Пассивтер
|
|
|
|
1. Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
160
|
140
|
20
|
2. Төлем пайыздары
|
16
|
12
|
4
|
3. Салықтар
|
48
|
88
|
40
|
4. Қорытынды қысқа мерзімді міндеттемелер
|
224
|
240
|
16
|
5. Төлем облигациялары
|
256
|
360
|
104
|
6. Қорытынды ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
256
|
360
|
104
|
7. Қарапайым акциялар
|
320
|
380
|
60
|
8. Бөлінбеген пайда
|
352
|
448
|
96
|
9. Қорытынды капитал
|
672
|
828
|
156
|
Баланс
|
1152
|
1428
|
276
|
37 кесте – Қалыптамалық баланс
П ассив
Актив
|
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
Төлем пайыздары
|
Ағымдағы салық міндеттемелері
|
Төлем облигациялары
|
Қорытынды міндеттемелер
|
Қарапайым акциялар
|
Бөлінбеген пайда
|
Қорытынды капитал
|
Баланс
|
Ақша қаражаттары:
•кезең басында
•кезең соңында
|
-
-
|
-
-
|
48
68
|
-
-
|
48
68
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
48
68
|
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек:
•кезең басында
•кезең соңында
|
160
140
|
-
-
|
-
-
|
-
100
|
160
240
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
160
240
|
Қорлар:
•кезең басында
•кезең соңында
|
-
-
|
16
12
|
-
20
|
256
260
|
272
292
|
-
44
|
8
-
|
8
44
|
280
336
|
Келешек кезеңдердің шығыстары:
•кезең басында
•кезең соңында
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
24
|
16
-
|
16
24
|
16
24
|
Қорытынды қысқа мерзімді активтер:
•кезең басында
•кезең соңында
|
160
140
|
16
12
|
48
88
|
256
360
|
480
600
|
-
68
|
24
-
|
24
68
|
504
668
|
Негізгі қаражаттар:
•кезең басында
•кезең соңында
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
320
312
|
328
448
|
648
760
|
648
760
|
Қорытынды ұзақ мерзімді активтер:
•кезең басында
•кезең соңында
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
-
-
|
320
312
|
328
448
|
648
760
|
648
760
|
Баланс:
•кезең басында
•кезең соңында
|
160
140
|
16
12
|
48
88
|
256
360
|
480
600
|
320
380
|
352
448
|
672
828
|
1152
1428
|
38 кесте – Айырымдық (динамикалық) баланс
П ассив
Актив
|
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
|
Төлем пайыздары
|
Ағымдағы салық міндеттемелері
|
Төлем облигациялары
|
Қорытынды міндеттемелер
|
Қарапайым акциялар
|
Бөлінбеген пайда
|
Қорытынды капитал
|
Баланс
|
Ақша қаражаттары
|
-
|
-
|
20
|
-
|
20
|
-
|
-
|
-
|
20
|
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
|
-20
|
-
|
-
|
100
|
80
|
-
|
-
|
-
|
80
|
Қорлар
|
-
|
-4
|
20
|
4
|
20
|
44
|
-8
|
36
|
56
|
Келешек кезеңдердің шығысы
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
24
|
-16
|
8
|
8
|
Қорытынды қысқа мерзімді активтер
|
-20
|
-4
|
40
|
104
|
120
|
68
|
-24
|
44
|
164
|
Негізгі қаражаттар
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-8
|
120
|
112
|
112
|
Қорытынды ұзақ мерзімді активтер
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-8
|
120
|
112
|
112
|
Баланс
|
-20
|
-4
|
40
|
104
|
120
|
60
|
96
|
156
|
276
|
5.4. Ақша ағындарының коэффициенттік талдауы
Коэффициенттік талдау – ақша ағындарын талдаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол қаржы коэффициенттерін өзара есептеу тәсіліне негізделеді.
Қаржы коэффициенті дегеніміз – теңгерімнің жекелеген баптары мен олардың комбинациясының қатынасы ретінде есептеп шығарылатын салыстырмалы көрсеткіш. Әлбетте, коэффициенттік талдаудың ақпарат қоры болып бухгалтерлік теңгерім қызмет атқарады (1 форма).
Әдетте, экономикалық әдебиеттерде коэффициенттік талдау түсінігінің аясында қаржы есеп-қисабын қаржы көрсеткіштерінің (коэффициенттер) жиынтығы арқылы зерттеу және талдау ұғымы түсіндіріледі. Коэффициенттік талдауды тағайындау дегеніміз – мекеменің қаржылық жағдайы туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін бірнеше базалық көрсеткіштер бойынша мекемені сипаттау деген сөз.
Коэффициенттік талдауды жүргізу барысында ескеретін жайт, қалыпты мәндер немесе ұсынылатын мәндер батыстық компаниялардың қызметін талдау негізінде анықталған және олар қазақтандық жағдайларға бейімделмеген болатын.
Оның үстіне, коэффициенттерді салалық нормативтермен салыстыру әдістемесіне өте мұқият болған жөн. Дамыған елдерде негізгі пропорциялар ондаған жылдар бұрын қалыптасып, ондағы барлық өзгерістер үнемі бақыланып отыратын болса, Қазақстанда мекеменің активтер мен пассивтерінің нарықтық құрылымы әлі де қалыптасу үстінде, бақылау жұмыстары толық көлемде жүргізілмейді. Сондай-ақ, есеп-қисаптың бұрмалануы, есеп-қисапты құрастыру ережелеріне үнемі түзетулер енгізіліп отыратындығын есепке алатын болсақ, онда салалар бойынша жеткілікті түрде дәйекті, жаңа нормативтерді шығарудың қаншалықты қиын екендігін түсінуге болады.
Коэффициенттік талдаудың көмегімен деңгейлер мен олардың ақша ағындарын сипаттайтын әр түрлі салыстырмалы көрсеткіштердің жоспарлы және базистік мәндерінен ауытқуы зерттеледі, сонымен қатар мекеменің ақша ағындарының өтімділік және эффективтілік коэффициенттері есептеп шығарылады. Талдау жүйесінің осы түрін пайдалану барысында, ақша ағындарының жекелеген көрсеткіштері мен олардың мекеменің қаржылық жағдайының жалпы деңгейіне әсерін сипаттайтын әр түрлі салыстырмалы көрсеткіштер анықталады.
Коэффициенттік талдаудың маңызды тұсы – мекеменің ақша ағындарын басқару сапасын қамтып көрсететін оң және теріс үрдістерді анықтауға мүмкіндік беретін әр түрлі коэффициенттер қарқынын зерттеу, сондай-ақ, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруда басқарушылық шешімдерді оңтайландыру бойынша сәйкес түзетулерді енгізуге қажетті шараларды жетілдіру.
Қаржы коэффициенттерін қолдана отырып, ақша ағындарының талдауын жүргізейік (39 кесте).
39 кесте – Ақша ағындарын талдаудың коэффициенттік әдісіне қажетті есептеу деректері
Көрсеткіштер
|
Белгілер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Өзгеріс
(+, -)
|
Оң ақша ағыны, мың тенге
|
ДПп
|
21998
|
25597
|
+3599
|
Операциялық қызметтен түскен оң ақша ағыны, мың тенге
|
ДПп.од
|
19853
|
23486
|
+3633
|
Теріс ақша ағыны, мың тенге
|
ДПо
|
21996
|
20658
|
-1338
|
Операциялық қызметтен түскен теріс ақша ағыны, мың тенге
|
ДПо.од
|
20610
|
18884
|
-1726
|
Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тенге
|
В
|
10099
|
12568
|
+2469
|
Таза табыс, мың тенге
|
ЧП
|
626
|
148
|
-478
|
Негізгі қаржылардың өтелімі, мың тенге
|
АО
|
12882
|
47028
|
+34116
|
Дебиторлық берешектің өсуі (кемуі), мың тенге
|
ΔДЗ
|
201
|
37
|
-164
|
Қысқа мерзімді материалдық активтер қорының өсуі, мың тенге
|
ΔМЗ
|
180
|
466
|
+286
|
Кредиторлық берешектік өсуі, мың тенге
|
ΔКЗ
|
228
|
461
|
+233
|
Меншікті капиталдың орташа шамасы, мың тенге
|
СКср
|
10286
|
13226
|
+2940
|
Таза ақша ағыны, мың тенге
|
ЧДП
|
14117
|
48140
|
+34023
|
Ақша қаражаттарының сомасы, мың тенге
|
ДС
|
599
|
1309
|
+710
|
Ақша қаражаттарының орташа шамасы, мың тенге
|
ДСср
|
720
|
920
|
+200
|
Қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасы, мың тенге
|
КО
|
1085
|
1660
|
+575
|
Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының сомасы, мың тенге
|
КФИ
|
0
|
0
|
0
|
Қысқа мерзімді кредиторлық берешектің сомасы, мың тенге
|
КДЗ
|
217
|
350
|
+133
|
Ақша ағындарының өтімділігінің көрсеткіштері
|
Ақша ағынының өтімділік коэффициентінің
|
Кл.дп
|
1,00
|
1,24
|
+0,24
|
Абсолюттік төлем қабілеттілігі коэффициентінің
|
Кап
|
0,552
|
0,788
|
+0,236
|
Аралық төлем қабілеттілігі коэффициентінің
|
Кпп
|
0,752
|
0,999
|
+0,247
|
Ағымдағы төлем қабілеттілігі коэффициентінің
|
Ктп
|
0,963
|
1,244
|
+0,281
|
Ақша ағындарының эффективтілігінің көрсеткіштері
|
Ақша қаражаттарымен қамтылғандық коэффициенті
|
Кобес.дс
|
12,751
|
17,782
|
+5,031
|
Таза ақша ағыны жеткіліктілігінің коэффициенті
|
Кд.чдп
|
78,43
|
103,30
|
+24,87
|
Таза ақша ағынының эффективтілігінің коэффициенті
|
Кэ.чдп
|
0,642
|
2,330
|
+1,688
|
Оң ақша ағынының табыстылығының коэффициенті
|
Кр.дпп
|
0,028
|
0,006
|
-0,022
|
Теріс ақша ағынының табыстылығының коэффициенті
|
Кр.дпо
|
0,028
|
0,007
|
-0,021
|
Ақша қаражаттарының орташа шамасының табыстылығының коэффициенті
|
Кр.дсс
|
0,689
|
0,161
|
-0,519
|
Таза ақша ағынының табыстылығының коэффициенті
|
Кр.чдп
|
0,044
|
0,003
|
-0,041
|
Ақша қаражаттарының орташа шамасының айналымдылық коэффициенті
|
Кобор.дсс
|
14,03
|
13,66
|
-0,37
|
Қажетті коэффициенттерді есептеу үшін таза ақша ағынының көрсеткішін есептеп шығару керек:
2012 ж. ТАА = 626 + 12882 + 201 + 180 + 228 = 14117 мың тенге;
2013 ж. ТАА = 148 + 47028 + 37 + 466 + 461 = 48140 мың тенге.
2013 жылғы таза ақша ағыны, 2012 жылғы таза ақша ағынына қарағанда (48140 – 14117) 34023 теңгеге көп. Мұндай өсу кредиторлық берешектің 233 мың теңгеге өсуі; қысқа мерзімді материалдық активтер қорының 286 мың теңгеге өсуі секілді көрсеткіштердің айтарлықтай артуының нәтижесінде болды.
Талдау кезінде «таза ақша ағынының сапасына» - осы көрсеткіштің қалыптасу көздерінің құрылымының жалпылама сипаттамасына баса назар аударылады. Таза ақша ағынының жоғары сапасы өнім өндірісінің өсіп, оның өзіндік құнын төмендету есебінен алынатын таза табыстың салыстырмалы үлесінің артуымен сипатталады, ал таза ақша ағынының төмен сапасы – өнім бағасының өсуі, өткізуден тыс операцияларды жүзеге асыру, т.б. байланысты таза табыс үлесінің артуы есебінен алынатын таза табыстың салыстырмалы үлесінің артуымен сипатталады.
Сонымен қатар, оң және теріс ақша ағындарының қалыптасу үйлесімділігін есеп беру кезеңінің жекелеген интервалдары тұрғысынан да зерттеу қажет; мұнда осы үйлесімділіктің деңгейін қамтып көрсететін және абсолюттік төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін мекеменің ақшалай активтерінің қалдығының қарқыны қарастырылады. Ақша ағындарының қалыптасу үйлесімділігін талдау кезінде өтімділік коэффициенті есептеп шығарылады.
Ақша ағынының өтімділік коэффициенті төмендегідей болды:
2012 ж. Клдп = 21998 / 21996 = 1,00;
2013 ж. Клдп = 25597 / 20658 = 1,24.
Ақша ағынының тиісті өтімділігін қамтамасыз ету үшін бұл коэффициенттің мәні 1-ден төмен болмауы керек (1-ден жоғары мән – қарастырылып отырған кезеңнің соңына қарай ақшалай активтер қалдығының өсуін түрлендіреді, яғни мекеменің абсолюттік төлем қабілеттілігі коэффициентінің өсуіне мүмкіндік туғызады).
Біздің жағдайымызда 2012 жылы норма сақталған, алайда 2013 жылы норманың едәуір артқаны байқалады.
Төлем қабілеттілігі коэффициенті – мекеменің ақша қаражаттарының түсуімен, олардың жылыстауын да қамтамасыз ете алу мүмкіндігін көрсетеді. Көріп тұрғанымыздай, 2013 жылы ағымдағы төлем қабілеттілігінің коэффициенті 0,281 пунктіге артып, мекеме өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге қажетті қаражаттарға жеткілікті түрде ие болды.
Мекеменің қысқа мерзімді міндеттемелерінің өсу көлемінің аясында, оның қысқа мерзімді активтері құрамындағы ақша қаражаттары үлесінің азаю үрдісі қаржылық қиындықтардың пайда болуына себеп болады. Сондықтан, ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелер қатынасын талдау арқылы, біз, шаруашылық жүргізуші субъектінің ақша қаражаттары артық не кем екендігі туралы қысқаша көрініске қол жеткізе аламыз. 2013 жылы абсолюттік төлем қабілеттілігінің коэффициенті 0,236 пунктіге артты, бұл қысқа мерзімді міндеттемелер көлемінің 575 мың теңгеге өсуімен салыстырғанда, қаражаттарының түсімінің 710 мың теңгеге ақша өсуіне байланысты орын алды.
Мекеме жұмысының эффективтілігі әр түрлі факторларға тәуелді болып келеді, оларды екіге бөліп қарастыруға болады: яғни мекеменің мүддесінен тәуелсіз ықпал жасаушы сыртқы факторлар мен мекеме белсенді түрде әсер ете алатын және етуі керек ішкі факторлар. Бұл факторлар оң да, теріс те болуы мүмкін. Аталған факторлардан тиетін залалды азайту үшін, ақша қаражаттарын дұрыс және тиімді қолдану керек.
Ақша қаражаттарын қолдану тиімділігін бағалау үшін, ақша қаражаттарының жеткіліктілік, айналымдылық және табыстылық көрсеткіштері анықталады. Ақша қаражаттарының айналымдылық көрсеткіштері мекеменің төлем қабілеттілігін үнемі қамтамасыз етіп отыратын ақша ағынының өтімділік көрсеткіші ретінде қарастырылады. Күндер бойынша айналымдылық – ақша қаражаттарының мекеме есепшотында қозғалыссыз жатқан кезеңін сипаттайды. Мұндай көрсеткіш ақша қаражаттары қалдығының көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының табыстылық көрсеткіштері – зерттеліп отырған кезең ішінде мекеме қарамағында болған (жұмсалған немесе кіріс болған) ақша қаражаттарының 1 теңгесіне келетін таза ақша ағынының шамасын сипаттайды. Таза табыспен есептелген аталған көрсеткіштерді жалпы мекеме бойынша да, сондай-ақ қызмет түрлері бойынша да анықтау керек. Табыстар бойынша есептелген табыстылық көрсеткіштері ақша қаражаттарының қайтарымын анықтауға мүмкіндік береді, немесе, басқаша айтқанда, осы қаражат түрін қолданғаннан болатын экономикалық эффектіні анықтауға көмектеседі.
39 кестеден байқағанымыздай, 2013 жылғы таза ақша ағынының жеткіліктілік коэффициенті, 2012 жылға қарағанда 24,87-ге (103,30-78,43) артқан. Бұл фактіден аңғаратынымыз, мекеме қарамағында өз қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қажетті ақша қаражаттары жеткілікті деңгейде бар.
Мекемедегі ақша ағындарының қозғалысы туралы шынайы түсінік қалыптастырып, кірістер мен шығыстар үйлесімділігін бағалап, табысты ақша қаражаттарының жағдайымен сабақтастыру үшін, ақша қаражаттарының түсімі мен шығысына қатысты барлық бағыттарды белгілеп, оларға талдау жасап шығу керек.
Ақша қаражаттары қозғалысын талдаудың мақсаты – мекеменің жоспарланған шығындарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын тиісті мерзім мен көлемде өндіре алу мүмкіншілігін бағалау. Мекеменің төлем қабілеттілігі мен өтімділігі, әдетте, шаруашылық жүргізуші субъект арқылы өтетін ақшалай төлемдердің ағыны түрінде нағыз ақша айналымына тәуелді жағдайда болады. Сондықтан, ақша қаражаттарының қозғалысын талдау өтімділік және төлем қабілеттілігін бағалау әдістемесін айтарлықтай толықтырып, мекеменің қаржылық жағдайын объективті түрде бағалауға мүмкіндік туғызады.
Ақша қаражаттарының айналымдық коэффициенті төмендегідей болды:
2012 ж. Кобор.дсс = 10099 / 720 = 14,03;
2013 ж. Кобор.дсс = 12568 / 920 = 13,66.
Талданып отырған кезең ішінде ақша ағынының табыстылық көрсеткіштері төмендеді. Мәселен, 2013 жылы таза ақша ағынының табыстылық коэффициенті 0,003-ті құрады, яғни 2012 жылға қарағанда 0,041-ге аз.
2013 жылғы оң ақша ағынының табыстылық коэффициенті 0,006-ны құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 2,2%-ға кем. Сондай-ақ, ақша қаражаттарының орташа шамасының табыстылық коэффициенті де едәуір төмендеді – 0,689-дан 0,161-ге дейін.
Жалпылама көрсеткіш ретінде таза ақша ағынының эффективтілік коэффициенті қолданылды, ол 2012 жылға қарағанда, 2013 жылы 1,688-ге (2,330 – 0,642) артты. Бұл дегеніміз, 2012 жылы ақша қаражаттарының эффективтілігі аз болды деген сөз, ал 2013 жылы ақша ағындарының эффективтілігі өскен.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталғандай, жалпы алғанда ақша қаражаттары тиімді қолданылмайды. Ақша қаражаттарын тиімдірек қолдану үшін ақша ағындарын басқаруды дұрыстап түзету керек, бұл ақша қаражаттарын артық жинауды болдармай, жекелеген уақыт аралықтарында ақша жетіспеушілігінің болмауына мүмкіндік туғызады.
Ақша қаражаттары ағынан тиімді басқару үшін, осы немесе өзге кезең ішіндегі оның көлемін, оның негізгі элементтерін, және оны құрастыратын мекеменің қызмет түрлерін білу керек. Бірнеше кезең ішіндегі ақша ағындарын қолданып, салыстырмалы талдау жүргізу арқылы, алынған дәйектерді растауға немесе жоққа шығаруға болады. Осылайша, дамып келе жатқан, табысты мекемені талдай отырып, көпшілігіміз мекеме өсіп-өніп келе жатыр деп ойлап қалуымыз мүмкін. Алайда, зор табысқа кенеліп келе жатқан тез, үдемелі өсу де төлем жасау қабілетсіздігіне алып келуі мүмкін, себебі мекеменің айналым капиталына мұқтаждығы оның ішкі қаржылық мүмкіндіктерін арттырып, ал сыртқы қаржыландыруға мұқтаждығы – оның қарыз алу қабілеттілігін арттыруы мүмкін.
Ақша ағындарына талдау жүргізу барысында, факторлық талдауға баса назар аударылады, яғни, талданып отырған кезең ішінде мекеменің ақша қаражаттарын қолдану эффективтілігі мен табыстылығына тікелей немесе жанама әсер тигізетін әр түрлі объективті және субъективті факторлардың (себептер) әсерін сандық түрде өлшеу. Факторлық талдау (анықталған немесе стохастикалық) факторлық жүйелерді модельдеудің әр түрлі тәсілдерін қолдану арқылы жүргізіледі.
Ақша ағындарын факторлық талдау мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің әр түрлі факторларының таза ақша ағынына тигізетін ықпалын анықтауға мүмкіндік береді. Ол жағымсыз үрдістерді лезде анықтап, жағымсыз қаржылық жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруға көмектеседі.
Ақша ағындарының қалыптасуына әсер ететін барлық факторларды ішкі және сыртқы түрге бөлуге болады. Сыртқы факторларға мыналар жатады: тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасы, , ұйымның салық салу жүйесі,өнім берушілердің және сатып алушылардың қалыптасқан несиелеу тәжірибесі (ережелері, іскерлік айналым), шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп айырысу операцияларының жүйесі, қаржыландырудың сыртқы көздерінің болуы(несие, қарыз, мақсатты қаржыландыру).
Ішкі факторлар арасынан кәсіпорын орналасқан өмірлік цикл кезеңін, жедел және өндірістік циклдердің ұзақтығын, тауарлар мен қызметтер өндірісі мен шығарылуының мезгілдігін, амортизациялық саясат, инвестициялық бағдарламалардың өзектігін, кәсіпорын басшыларының жеке қасиеттері мен кәсібилігін атау өту керек.
Факторлық модельдер кәсіпорынның шаруашылық қызметін жан-жақты сипаттайтын түрлі көрсеткіштер арасындағы себеп-салдық байланысты ашып, сан жағынан өлшеп, шолу жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, факторлық модельдеу көмегімен болжамды(жоспарлы) көрсеткіштер қалыптасады, соның ішінде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде ақшалай тәуекелдің орта деңгейінде максималды тиімділікке жету мақсатына жететін қаражат ағынының оңтайлы көлемі анықталады.
"Ақша түсімдері" көрсеткішінің құрамдас бөлігі болып табылатын факторлар әсері түсімнің көлемі мен таза ақша ағыны көлемінің арасында тура пропорционалды өзгеріс тудырады. Ал "Ақша шығындары" көрсеткішінің құрамдас бөлігі болып табылатын факторлар әсері ақшалай қаражатты қолдану көлемінің тура пропорционалды өзгеруін, бірақ таза ақша ағыны көлемінің кері пропорционалды өзгеруін тудырады.
Кірісті өнімді шығарудан бөлшектеу жолымен анықталған іс-әрекетті таза ақша ағыны сомасына бағалағанда екі мәселені ұмытпау керек.
Біріншіден, жанама факторлармен сипатталған көрсеткіштер есептеу принципі бойынша қалыптасады, ал есептелген көрсеткіш іс жүзінде орындалғанды білдірмейді. Сондықтан, енгізілген соманы білдіретін көрсеткіштердің ұлғаюы шын мәнінде түскен ақшаны зерттеу периодында соңғы және таза қаражат қалдығын көрсетеді.
Екіншіден, салық салуға дейінгі пайданы(шығынды) анықтайын факторлық көрсеткіштермен білдірілген факторлар салық пен пайда арқылы кәсіпорынның ақша ағынына әсер етеді. Сондықтан, берілген факторлар әсерінен таза ақша ағынының өзгерісі пропорционалды емес.
Таза ақша ағынының таза пайдадан ауытқуына әсер ететін факторларды екі топқа жіктеуге болады:
таза пайданы анықтаушы;
таза ақша ағынын анықтаушы.
Екі топты да тағы екі топшаға бөлуге болады:
зерттелетін көрсеткішке тура бағынышты факторлар;
зерттелетін көрсеткішке кері бағынышты факторлар.
Ақша ағынының факторлық анализінің кезеңдерінің бірі - факторлардың оң ақша ағымының рентабельділік коэффициент(Кр.оаа) көлемінің өзгеруіне әсерін есептеу. Берілген коэффициентті кеңейту, ұзарту және қысқарту тәсілдерімен модельдеу арқылы алтыфакторлық жүйені алуға болады:
Кр.оаа = [(1 - х1 - х2 - х3) · х4 · х5] / х6,
мұндағы: х1 - жалақы көлемі; х2 - материал көлемі; х3 - амортизация көлемі; х4- активтердің айналымдылығы; х5 - оң ақша айналымының жалпы көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі; х6 - жалпы активтер көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі.
Қарастырылып отырған факторлардың маңызы формулалармен есептеледі:
х1 = ОТ / В; х2 = МЗ / В;
х3 = АО / В; х4 = В / Аср;
х5 = ДСср / ДПп; х6 = ДСср / Аср,
мұндағы: ЕТ - енбек төлемі(өтемақы); Т - өнім өндіруден түскен табыс; МШ - материалдық шығындар; АА - амортизациялық аударымдар; Ао - активтердің орта көлемі; АҚо - ақшалай қаражаттардың орта қалдығы; ҚАоң - оң қаражат ағымы.
Алғашқы үш фактор - рентабельділікпен кері пропорционалдық тәуелділіктегі көрсеткіштер. Себебі, өндіріс шығын көлемінің қатыстық деңгейінің төмендеуі мен өнімді шығару оған оң әсерін тигізеді.
Төртінші фактор - қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы. Ол кәсіпкерлікті тиімді жүргізу процестерін, сондай-ақ ақша айналымын сөзсіз ынталандыруы тиіс.
Алтыншы және жетінші факторлар - ақшалай қаражаттардың орта қалдықтарының оң ақша ағымдары мен активтердің жалпы көлеміндегі үлесі - кәсіпорынның жедел қызметінің тиімділік деңгейін, оның кәсіпкерлік масштабын болашақта кеңейту үшін артық ақша массаларын жасау қабілетін, инвестициялық қызметін көрсетеді.
Алты фактордың нәтижелік көрсеткішке(рентабельділік коэффициенті) әсері 40-кестеде берілген.
40-кесте - ақша ағымының факторлық анализіне арналған бастапқы мәліметтер
Көрсеткіштер
|
Шартты белгілеу-лер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Өзгерістер (+, -)
|
Өнім өндіруден түскен табыс, мың. теңге
|
Т
|
54444
|
45232
|
-9212
|
Енбек төлемі(өтемақы), мың. теңге
|
ЕТ
|
8488
|
4140
|
-4348
|
Материалдық шығындар, мың. теңге
|
МШ
|
31580
|
15408
|
-16172
|
Амортизациялық аударымдар, мың. теңге
|
АА
|
1068
|
520
|
-548
|
Активтердің орта көлемі, мың. теңге
|
Ао
|
31212
|
61976
|
+30764
|
Ақшалай қаражаттардың орта қалдығы, мың. теңге
|
АҚо
|
892
|
-1216
|
-2108
|
Оң қаражаттар ағымы, мың. теңге
|
ҚАо
|
6296
|
22292
|
+15996
|
Жалақы көлемі
|
х1
|
0,156
|
0,091
|
-0,065
|
Материал көлемі
|
х2
|
0,580
|
0,341
|
-0,239
|
Амортизация көлемі
|
х3
|
0,020
|
0,011
|
-0,009
|
Активтер айналымдылығы
|
х4
|
1,744
|
0,730
|
-1,014
|
Оң ақша айналымының жалпы көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі
|
х5
|
0,142
|
-0,054
|
-0,196
|
Жалпы активтер көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі
|
х6
|
0,028
|
-0,020
|
-0,048
|
Оң ақша ағымынын рентабельділік коэффициенті
|
Кр.оаа
|
2,158
|
1,098
|
-1,060
|
Оң ақша ағымының рентабельділік коэффициентіне факторлық анализ жасайық. Оған жалақы көлемі, материал көлемі, капитал айналымдылығы, оң ақша айналымының жалпы көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі мен жалпы активтер көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі факторларының әсерін тізбекті алмастырулар арқылы табамыз.
2012 жыл мен 2013 жылдардағы факторлардың ақша ағымының рентабельділік коэффициентіне әсерінің есептеулері:
Кр.оаа.2012 = [(1 - х1.2012 - х2.2012 - х3.2012) · х4.2012 · х5.2012] / х6.2012 = [(1 - 0,156 - 0,580 - 0,020) · 1,744 · 0,142] / 0,028 = 2,158;
Кр.оаа1 = [(1 - х1.2013 - х2.2012 - х3.2012) · х4.2012 · х5.2012] / х6.2012 = [(1 - 0,091 - 0,580 - 0,020) · 1,744 · 0,142] / 0,028 = 2,733;
Кр.оаа2 = [(1 - х1.2013 - х2.2013 - х3.2012) · х4.2012 · х5.2012] / х6.2012 = [(1 - 0,091 - 0,341 - 0,020) · 1,744 · 0,142] / 0,028 = 4,847;
Кр.оаа3 = [(1 - х1.2013 - х2.2013 - х3.2013) · х4.2012 · х5.2012] / х6.2012 = [(1 - 0,091 - 0,341 - 0,011) · 1,744 · 0,142] / 0,028 = 4,926;
Кр.оаа4 = [(1 - х1.2013 - х2.2013 - х3.2013) · х4.2013 · х5.2012] / х6.2012 = [(1 - 0,091 - 0,341 - 0,011) · 0,730 · 0,142] / 0,028 = 2,062;
Кр.оаа5 = [(1 - х1.2013 - х2.2013 - х3.2013) · х4.2013 · х5.2013] / х6.2012 = [(1 - 0,091 - 0,341 - 0,011) · 0,730 · (-0,054)] / 0,028 = -0,784;
Кр.оаа.2013 = [(1 - х1.2013 - х2.2013 - х3.2013) · х4.2013 · х5.2013] / х6.2013 = [(1 - 0,091 - 0,341 - 0,011) · 0,730 · (-0,054)] / (-0,020) = 1,098.
Осылайша, ақша ағымының рентабельділік коэффициентінің 3,247 тармаққа[- 1,086 - 2,161] төмендеуі келесі факторлардың әсер етуіне әкелді:
а) жалақы көлемі
ΔКр.оаа (х1) = Кр.оаа1 - Кр.оаа2012 = 2,733 - 2,158 = 0,575;
б) материал көлемі
ΔКр.оаа (х2) = Кр.оаа2 - Кр.оаа1 = 4,847 - 2,733 = 2,114;
в) амортизация көлемі
ΔКр.оаа (х3) = Кр.оаа3 - Кр.оаа2 = 4,926 - 4,847 = 0,079;
г) активтер айналымдылығы
ΔКр.оаа (х4) = Кр.оаа4 - Кр.оаа3 = 2,062 - 4,926 = -2,864;
д) оң ақша айналымының жалпы көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі
ΔКр.оаа (х5) = Кр.оаа5 - Кр.оаа4 = -0,784 - 2,062 = -2,846;
е) жалпы активтер көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі
ΔКр.оаа (х6) = Кр.оаа2013 - Кр.оаа5 = 1,098 - (-0,784) = 1,882.
Барлығы: 1,060 тармақ.
Есептеулерде көрсетілгендей, аналитикалық модельге енгізілген факторлар әсері оң да, теріс те болды. 2013 жылды 2012 салыстырғанда ақша ағымының рентабельділік коэффициентінің өзгерісіне оң әсер еткен факторларға жалақы көлемі, материал көлемі, амортизация көлемі, жалпы активтер көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі жатады.
2013 жылғы ақша ағымының рентабельділік коэффициентінің өзгерісіне теріс әсер еткен факторларға активтер айналымдылығы мен оң ақша айналымының жалпы көлеміндегі ақшалай қаражаттың орта қалдығының үлесі жатады. Атап айтқанда, активтер айналымдылығының 1,014 тармаққа төмендеуі ақша ағымының рентабельділік коэффициентін 2,864 тармаққа төмендетті.
Осылайша, факторлық модельдер кәсіпорынның шаруашылық қызметін жан-жақты сипаттайтын түрлі көрсеткіштер арасындағы себеп-салдар байланысын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, факторлық модельдеу көмегімен болжамдық көрсеткіштер құрылады, кәсіпорынның орта қаржы тәуекелі кезінде шаруашылық қызметтің максималды тиімділікке жету мақсатына сәйкес келетін ақша ағымының оңтайлы көлемі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |