II. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының түсуі
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Ақша қаражаттарының істен шығуы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Инвестициялық қызметтен түскен ақша ағыны
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
III. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы
|
Ақша қаражаттарының түсуі – барлығы,
|
462,71
|
-
|
-462,71
|
-
|
-100,00
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
- алынған қарыздар
|
462,71
|
-
|
-462,71
|
-
|
-100,00
|
Ақша қаражаттарының істен шығуы – барлығы,
|
329,68
|
40,67
|
-289,01
|
12,34
|
- 87,66
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
- қарыздарды өтеу
|
329,68
|
40,67
|
-289,01
|
12,34
|
- 87,66
|
Қаржылық қызметтен шыққан ақша ағыны
|
133,03
|
-40,67
|
-173,70
|
-30,57
|
-130,57
|
Таза ақша ағыны
|
139,06
|
1000,34
|
+861,28
|
719,36
|
619,36
|
Жыл соңындағы ақша қаражаттарының қалдығы
|
185,46
|
1185,80
|
+1000,34
|
639,38
|
539,38
|
32 кестеде көрсетілген деректердің негізінде, абсолюттік ауытқулар, өсу және өрлеу қарқындарын есептеу арқылы ақша ағындарының динамикасы зерттеледі, сондай-ақ, ақша ағындары өзгерісінің үрдістері айқындалады. Таза ақша ағынының өрлеу қарқыны активтердің өрлеу қарқыны мен өнімді өткізу көлемінің өрлеу қарқынымен салыстырылады. Мұндай талдау оң, теріс және таза ақша ағындарының құрылу көлемінің динамикасын жекелеген дереккөздер тұрғысынан қарастырып, зерттеуге мүмкіндік береді.
Талданып отырған кезең ішінде, оң ақша ағындарының абсолюттік мәнінің өсу үрдісі байқалды. 2012 жылы ол 8869,46 млн теңгені құраса, ал 2013 жылы – 10827,69 млн теңгені құрады, яғни өсу қарқыны 22,08%-ды құрады. Теріс ақша ағындарының өзгеру қарқынында (қаражаттың кетуі) да өсу үрдісі сақталып тұр. (2012 жылы – 8730,40 млн теңге, 2013 жылы – 9827,35 млн теңге). Алайда оның өрлеу қарқыны оң ағынға қарағанда сәл азырақ. Бұл факт мекеменің ақша қаражаттарының сомасын 2011 жыл кезең басындағы 185,46 млн теңгеден, кезең аяғында 1185,69 млн теңгеге дейін өсіруге мүмкіндік берді.
2013 жылы қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде, №5 мекеме ақша қаражаттарының түсуі жағынан да, кетуі жағынан да ақша жиыны көлемін айтарлықтай арттырды. Бұл жағдайға оң баға беруге болады, себебі ол өнімді өткізу мен өндіріс көлемінің өсу нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайдың жағымды тұсы – ақша қаражаттарының кетуінен гөрі, олардың түсуінің артуы, бұл 1000,34 млн теңге таза ақшалай ағын көлеміндегі оң нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етті. 2013 жылғы оң ақша ағынының сомасы, 2012 жылға қарағанда 1958,23 млн теңгеге артты, өсу қарқыны 22,08%-ды құрады. Теріс ақша ағынының мәні 1096,95 (1385,96-289,01) млн теңгеге, немесе 12,56%-ға өсті.
Қызмет түрлері бойынша ақша ағындарының көрсеткіштерін қарастыра отырып, ақша жиынының көп бөлігін мекеменің операциялық қызметі қамтамасыз ететіндігін атап өткен жөн. Мұндай қызмет түрінен келіп түскен ақша қаражаттарының сомасы 2013 жылы 10827,69 млн теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 2420,94 млн теңгеге көп. Барлық ақшалай түсімдер жалпы көлемінде аталған көрсеткіштің үлесті салмағы 2013 жылы 100%-ды құрады.
Ақша қаражаттарының операциялық қызметке түсу және шығу деректерін салыстыра келе, 2012 жылы түсімнің шығыстан 6,03 млн теңгеге, 2013 жылы 1041,01 млн теңгеге өскені дәлелденіп отыр. Мұны жағымды фактор деп есептеуге болады, себебі, шын мәнінде инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақша қаражаттарының жеткіліктілік шартын операциялық қызмет қамтамасыз етуі керек.
Ақша қаражаттарының операциялық қызметтен шығысы 2012 жылға қарағанда, 2013 жылы 1385,96 млн теңгеге артты, өсу қарқыны 16,50%-ды құрады, бұл көрсеткіш ақша қаражаттарының қызметтің осы түрі бойынша өсімінің бірталай артуы есебінен өтелді. 2012 жылы таза ақша ағыны 139,06 млн теңгені құраса, ал 2013 жылы – 1000,34 млн теңгені құрап, 7,2 есеге артты.
Атап өтетін жайт, 2013 жылы операциялық қызмет шығысынан гөрі, ақша қаражаттары өсімінің артқанына қарамастан, №5 мекеме инвестициялық және қаржылық қызметтер операцияларын жүзеге асырмады.
Енді, сәйкесінше активтер, өнімді өндіру (өткізу) көлемін ақша ағынының өсу қарқынымен салыстыра отырып, мекеме активтерінің қарқынын, тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемін және таза ақша ағынын талдаймыз (33 кесте).
33 кесте – Активтер өсімінің, өнімді өткізу көлемінің және таза ақша ағынының қарқыны
Көрсеткіштер
|
Ақша ағындарының сомасы, млн теңге
|
Өзгеріс
(+, -)
|
Өрлеу қарқыны, %
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Мекеменің жиынтық активтері
|
11752,53
|
13008,97
|
+1256,44
|
110,69
|
Өнімді өткізуден түскен ақша
|
2844,53
|
7895,83
|
+5051,30
|
277,58
|
Таза ақша ағыны
|
139,06
|
1000,34
|
+861,28
|
719,36
|
Мекеменің қалыпты жұмыс істеуі үшін, және оның қаржылық орнықтылығы мен төлем жасауға қабілеттілігін арттыру үшін, өнімді өткізу көлемінің өрлеу қарқыны активтердің өрлеу қарқынынан жоғары болуы керек, ал таза ақша ағынының өрлеу қарқыны өнімді өткізу көлемінің өрлеу қарқынын басып озуы керек. 2013 жылы бұл қажеттілік толығымен орындалды. Таза ақша ағынының өрлеу қарқыны өнімді өткізудің өрлеу қарқынынан 2,6 есеге артық болғандығы, төлем жасау қабілеттілігіне оң әсер береді.
Табыс пен шығыс туралы есептің және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің сатылас талдауының нәтижесінде, біз табыстар мен шығыстардың жалпы сомасында қандай да бір кірістер мен шығыстар қандай үлес салмағын алатындығы туралы түсінік ала аламыз, осылайша олардың мекеме қызметіне қаншалықты деңгейде әсер ететінін жорамалдауға мүмкіндік аламыз. Бұл талдаудың барысында, жалпы ақша ағынының құрамынан мекеменің операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінен ақша ағындарының шығысы бөліп шығарылады. Сатылас талдаудың нәтижелері де әдетте графикалық түрде безендіріледі.
Ақша ағындарын басқару жүйесінде сатылас талдаудың келесі түрлері кеңінен тараған:
• шаруашылық қызметтерінің түрлері бойынша (операциялық, инвестициялық және қаржылық) мекеменің ақша ағындарын құрылымдық талдау. Бұл талдаудың көмегімен, кіріс, шығыс және таза ақша ағынының қалыптасуындағы әр қызмет түрінің үлесін айқындауға болады. Ақша қаражаттарының қолданылуы және түсуінің жекелеген көздері бойынша ақша ағынының құрылымын зерттеу, жалпы мекемедегі ақша ағынының қалыптасуындағы олардың әрқайсысының үлесін анықтауға мүмкіндік береді;
• мекеменің ішкі бөлімшелері («жауапты орталықтар») бойынша ақша ағындарын құрылымдық талдау. Бұл талдаудың нәтижелері мекеменің ақша ағындарының қалыптасу эффективтілігін әрі қарай тереңдетіп, салыстырмалы және факторлық түрде талдауға негіз болады.
• оң (теріс) ақша ағындарын, оның қалыптасуының жекелеген элементтері бойынша құрылымдық талдау. Мұндай талдау мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің өзгешеліктерін есепке ала отырып, оның оң және теріс ақша ағындарының қалыптасуындағы негізгі құрамдас элементтерін айқындауға мүмкіндік береді.
Сатылас талдауды жүргізу барысында, бүтін бөлік 100%-ға теңестіріліп, әрбір құрамдас бөліктің үлес салмағы есептеледі. Бүтін бөліктер дегеніміз – баланс, кіріс және шығыс туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің қорытындылары.
Қызмет түрлері (операциялық, инвестициялық, қаржылық) бойынша ақша ағындарының құрамы мен құрылымын талдауды №6 мекеменің үлгісімен жүргіземіз. Ол үшін 3 форма «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (тура әдіс)» негізінде құрылған 34 кестені қолданамыз.
34 кесте – Қызмет түрлері бойынша ақша ағындарының сатылас талдауы
Көрсеткіштер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Өзгерістер (+, -)
|
мың теңге
|
%
|
мың теңге
|
%
|
мың теңге
|
%
|
Жыл басындағы ақша қаражаттарының қалдығы
|
404
|
-
|
84
|
-
|
-320
|
-
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |