Дістемелік кешені


Еңбекақыны анықтайтын факторлар



бет45/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
umkd - str-22-31

Еңбекақыны анықтайтын факторлар

Еңбекақыны мынандай факторлар анықтайды:
1. Жұмыс күшi құны. Бұл жұмыскердiң өмiрiне қажет және оның еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге жәрдемдесетiн заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:жұмыскердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мүлiк құны; оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар; оның отбасының өмiр сүруiне қажеттi заттардың құны.Нақтылы жұмыс күшiнiң құны қажеттi өнiм көлемiн анықтайды. Оның өзiндiк жұмыс күшiнiң құны әр елде әртүрлi және уақыт өткен сайын өзгерiп отырады.

  1. Жұмыскердiң еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

  2. Бiрақ оның өзiнде еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi еңбекақының өсуiндей шапшаң болады.

  3. Жұмыс күшiн бiлiктiлеу және еңбектiң түрi. Мысалы күрделi қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады.Ал сирек кездесетiн және қауiптi мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектерi , т.б. жоғары бағаланады.

  4. Қажеттi өнiмнiң әлеуметтiк дәрежесi. Қазiргi қажеттi өнiмнiң барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрiнде берiлмейдi. Қажеттi өнiмнiң бiр бөлiгi әлеуметтенедi. Және әртүрлi салық арқылы мемлекетке қоғамдық тұныну қорына кетедi.

Еңбекақы төлеудің негізінде өндіріс факторы ретінде еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті. Олай болса, еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет