Дістемелік кешені



бет25/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
umkd - str-22-31

Сабақтың мақсаты - кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері оқып білу, өндіріс шығындарын төмендеуінің негізгі бағыттары үйрену
1 Құрылыс - монтажды жұмыстардың өзіндік құны туралы түсінігі және оның шығындар құрамы.
2 Құрылыс - монтажды жұмыстардың сметалық құны: түсінік, белгілеу, анықтаудың тәртібі.
3 Құрылыс- монтажды жұмыстардың жоспарлы өзіндік құны. Құрылыс- монтаждық жұмыстардың өзіндік құнын төмендетудің жолдары.

Кәсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін «өндіріске жұмсалған шығындар есебі» және «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.


Шығындар есебінің объектісі әртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
Есепке алынатын шығындардың көлемі мен сипаттамасы бойынша өнімнің (қызметтің, тауардың) өзіндік құны 3 түрге бөлінеді:

  • Ø Цехтық өзіндік құн — өз құрамына цехтың шеңберіндегі өнім өндірісінің шығындарын енгізеді, жекелеген түрде, өнім өндірісіне материалдық шығындар, цехтық құрал – жабдықтардың амортизациясы, цехтың негізгі өндістік жұмысшы күшінің еңбекақысы, әлеуметтік аударымдар, цехтық құрал – жабдықты ұстау мен пайдалану шығындары, жалпыцехтық шығындар енеді.

  • Ø  Өндірістік өзіндік құн (дайын өнімнің өзіндік құны) — цехтық өзіндік құннан басқа өз құрамына жалпы зауыттық шығындарды (әкімшілік – басқару және жалпы шаруашылық шығындары) және қосымша өндіріс шығындарын құрамына енгізеді. Оған кәсіпорын ішінде өнімді тасымалдау шығындары да (бидай, азық) кіреді,ол қорытындылаушы болып табылады.

  • Ø Толық (коммерциялық) өзіндік құн - өнімнің (қызметтің, тауардың) өзіндік құнын және оны өндіру шығындарын (коммерциялық шығындар, өндірістен тыс шығыстар) біріктіретін көрсеткіш. Сонымен қатар бұның құрамына қаптау бойынша шығындар, тиеу және түсіру бойынша шығындар, орнына жеткізу бойынша шығындар енеді.

Сметаны жасау кұрылыс объектілерінің өзіндік құнын нормативті калькуляциялауға негізделген, осы мақсатта материалдардың, енбек және қаражат шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік кұнының негізі, ол құрылыс материалдарын дайындауға сметалық калькуляция, құрылыс машиналарын пайдалану және еңбек шығыңдары болады. Сметалық нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлық кешенді құрылыс жұмыстары ескеріле отырып, құрылыс жұмыстарының тәсілдері қолданылады. Калькуляциялау мақсаты — шығындар түрін жүйелеп, құрылысты ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдауға әрекет ету. Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт:
1) ішкі аудитті жургізу;
2) жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бағалау;
3) жұмыс түріне қарай тиімділігін анықтау;
4) шығын мөлшерін азайтудың жолдарын анықтау;
5) инновациялық әдістерді қолдану қажеттілігін тану.
Бүгінгі күні қолданылып отырған тәжірибеде көрсетілгендей құрылыс кәсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:
1) материалдар;
2) жұмысшылардың еңбекақысы;
3) құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен шығындар;
4) үстеме шығындар.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет