Джаншанло Р. Е



бет57/73
Дата27.11.2023
өлшемі0.77 Mb.
#484563
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
annotation101972 2

Күшті жақтар (S)

Әлсіз жақтар (W)

• айрықша құзірет және тәжірибе
• бірегей ресурстарға қолжетімділік
• ғылыми әлеует
• патенттелген озық технологияның және заманға сай жабдықтардың болуы
ұтымды қаржылық ресурстар
• жұмыскерлердің жоғары біліктілігі
• шығарылатын өнімнің жоғары сапалылығы және қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болуы
• сауда маркасының танымалдығы
• тиімді баға саясаты т.с.с.

• өнім ассортиментінің (сұрыптамасының) тым аз болуы
• ұйымның нарықта беделі төмендігі
• қаржыландыру жеткіліксіздігі
• қызмет көрсетудің төмен деңгейде болуы
өнім берушілердің алыстығы
• ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы
• шығындардың бәсекеге қабілетсіз деңгейде болуы
• құрал-жабдықтардың ескіруі

Мүмкіндіктер (O)

Қатерлер (Т)

• бәсекелестердің орналасымының нашарлауы
• аймақтарда өнімге деген сұраныстың кұрт өсуі
• жаңа өндіріс технологияларының пайда болуы
• халық табысының артуы
бәсекелестіктің әлсіреуі
• өнім ассортиментінің (сұрыптамасының) кеңеюі т.с.с.

• заңнамалық реттеу тетіктерін қаталдандыру
• нарықта жаңа бәсекелестердің пайда болуы
• нарық өсуінің баяулауы
• тұтынушылар мұқтаждықтарының өзгеруі
• өнім берушілердің басқыншылық кредиттік саясатқа ауысуы
• кредиттеу көлемінің қысқаруы, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуі т.б.



3-кезең – ұйымның күшті және әлсіз жақтарының, мүмкіндіктері мен қатерлерінің нақты тізімін жасағаннан кейін алынған төрт тізімнен ең маңызды факторлар бөліп шығарылады да олардың өзара байланыстары анықталады. Бұл кезеңде ішкі және сыртқы факторларды салыстыру үшін SWOT жасалады (43-кесте).
43-кесте - SWOT-талдау матрицасы






Мүмкіндіктер
1.
2.
3.

Қатерлер
1.
2.
3.

Күшті жақтар
1.
2.
3.

S/O

S/T

Әлсіз жақтар
1.
2.
3.

W/O

W/T

Осындай конфронтациялық матрицаны жасау рәсімі экономикалық әдебиеттерде барынша толық талданған. Кейде мүмкіндіктер мен қатерлердің маңыздылығы мен оларды зерттеу қажеттілігін анықтау үшін, олардың матрицаларын жеке-жеке құрастыру ұсынылады. Кейбір талдаушылар оқиғаның туындау ықтималдығына, фактордың маңыздылығын күшейтуге немесе фактордың тұтынушылар үшін маңыздылығына қарай әрбір факторға сараптамалық жолмен белгілі бір салмақ белгілеу қолданылатын сандық бағалауды қолдануды ұсынады. Содан соң баға мен салмақты көбейту нәтижесінде алынатын коэффициент есептеп шығарылады.


Коэффициент фактордың қолданыстағы (бар) күшін оның туындау ықтималдығымен байланыстыру үшін қажет. Мысалы, таразыны бағалаудың 0 – 10 шамасындағы шкаласы қолданылады. «Негізгі бәсекелестің нарықтан шығуы (кетуі)» мүмкіндігі елеулі мүмкіндік деп танылған (10 бағасы), бірақ бәсекелестің кедейленуі ықтималдығы кем де кем болғандықтан (салмағы 0,01), бұл фактордың маңыздылығы да кем болып шығады (0,1).
Мамандардың көпшілігі сапаны талдауға баса назар аударып, соған сәйкес матрица өрістерінде мына төменде аталғандар белгіленеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет