Сабақтың мақсаты – құрылыс кәсіпорында материалды-техникалық қамсыздандыру процесін ашып көрсету
1 Нарық жағдайында құрылысты материалды - техникалық қамтамассыз-дандыру. Материалды- техникалық ресурстарды жеткізуді үйымдастыру.
2 Материалды-техникалық ресурстармен қамтамассыз етудің формасы мен тәсілдері және оның тиімділігі.
3 Құрылыстағы материалды - техникалық қамтамассыз етуді ұйымдастыру жүйесіндегі логистика. Құрылыс кешендегі логистикалық жүйелерді қалыптастырудың тиімділігі.
Нарық жағдайында құрылысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі өнеркәсіптің және құрылыс индустриясының кәсіпорындарының, көлік және энергетикалық ұйымдарының, ғылыми-зерттеу, жобалау, оқу орындарының және басқа мекемелердің, шаруашылықтардың желісіне бағдарланған. Жүйе құрылыс кешенін қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге арналған.
Тауар нарығында құрылыс материалдарын жағдайын тұтас бағалай отырып, заңды түрдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінің жеткілікті еркінділігімен сипатталатын жағдайда жұмыс істейтінін белгілеуге болады: олар басқару және мемлекеттік билік құрылымдарына қатынасы бойынша қажетті шаруашылық жүргізу дербестігіне ие, барлық ресурстарға қатынауға болады, сауда-сатып алу және шаруашылық операцияларын жасау кезінде контрагенттерді таңдауда еркін, түскен табысты дербес қолданады (өздерінің мүдделеріне байланысты), өз қызметін таңдау бағыттарын таңдайды, максимум пайда алуды мақсат етеді. Қолдағы бар өндірістік қуаттар мен құрылыс материалдарын өндіру көлемі осы нарықтағы сұранысты қанағаттандырады. Құрылыс саласы үшін материалдық ресурстар тапшылығының проблемасы жаңа шаруашылық жүргізу жүйесіне ауысуға байланысты өткен кезеңде қалды.
Құрылыстың материалдық-техникалық ресурстары бөлінеді:
1. өндірістік
2. өндірістік емес
3. табиғи
Құрылыс ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсаттары:
- құрылыс өндірісін талап етілген сападағы және сандағы қажетті ресурс түрлерімен дер кезінде қамтамасыз ету;
- ресурстарды пайдалануды жақсарту: еңбек өнімділігін арттыру, қор бөлуді арттыру, құрылыс процесінің ырғақтылығын қамтамасыз ету, айналымдағы қаражаттың айналымын қысқарту, екінші реттік ресурстарды толық пайдалану, инвестициялар мен басқа көрсеткіштер тиімділігін арттыру;
- құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін және өз ұйымындағы және бәсекелес басқа ұйымдардағы құрылыс-құрастыру жұмыстарының (көрсетілетін қызметтердің) сапасын талдау, шығарылатын өнімдердің – ғимараттар мен үймереттердің (көрсетілетін қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Құрылыс ұйымдарында аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі жұмыстарды тұрақты орындау қажет:
1.Құрылыс материалдарын, конструкцияларын, бұйымдарын, жартылай дайын өнімдерді және т.б. (көрсетілетін қызметтер) жеткізушілер нарығын маркетингтік зерттеулер жүргізу. Жеткізушілерді таңдауды келесі талаптарға байланысты жүзеге асыру ұсынылады: жеткізушілерде лицензияның болуы және осы сала бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесінің болуы, өндірісті жоғары ұйымдастыру-техникалық деңгейі, сенімділік және жұмыстан түсетін пайда, шығарылатын құрылыс материалдарыныңжәне т.б. бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету;
2. Нақты материалдық-техникалық ресурстарға деген қажеттілік.
3. Материалдық-техникалық ресурстар шығындарының нормасы мен нормативін азайту бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу.
4. Құрылыс өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету арналары мен түрлерін іздеу.
5. Материалдық баланстарды әзірлеу.
6. Құрылыс өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау
7. Құрылыс материалдарымен, конструкциялармен, бұйымдармен, жартылай дайын өнімдермен және жұмыс орындарын бақса материалдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
8. Материалдық-техникалық ресурстарды пайдалануды есепке алу және бақылау.
9. Құрылыс өндірісінің қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуді ұйымдастыру.
10. Материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау.
11. Материалдық-техникалық ресурстарды пайдалануды жақсарту бойынша жұмыстарды ынталандыру.
Құрылыс өндірісінің қызмет көрсетуінің барлық ұйымдастыру мәселелерін жүйелі және кешенді түрде қарастыру ұсынылады, өйткені құрылыс алаңына келіп түскен конструкциялардың, бұйымдардың және басқа материалдардың, энергетикалық ресурстардың, технологиялық жабдықтардың және т.б. сапасы шығарылатын өнімдер – ғимараттар мен үймереттердің (қызметтердің) бәсекеге қабілеттігіне байланысты.
Құрылыс өндірісіне қызмет көрсету ұйымдары енгізеді: материалдық-техникалық қамтамасыз ету, энергетикалық, жөндеу, көлік және қойма шаруашылығы, сапаны бақылау.
Осы процестің негізгі міндеттеріне жатқызуға болады: S осы құрылыс жүйесін материалдық-техникалық ресурстармен мен менеджмент жүйесінде қамтамасыз етуді анықтау;
- қарастырылатын құрылыс өндірісі қызметінің мақсаттарын анықтау;
- мақсаттарды орындау бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды қалыптастыру; S материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету қызметінің құрылымын және оның функцияларын әзірлеу;
- құрылған қызметтің қызмет көрсеткіштері мен факторларын анықтау;
- менеджменттің прогресшіл тәсілдерін қолдана отырып, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету қызметінің стратегиялық тактикалық және жедел жұмыс жоспарын әзірлеу мен іске асыру;
- жоспарды орындауды бақылау мен уәждендіруді қамтамасыз ету; -осы қызметтің жұмыс тиімділігін талдау. Құрылыс кешенінде қазіргі заманғы жағдайда ресурстармен қамтамасыз етудің келесі түрлері (әдістері) таралған:
- тауар-шикізат биржасы арқылы; -тікелей байланыстар; -аукциондар, конкурстар; -демеушілік;
- меншікті өндіріс және т.б.
Құрылыс ұйымдарын (фирмаларын) материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудің нақты түрін (әдісін) олардың ерекшеліктеріне, оларды алу ұзақтығына, ұсыныстар санына, сондай-ақ сапасына, бағасына және басқа факторларға байланысты таңдайды. Құрылыс өндірісін ресурстармен қамтамасыз ету түрлерін анықтау кезінде жеткізушіге деген сенімділік пен шығарылатын құрылыс конструкцияларының, бұйымдардың және басқа материалдардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін белгілеу керек. Жеткізушілермен келісім-шарт жасасқан соң ондағы сандық және сапалы көрсеткіштерді, жеткізудің нақты түрлерін, мерзімін, санкцияларды және басқа талаптарды көрсету қажеттілігі туралы есте сақтау керек.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету тікелей немесе делдал арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында келісім-шарттар мен ұйымдастырушылық байланыстар негізінде өндіріс құралдарын тарату түрі болып табылады. Ол маңызды шамада құрылыс өндірісінің нәтижелігін қайта анықтайды, өндірістік қорларды пайдалануға, құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің ырғақтылығына, өзіндік құнына, еңбек өнімділігіне, құрылыстың ұзақтығына және басқа көрсеткіштерге тікелей әсер етеді.
Құрылыс өнімдерінің өзіндік құнының артуымен, табыстың өсуімен, сондай-ақ бәсекелестік деңгейімен салыстырғанда жалпы шығындардың ұлғаймалы өсуі құрылыс кешеніне логистикалық жүйені енгізу бойынша жұмыстар өзектілігін растайды.
Құрылыс кешені мердігер және мамандандырылған құрылыс кәсіпорындарының, құрылыс материалдары мен құрылыс индустриясы өнеркәсібі, механизация және көлік кәсіпорындарының, жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, құрылыс саласында маманданатын оқу орындарының, құрылыс биржаларының, инжинирингтік, консалтингтік, басқарушылық фирмаларының(меншік нысаны мен ведомствалық тиесілігіне қарамастан), салалық басқару органдарының, (федералдық, республикалық және муниципалдық), сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың (одақтар, қауымдастықтар және т.б.) жиынтығы болып табылады.
Бұл ұйымдарда құрылыс кешені кәсіпорындарының тұтынушылардың (тапсырысшылардың) тапсырыстарын орындау жөніндегі өздерінің функцияларын жүзеге асырумен байланысты еңбек, материалдық, қаржылық және ақпараттық ресурстарының шығындарынан тұратын өздерінің логистикалық шығындары болады.
Логистикалық шығындарды талдау мен жоспарлау кезінде құрылыс кешенінің кәсіпорындары логистикалық жүйелердің жұмыс істеуі тиімділігінің келесі негізгі көрсеткіштерін пайдалануы мүмкін:
- логистикалық шығындарды бағалау кезінде қолданылатын шығындардың абсолютті сомасы және шығындардың жекелеген баптары мен элементтері бойынша олардың шамалары;
-логистикалық шығындар сомасының сату көлеміне қатынасы ретінде процентпен алғанда есептелген жалпы көлемі мен жекелеген баптары бойынша логистикалық шығындардың деңгейі;
- үнемділігі – ең аз шығындар кезінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу (минимизация қағидаты) немесе шығындардың берілген көлемі кезінде нәтижені қамтамасыз ету (максимизация қағидаты);
- есептік (жоспарлы) кезеңнің сату көлемінің немесе пайдасының осы кезеңдегі логистикалық шығындарға қатынасы ретінде есептелген тұтынылған ресурстарды пайдалану тиімділігі;
- функционалдық салалар бойынша логистикалық шығындар деңгейін сипаттайтын шығын сыйымдылығы.
Логистикалық шығындар құрылыс кешені кәсіпорындарын басқару құралы ретінде танылады. Логистикалық шығын.дар құрамын анықтау экономикалық негізделген басқарушылық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік туғызады. Қарастырылатын шығындар деңгейі кәсіпорынның экономикалық жағдайын, оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайды.
Жалпы шығындарға бақылау жасаудың тиімді құралдарының бірі болып барлық ресурстарды нәтижеге қол жеткізуге толық шоғырландыру табылады. Бұл ретте жалпы шығындардың абсолютті деңгейі маңызды емес, маңыздысы жұмсалған күш пен алынған нәтижелер арасындағы қатынас маңызды. Тіпті күшті жүйелі бағыттау мен нәтижелерге қол жеткізу кезінде де шығындарды талдау мен оларды бақылау қажет.
Логистикалық жүйелердің жұмыс істеуінің тиімділігін бағалаудың маңызды көрсеткіші болып онда барлық логистикалық қызметтің нәтижелері көрінетін табыс табылады.
Логистикалық шығындар логистикалық жүйенің жұмыс істеу тиімділігінің сапалық көрсеткіші болып табылады. Логистикалық қызмет көрсету сапасының деңгейі тұтынушылардың тапсырыстарына қызмет көрсету кезінде шығындарды минимизациялаумен тікелей байланысты.
Лекция 13 Құрылыстағы пайда мен рентабельділік.
Достарыңызбен бөлісу: |