Дістемелік кешені


Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорының негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар



бет41/72
Дата17.06.2023
өлшемі7.87 Mb.
#475169
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
umkd - str-22-31

Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорының негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:
 ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;
 өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
 арзан конструкциялық материалды қолдану;
 шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану және т.б.
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету. Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады. Меншікті айналым қаражат – кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажетерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.
Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі.
Айналым қорларының көздеріне пайда, несие, жарғы қоры, бюджеттік қорлар, кредиторлық берешек т.б. жатады.


3. Айналым құралының нормалануы(мөлшерленуi) кәсiпорынның қалыпты жұмысын ұйымдастыру үшiн қажет айналым құралының экономикалық негiзделген шамасын дайындау процесi. Айналым құралын нормалау iшкi резервтердi анықтауға, өндiрiстiк цикл ұзақтығын қысқарту, дайын өнiмдi тезiрек өткiзуге ықпал етедi. Айналым құралына қажеттiлiктi анықтау тәсiлi бойынша олар нормаланатын және нормаланбайтын айналым құралдары болып бөлiнедi. Нормаланатын айналым құралдары:өндiрiстiк запас, аяқталмаған өндiрiс және өздерi жасаған жартылай фабрикаттар, болашақ кезең шығындары, қоймадағы дайын өнiм. Ал жолдағы, тиелген тауарлар, ақша қаражаты, дебиторлық қарыз нормаланбайтын айналым құралдары.
Айналым құралын нормалауда айналым құралдарының нормасы мен нормативтерi қолданылады. Айналым құралдарының нормасы тауар-материалдық құндылықтың ең төмен (минималды) қорын(запасын) сипаттайды және запас күнмен, запас деталь нормасымен, өнiм бiрлiгiндегi теңгемен есептеледi.
Айналым құралдарының нормативтерi натуралды және ақшалай мәнiнде есептеледi.
Айналым құралына қажеттiлiк ақшалай мәнiнде мына формула бойынша есептеледi:
ННб tз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет