Сабақтың мақсаты – кәсіпорын еңбек ресурстары құрылымы мен ұдайы өндірісін оқып білу және еңбек потенциалының мәнін білу
1 Еңбек қорлары мен еңбек өнімділік мәні.
2 Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі. Құрылыстағы еңбек өнімділігі көтеру мен және экономикалық ынталандыру.
3 Еңбек өнімділігін бағалау. Еңбек нарығындағы реттеуде мемлекеттің араласуы.
Нарық экономикасында еңбек ресурстарының маңызы арта түседі.Өндірістің инвестициялық бақыты, ғылыми-техникалық процестің соңғы нәтижелерін қолдану,өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчествалық жағынан қарауға және жоғарғы дәрәжеге мамандар дайындауға ықпал жасайды.
Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз- жұмысшылардың еңбек функцияларын аткарған кезде өздерінің барлык мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда қолдануына әсер ететін принциптер мен әдістердің жиынтығы.Еңбек ресурстарын баскару мынадай бағытардан тұрады:
Еңбек ресурстарын жоспарлау;
өндіріске қажетті еңбек ресурстарын анықтап, оғаан кететін шығындарды есептеп шығару;
еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдау;
жұмыс орындарына кандидаттар дайындау, конкурс ұйымдастыру арқылы жұмыскерді таңдап алу;
жұмыскердің еңбек ақысын анықтау, еңбекақылы құрылымын анықтау;
жұмысқа алынған адамдарды кәсіпорынмен , ұйыммен, және оның басқа да бөлімшелерімен таныстырып,болашақ жұмыс орны жайлы түсінік беру;
берілген жұмысты неғұрлым тиімді орындау үшін еңбек ресурстарын оқыту және оқыту бағдарламасын жасау;
жұмыскерлердің еңбек іс-әрекетін бағалау, және бағалау әдістерін жасап, онымен жұмыскерді таныстыру;
еңбек етушінің жұмысын өсіру, төмендету, жүмыстан шығару, бір қызметтен басқа қызметке ауыстыру;
басқарушы кадрларды дайындау, келісім шартты тоқтату, басқарушы кадрларды дайындаудың бағдарламасын жасау, басқарушы кадрлардың еңбек тиімділігін арттыру жеке мүмкіншіліктерін арттыруға бейімдеу;
еңбек қарым-қатынастарын жақсарту;
халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын басқару әдістері үш топтан тұрады:
әкімшілік;
экономикалық;
әлеуметтік – психологиялық.
Осы топтаулар арқылы еңбек ұжымына , не болмаса жеке жұмыскерге әсер ету әдістері анықталады.
Кәсіпорындарға кадрларды басқаратын негізгі бөлімше – кадр бөлімі. Олар жұмысқа алу, жұмыстан шығару, жұмысшыларды оқыту ды ұйымдастыруды, іс қағаздарын дайында және т.б көптеген функцияларды атқарады.
Еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдап және олардың қызметін әрі қарай өсірудің негізгі талаптары:
жоғарғы кәсіпкерлік квалификация және оқытуға бейімділік;
араласу тәжірибесі мен бірге жұмыс жасауға дайындығы;
Кадрларды жұмысқа қабылдаудағы маңызды құжат- еңбек келісімі немесе контракт.
Еңбек келісімі- жұмысқа алушы мен жұмысқа кіру адамның арасындағы келісім шарт .онда –жұмысқа кірушінің еңбек функциясы, жұмыс орны қызметтік міндеттемелер, еңбекақысының көлемі, жұмысқа кірген уақыты, мерзімі көрсетіледі.
Кәсіпорында жұмыс жасайтын барлық жұмыскерлер 2 категорияға бөлінеді:
-өнеркәсіптік-өндірістік персонал (өндіріс процесінде еңбек етушілер);
-кәсіпорынға қарайтын бейөнеркәсіп жұмысшылар (тұрғын үй шаруашылығының,балабақшалардың, емдеу ұйымдарының және т.б. қызметкерлері).
Сонымен қатар жұмыскерлер – инженерлік – техникалық мамандар (ИТМ)қызметкерлер және жұмысшылар болып бөлінеді.
Инженерлік – техникалық мамандар өндіріс процесін ұйымдастырып, оны басқарумен айналысады,
Қызметкерлерге- қаржы есеп, жабдықтау, сату және т.б. функцияларды атқарушы жұмыскерлер жатады.
Жұмысшылар- материалдық өнімдер шығарушы немесе өндірістік және тасымалдау қызметін атқарушы кәсіпорын қызметкерлері .
Олар-негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі жұмысшылардың коеффициенттік саны былай анықталады:
Кн.ж=1-Жк.ж/Жб.ж
Жк.ж-кәсіпорындағы,цехтағы, участкелердегі көмекші жұмысшылардың орташа саны,адам ;
Жб.ж-кәсіпорындағы ехтағы, участкерлердегі барлық жұмысшылардың орташа саны, адам.
Еңбек ұжымы жұмыскерлердің жалпы санына қарай кәсіпкерлік біліктілігіне сай әрқашанда өзгерісте болады:біреулер жұмысқа кіріп жатсада біреулер шығып жатады.Мұндай өзгерістер кадрлер ағымдылығы деп аталады.
Кәсіпорындағы кадрлар жағдайы мына коеффициенттер арқылы анықталады:
Жұмысшылардың шығып кету коеффициенті(пайыз):
КШ.К=ЖЖ.Ш/Ж * 100%, мұндағы
ЖЖ.Ш – жұмыстан әртүрлі себептермен шығып кеткен жұмысшылардың саны (берілген уақыт аралығында). Адам;
Ж-жұмысшылардың орташа саны , адам.
2. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау коеффициенті(пайыз):
КЖ.К=(ЖЖ.К/Ж) *100%, Мұндағы
ЖЖ.К - белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабылданған жұмысшылардың орташа саны, адам.
3. Кадрлардың тұрақтылық коеффициенті
КТ=1-Ж1Ш.К / Ж+ЖҚ Мұндағы
Ж1Ш.К- кәсіпорыннан өз еркімен, болмаса еңбек тәртібін;бұзғаны үшін шығып кеткен жұмысшылардың саны .
4. Кадрлардың ағымдылық коеффициенті (пайыз):
Ка=(ЖШ.К/ Ж) 100%
Кәсіпорындарда еңбек процнсін дұрыс ұйымдастыру үшін, қандайда бір жұмысты орындау үшін, қанша еңбек көлемі керек екендігін білу үшін еңбек нормасын анықтап алу қажет.
Еңбекті нормалау-белгілі бір кәсіпорында, өндіріс саласында белгілі бір жұмысты немесе операцияны орындауға кеткен ең жоғарғы уақыт мөлшерін анықтау.
Еңбекті нормалаудың 2 әдісі бар:тәжірибелік – статитстикалық және талау.
Тәжірибелі – статистикалық әдіс бойынша кәсіпорын іс жағдайы еткен уақыттың жағдайымен салыстырылады.
Талдау әдісін көбірек қолданыладыжәне оған мынадай операциялар жатады:
-еңбек процесін зерттеп, оларды элементтерге бөлу;
-еңбек шығындарына әсер ететін факторлады анықтау;
-жұмыс орнын жақсартатын шаралар жүргізу;
-жұмысты орындауға кеткен уақытты есептеу;
-нормаларды өндіріске енгізу.
Талдау әдісі – хронометраждан, жұмыс күнін суретке түсіруден тұрады.
Хронометраж-өндіріс процесіндегі және операциялардың ұзақтығын айқындау және бақылау, өлшеу арқылы уақыт шығындарын есептеу әдісі. Негізгі кезеңдері.
-бақылауға дайындау;
-бақылау;
-бақылаудың нәтижелерін талдау, әрбір операияның ұзақтығын тексеру оларды нормативтермен салыстыру;
-қорытынды шығару.
Жұмыс күнін суретке түсіру-белгілі бір уақыт аралығында жұмыс уақытын бақылап, ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орнын дайындау уақыты, жұмысты бастау және аяқтау уақыты, үзіліс уақытын өлшеу.Жұмыс күнін суретке түсірудің қорытындылары уақыт шығынын азайтуға, өндіріс озаттарының жұмысын зерттеуге құрал жабдықтардың қызмет ету нормасы мен анықтауға, жұмыс орнына қызмет ету және дайындау, аяқтау уақытын демалыс уақытын нормалауға жағдай жасайды. Кезеңдері:
-бақылауға дайындау-жұмысшымен және оны жұмыс орнымен таныстыру, жұмыс орындау жағдайымен, және элементтерімен таныстыру;
-бақылау –барлық уақыт шығындарын бақылап, жазып отыру;
-бақылау қорытындыларын талдау-уақыт шығындарын топтау, еңбек уақытының балансын құру, жұмысшылардың категориясына байланысты уақыт шығынын талдау;
-қорытынды шаралар –жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды жақсартудың шараларын жасау,жұмыс уақытының нормативтік балансын жобалау, еңбек қнімділігін арттыру жолдарын қарастыру .
Хронометраж – бұл жұмыс күні суретке түсіру арқылы уақыт нормасын анықтаймыз.
Уақыт нормасы – белгілі бір ұйымдық техникалық жағдайда шығарылатын өнімінң бір өлшеін дайындауға жұмсалатын уақыт шығыны.
Уақыт нормасының құрамына келесі элементтер кіреді.
Тн=Тн+Тк+Тк ету +Тд.а. +Тү +Тдем.
Мұндағы : Тн-негізгі уақыт;
Тк- көмекші уақыт;
Тк ету-жұмыс орнына қызмет ету уақыты;
Тд.а- дайындау және аяқтау уақыты;
Тдем –демалыс уақыты;
Тү – технологияларға және өндіріс процесін, ұйымдастыруға байланысты болатын үзілістер уақыты.
Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылу еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.
Еңбек өнімділігі- өндіріс процесінде еңбектің тиімділігі өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшеріне немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілгегн өнім көлемімен өлшенеді.
Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады:
-белгілі еңбек бірлігінде өнім шығарумен (тура көрсеткіш)
-еңбек сыйымдылығымен (кері көрсеткіш)
в=В/Т
t=Т/В
мұндағы: в-белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім;
t-еңбек сыйымдылығы;
В- шығарылған өнім көлемі;
Т- өнім шығаруға кеткен нақты еңбек шығындары.
Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші - өнім шығару көрсеткіші.
Өнім шығаруды белгілеуге әртүрлі өлшем бірлікте қолданылады.
Табиғи өлшем бірліктері- тонна, метр, дана, дара, және т.б.
Нормаланған жұмыс уақыты қолданылған кезде өнім шығару норма/сағат бойынша алынады.
Кәсіпорындарда әрқашан да еңбек өнімділігін арттырудың ұйымдық – техникалық шаралары қарастырылып отырылады.
1.Өндірістің техникалықдеңгейін жоғарылату:
-өндірісті механикаландыру және автоматтандыру;
-құрал жабдықтардың жаңа түрін қолдану;
-жаңа технологиялық процестерді қолдану;
-өнімнің конструкциялық қасиеттерін жақсарту;
-шикізаттың және жаңа конструкциялық материалдың сапасын арттыру.
2.Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;
-қызмет ету көлемін және нормаларын ұлғайту;
-нормаларды орындамайтын жұмысшылардың санын азайту;
-есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру;
-өндірісті мамандырудың деңгейін арттыру;
-басқару құрылымын жақсарту;
3. Өндірістегі құрылымдық өзгерістер
-өнімнің жеке түрлерінің көлемі деңгейін өзгерту;
-өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын өзгерту;
-жартылай дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектердің көлемін өзгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |