Сабақтың мақсаты - инвестициялық және инновация қызметтің мәні және принциптерімен танысу.
1 Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік.
2 Қазақстан Республикасындағы инвестиция.
3 Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері.
4 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау. Құрылыстағы уақыт факторы.
|
1.Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік.
Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қатынастарға өтумен байланысты және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне және оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бойынша «капитал салымы» немесе «капитал жұмсалымы», яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым термині қолданылған. Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық.
Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік. Кең мағынада, инвестиция – пайда табу үшін кәсіпорын қызметінің объектілеріне салынған заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интелектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Қорыта айтқанда, инвестиция – бұл пайда табу мақсатында тауарларды өндіруге және қызметтерді көрсетуге бағытталатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлерін сипаттайды.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттерден, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты арнайы және техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі бакілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
2 Қазақстан Республикасындағы инвестиция.
Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асрудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибе мұндай инвестициялардың түрлері:
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |