Еңбекақы түрлері
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай (натуралдық) нышандары бар. Қызметкерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде еңбекақыны төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбекке төлеудің мұнд
ай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Еңбекақы негізгі және қосымша деп бөлінеді.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:
- мемлекет иелiгiндегi кәсiпорындарда жалақы үкiмет актiлерiмен реттеледi, ал жеке кәсiпорындарда кәсiпорын әкiмшiлiгi шешiмiмен реттеледi, бiрақ ең төменгi жалақы жөнiндегi белгiленген заңнан кем болмауы керек;
мемлекеттiк кәсiпорын жалақысы белгiленген және тұрақты;
мемлекеттiк кәсiпорында жұмыс орны мен жалақы кепiлдi, мемлекеттiк емес кәсiпорында олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.
Экономисттер еңбек ақының екі түрін көрсетті. Бастапқы (номиналды) жалақы- бұл 1 сағатқа, 1 күнге немесе 1 аптаға, т.с.с. шаққан ақша көлемі.
Нақты жалақы - бұл номиналды жалақы арқылы иемденуге болатын товарлар мен қызметтер саны, яғни номиналды жалақының “сатып алу мүмкіншілігі”.
Нақты жалақы иемденетін тауарлар мен қызметтердің бағасына және номиналды жалақыға тәуелді.
Нақты және номиналды жалақыны бір бағытпен есептеу міндетті емес. Мысалы, егер тауар бағасы бастапқы жалақыға қарағанда шапшаң өссе, онда бастапқы жалақы жоғарылап, ал нақты жалақы сол уақытта төмендеуі мүмкін.
Соңғы мезгілде республикамыздағы инфляция деңгейінің төмендеу тенденциясы байқалғанына қарамастан, ағымдағы жылдың айының нақты жалақысы 5,2%-ке төмендеді. Ал қыркүйек айында “Қазақстан статистикасы” журналының анықтамасы бойынша 4,5-ке өскен. Базисті тәсілмен есептелген нақты жалақының динамикасына осы көрсеткіштің қаңтар айындағы, яғни жыл басындағы өсу темпінің төмендеуі үлкен әсерін тигізген. Жалақы динамикасын айлар бойынша тізбектей тәсілмен талдау көбею тенденциясын – наурыз айынан қыркүйек айындағы нақты жалақының тұрақты өсуін көрсетті. Басқа шаралармен салыстырғанда минималды жалақы деңгейін периодпен бақылау бойынша үкіметтік шаралар оң
нәтижелерге, яғни нақты жалақы индексінің өсуіне ала келді.
Жалақы әртүрлі деңгейде бақылауға мүмкіншілігі бар өндіріс сапасына әсерін тигізеді:
кәсіпорын деңгейінде бұл әсер еңбек өнімділігінің өсуімен өнім сапасымен, жұмыс уақытын қолданумен және т.б. Жұмысшылардың еңбек қызметі көрсеткіштерімен байланысты; ұлттық деңгейде жалақы дифференциациясының көлемі барлық ұлттық экономикаға әсерін тигізетін тұтыну нарығы құрылымымен және өндіріс пен жалпы экономика құрылымымен тығыз байланысты.
Дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде тұрғындар табысының маңызды компоненті жалақы елдің технологиялық даму деңгейімен, оның дүниежүзілік шаруашылыққа қатысу сипатымен тығыз байланыста болатын жұмысшы күшінің сапасын анықтайтын ұлттық экономика бәсекесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Тарифтік жүйе, оның мазмұны және элементтері.
Достарыңызбен бөлісу: |