспарлау кезінде көмекші өндірістің цехтар бойынша шығыны, өнімнің жаңа түрлерін, іске қосылатын объектілерді дайындауға және игеруге, арнаулы технол. жарақтарға жұмсалатын шығындардың, тасымалдау-дайындау шығындарының, өндіріске қызмет көрсетуге, машиналар мен жабдықтарды басқаруға, күтіп ұстауға, пайдалануға жұмсалатын шығындардың, жалпы өндірістік, коммерциялық және басқа шығындардың сметалары жасалады.
Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады [2]. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс – монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсетуі үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Кейде құрылыс – монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі мердігерлік құрылыс кәсіпорынның басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім – шартқа отырып, құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың қарым – қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуны әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Келісім – шарт нақты белгіленген баға және ашық көрсетілген болып бөлінеді.
Ашық баға бойынша келісім – шарт құрылыс жұмысын жүргізу кезіндегі барлық нақты шығындарды өтейді.
Ал нақты баға белгіленген келісім – шарт бойынша құрылыс жұмыстарының нақты құны екі жақпен келісіледі.
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім – шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:

  • біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;

  • екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.

Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:

  1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;

  2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.

Мердігер кәсіпорындар мен тапсырыс берушілердің келісім – шартының құрамында көрсетілген құрылыс өнімдеріне келісім бағалар ведомостын рәсімдейді. Аталған келісім бағалар ведомостының формасы № 1 формада көрсетілген.
Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке – жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.
Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажетілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.

Лекция 5 Құрылыс ұйымы өнімдерінің өзіндік құны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет