Сабақтың мақсаты - Кәсіпорын табысының мәні, өндіріс рентабельділігін арттыруды анықтау.
1 Құрылыстағы кәсіпорынның табысы.
2 Құрылыстағы пайда түрлері. Пайданы бөлу.
3 Құрылыстағы рентабельділік
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселеі жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылыкты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
• табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын
зерттеу;
табыстың өсу резервтерін анықтау;
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі кэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, кызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырынатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатын алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді. Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатын алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болат жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықттың екінші абсолют көрсеткіші жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржынық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестңғ олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындрдан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қтынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті ол өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша – оның шамасын пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға, т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.
Нарық жағдайында әрбір шаруашылықпен айналысатын субъект өз алдына дара тауар өндіруші болып саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады, шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, таурды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқындайды. Өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады. Қоғамға теңгелік балама қажет емес, оған нақты тауарлы-материалды құндылықтар қажет. Егер өндірілген өнім өткен болса, онда оны қоғам қабылдады деген сөз. Өндірілген және өткен тауар үшін алынған табыс пайданың табылғандығын көрсетпейді. Қаржылық нәтижені анықтау үшін тауарды сатқаннан түскен табысты өндіріске және сатуға кетке шығындармен салыстыру қажет, егер табыс кеткен шығындардан көп болса, онда қаржылық нәтижесі пайда алынғанын көрсетеді. Егер табыспен шығындар тең болса, онда пайданың болмағаны, соның себебінен шаруашылық субъект өндірісті дамыту үшін қражаты жоқ деген сөз. Егер шығындар табыстн асып түссе, шаруашылықпен айналысатын субъект залал шеккенін білдіреді, осының әсерінен ол банкрот болуы да мүмкін. Бұл залалдар өндірісті ұйымдастыруға, басқаруда және өнімді өткізуде кеткен қателіктерді айқын көрсетеді. Пайда қаржылық нәтиженің оң шамасын білдіреді. Пайданы алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өндірістің көлемін көбейтуге, шығындарды азайтуға итермелейді. Бұл жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатын іске асырып қана қоймай, қоғамның да қажеттілігін қамтамасыз етеді. Пайда қай жерде құнның өсуіне мол мүмкіндік бар екенін көрсетіп қана қоймай, бұл салаға инвестицияны жұмсауды ынталандырады. Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіреді. Ол қайта жаңғырту циклінің барлық стысында өндіріледі, алайда өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторлар әсер етеді.
Маржиналды табысты талдау
Нарықтық экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйындастыруды қайта қарауды жөне оның прогрессивті әдістерін өндіруді талап етеді. Осы мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг" жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық қауымдастығының бюллетенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған американдық зерттеуші И.Н.Гаррисгің мақаласында айтылған. Директ-костиингті нақты енгізу АҚШ-та 1953 жылы іске асты, сол кезде бухгалтерлердің Ұлттық қауымдастығы осы әдістің сипатамасын жариялады. Ұлыбританияда бұл әдіс "маржиналь-кост", ал Францияда - "маржиналдық бухгалтерия" деп аталады", - деп жазған В.И.Ткач және М.В.Ткач. Директ-костинг жүйесінің негізінде "Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу - директ-костинг жүйесінің бірінші ерекше белгісі", - деп біздің ғалым, профессор С.С.Сатыбалдин тұжырымдайды.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологияяық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдыктарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.
Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады. "Тұрақты шығындар кезеңдік шығындар болып есептеледі және бұйымдар арасында бөлінбейді, олар тура нәтижелерге жатқызылады".
Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтілген бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі, несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, негізгі құралдарға есептелген амортизация, кәсіпорын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа да шығындар.
Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі. Оларға кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салымын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қарағанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басгы резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің жұмыс көлемін ұлғайтады бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспарлау-өндірістік бөлімі және т.б.). Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойынша өнім шығару көлемінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар мен тауарларды сақтау бойынша шығындардың көбеюі жөне т.б.). Басқа бір жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқгы факторлардың салдарынан өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмайды. Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік құнды есептеу мақсатында жүргізіледі. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни "директ-костинг" жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды.
"Директ-костинг" жүйесі - бұл шығындарды олардың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабылдаудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі. "С.С.Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өндірістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бұл "директ-костинг" жүйесінің екінші ерекшелігі болып табылады. Бұл көзқараспен С.А.Николаева келіспейді, ол "бұл жүйе бойынша өндірістік есеп қаржылық есептен белек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" - деп санайды. С.С.Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойындаған және олардың интеграциясына негізделген "директ-костингтің" харрисовтық жүйесін дұрыс көрсетеді. Американдық оқулыкта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. "Оның мәні - деп жазады С.С.Сатыбалдин өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге келесі жолмен біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі... Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының көзқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр"
Жоғарыда айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып табылады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынның қаржы жағдайын тұрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Оның ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жұмысын, есеп және бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді: өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.
Бұл жүйе, тұрақты шығындардың көлемін жоспарлау мен нормалаудың негізделу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, себебі осы шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетіледі.
Бұдан басқа "директ-костинг" жүйесінде тұрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебі өзіндік құнды бақылау кезінде стандартты шығындар немесе икемді бюджеттер жиі қолданылады. "Директ-костинг" жүйесінде "стандарт-кост" жүйесін пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемді бюджеттер негізінде өндірістік қуаттың жұмысқа жүктелуінің әр түрлі деңгейлері үшін тұрақты шығындардың әр түрлі деңгейлерінің қойылуы жатыр.
"Директ-костинг" жүйесін пайдалану кезінде кәсіпорын әкімшілігі маржиналды табысты кәсіпорын бойынша да, жеке өнімдер бойынша да қолдануға басты назар аударады. Ол рентабелділігі жоғары өнімдерді жақсы анықтауға мүмқіндік береді, себебі сатылу бағасы мен айнымалы шығындардың сомасы арасындағы айырма тұрақты шығындарды өнімдер арасында нәтижесінде қозғалмайды. Ол сондай-ақ нарықтың өзгермелі жағдайларына жауап ретінде, өндірісті тез қайта бағыттауға мүмкіндік беретін ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді.
"Директ-костинг" жүйесі шығындарды талдау мен табыстарды үйлестірудің теориялық негізі болып табылады. Ол айнымалы және тұрақты шығындардың бөлек есебін, өзіндік құнды калькуляциялау, шығындар мен қаржы нәтижелерінің талдауын біріктіретін өндірістік және қаржы есебінің біріккен жүйесі. Сондықтан оны «өзіндік құнды басқару жүйесі» немесе "кәсіпорындарды басқару жүйесі" деп атайды. Қазіргі кезде, біздің елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы және бухгалтерлік есепті реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін, осы жүйені қолданудың мүмкіндігі және дұрыстығы туындады.
Осы жүйені пайдалану, талдаушының назарын тек айнымалы шығындарды ғана емес, сонымен бірге, сметалық есептеулерде келтірілген баптары шегінде вңдік шығындарды төмендету ресурстарын анықтау же сол арқылы кәсіпорынның негізгі қызметтен табысын арттыруға аударуға мүмкіндік береді.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы - пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің Інегізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |