Бақылау сұрақтары
1. Ұйымның қаржылық жағдайы немен сипатталады?
2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты мен міндеттері?
3. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау әдістері.
4. Баланстағы активтер мен пассивтердің топтастырылу белгілері.
5. Ұйымның қаржылық жағдайының жалпы бағалауын қалай жүргізуге болады?
6. Баланстың тік талдауы және оның мақсаты.
7. Өтімділік дәрежесі бойынша баланс активтерінің классификациясы.
8. Баланс пассивтерінің топтастырылуы.
9. Абсолюттік өтімділік балансының теңдеуі.
10. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын факторлар.
11. Ұйымның қаржылық тұрақтылығының түрлері.
12. Несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері.
13. Ұйымның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығы және оның диагностикасының әдістері.
14. Альтман коэффициенті.
15. Ұйым құнының бағалау әдістері.
Тест тапсырмалары:
1. Салыстырмалы аналитикалық балансты алады:
а) бастапқы баланстан жекелеген баптарды тығыздау жолымен, құрылымы мен динамикасын соның көрсеткіштерімен толықтыру;
б) шаруашылықаралық баланстарын салыстыру жолдары арқылы;
в) аналитикалық қаржылық коэффициенттерді есептеу жолдары арқылы.
2.Тік талдау көмегімен болады:
а) қаржылық есептілік құрамындағы құрылымдық өзгерістерді бақылауға;
б) бірнеше жыл үшін баланстың жекелеген баптарының өсу (кему) қарқынын бақылауға;
в) нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсерін анықтауға.
3.Аз өтімдіактивтергежатады:
а) жартылай фабрикаттар қорлары;
б) қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;
в) ақша қаражаттары.
4. Өтімді құралдар болып табылады:
а) жылдам және құн шығынынсыз ақша қаражаттарына айнала алатын активтер;
б) ұйымның дереу іске асырылуына жататын активтер;
в) меншікті айналым құралдары.
5. Өтімділік коэффициенттері:
а) есепті кезең ішінде ұйымның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін жабу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді;
б) ұйымдардың қаншалықты өзінің құралдарын тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді;
в) ұйым қызметінің қаншалықты табысты екендігін көрсетеді.
6. Қаржылық тәуелділік коэффициенті:
а) ұйым капиталының құрылымындағы меншік капиталының бөлігін сипаттайды;
б) ұйымның сыртқы қарыздарға тәуелділігін сипаттайды;
в) ұсынылған несие бойынша төленбеген пайыздардан кредиторлардың қорғану дәрежесін сипаттайды.
7. Ұйымның несие алуға және оны кайтаруға алғышарттарының болуы – бұл:
а) төлем қабілеттілігі;
б) несие қабілеттілігі;
в) қаржылық тұрақтылық.
8.Төлем қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері болып табылады:
а) абсолюттік өтімділік көрсеткіші;
б) мерзімді өтімділік көрсеткіші;
в) ағымдағы өтімділік коэффициенті;
г) жоғарыда аталғандардың барлығы.
9.Ұйымның қаржылық тұрақтылық көрсеткштеріне жатады:
а) абсолюттік өтімділік көрсеткіші;
б) мерзімді өтімділік көрсеткіші;
в) автономия коэффициенті;
г) меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы.
10.Автономия коэффициенті (қаржылық тәуелсіздік) сипатталады:
а) ұйымның меншік капиталының қай бөлігі айналым құралдарын қаражаттардыруға бағытталғанын;
б) ұйымға авансталған барлық құралдардың ішіндегі қарыз қаражаттарының үлесін;
в) ұйымға авансталған барлық құралдардың ішіндегі меншік капиталының үлесін;
г) айналым құралдарының қай бөлігі меншік капиталы есебінен қалыптасқанын.
11.Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жабу) сипаттайды:
а) қысқа мерзімді міндеттемелердің қай бөлігі қолдағы бар ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді салымдар есебінен дереу жабыла алатындығын;
б) айналым құралдарының қанша теңгесіне қысқа мерзімді міндеттемелердің теңгесі келетінін;
в) қысқа мерзімді міндеттемелердің қай бөлігі қолдағы бар ақша қаражаттары, қысқа мерзімді салымдар және есеп айырысу қаражаттары есебінен жабыла алатындығын;
г) айналым құралдарының қай бөлігі меншік капиталы есебінен қалыптасқанын.
12. Неғұрлым мерзімді міндеттемелер мыналарды қамтиды:
а) қатысушылары алдындағы қарыз бойынша табыстарды төлеу;
б) кредиторлық берешек;
в) қысқа мерзімді қарыз қаражаттары;
г) ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары.
13.Өтімділік талдауына негізгі ақпарат көздері болып табылады:
а) бухгалтерлік баланс;
б) пайда мен залалтуралыесеп;
в) капиал өзгерісі туралы есеп;
г) ақшақаражатыныңқозғалысытуралыесеп.
14. Егер ақша қаражаттары 144 мың тг, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар – 48 мың тг, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар – 120 мың тг тең болса, активтердің абсолютті өтімділік сомасын анықтаңыз:
а) 144 мыңтенге;
б) 192 мыңтенге;
в) 312 мыңтенге.
15.Бір акцияның баланстық құны көрсетеді:
а) бухгалтерлік есеп пен есептілік көрсеткіштерінің бір кәдімгі акцияға сәйкес келетін ұйым активтерінің таза құнын;
б) айналымдағы бір кәдімгі акцияға таза пайданың қай бөлігі тиесілі екендігін;
в) ұйымның таза пайдасының бір ақша қаражатына акционерлердің қанша ақша қаражаттарын төлеуге дайын екендігін.
Достарыңызбен бөлісу: |