Сату рентабельділігі = есеп беру кезеңіндегі пайда/ өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100%
|
(6)
|
Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін сипаттайды.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Негізгі капиталдың рентабельділігі = есеп беру кезеңіндегі пайда/ негізгі капитал х 100%
|
(8)
|
Негізгі капиталдың рентабельдігі кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру кездерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:
- активтердің айналымдылыгы (сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100%) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды;
- негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;
- айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;
- материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.
Өтімділік көрсеткіштері:
- Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі пайда.
- Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша каражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.
- Жабу коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер), Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.
- Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу
коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден өндіріс запастары алынып тасталады.
- Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндетгемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
- Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін керсетеді.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы - ұзақ мерзімді жоспарлардағы оның іс-әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты. Қаржылық тұрақтылық ұзак мерзімді жоспарларда, меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен сипатталады.
Көрсеткіштері:
- Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік капиталы / активтер). Кәсіпорын жұмысына қажетті қаражаттардың жалпы көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін керсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз.
- Қаржылық тәуелділік коэффициенті (активтер / меншік капиталы) - меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффициент. Бұл көрсеткіштің динамикада өсуі, кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз қаражаттары үлесінің көбейгенін көрсетеді. Егер оның маңызы бірге дейін төмендесе (немесе 100 %), онда ол, кәсіпорын иелерінің өз кәсіпорынын толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді.
Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік айналым қаражаттары / меншіктік капитал.
Меншіктік капиталдың қай бөлігі, ағымдық іс-әрекеттерді қаржыландыруға жұмсалатынын көрсетеді.
- Ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті (ұзақ мерзімді міндеттемелер / негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер). Бұл коэффициент, негізгі қаражаттар мен басқа да айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы қаржыландырылғандығын көрсетеді, яғни кәсіпорын иелеріне емес, сыртқы инвесторларға тиесілі.
- Меншіктік және тартылган қаражаттардың арақатынас коэффициепттері ( тартылған капитал / меншіктік капитал). Бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағаламасын көрсетеді. Оның 0,155-ке тең белгісі, кәсіпорынның активтеріне кіргізілген, меншік қаражаттарының 1 теңгесіне 15,5 тиын қарыздық қаражаттар келетіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |