Для того, чтобы человек мог постичь


) Қайғы концептінің сындық, сапалық белгілерін



бет24/37
Дата26.01.2022
өлшемі437.5 Kb.
#454858
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Дип.-ҚУАНЫШ-ЖӘНЕ-ҚАЙҒЫ-–-ЭМОЦИОНАЛДЫ-КОНЦЕПТІЛЕР

3) Қайғы концептінің сындық, сапалық белгілерін білдіретін тобы: қалың, ауыр, ащы, улы, бұрынғы, жаңа, неше түрлі, шын, қапалық. Мысалы: Жол үстінде ымырт жабылып, қас қарайған шақта жалғыз келе жатқан баланың ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар (М.Ә.Жетім). Нелер ауыр қайғы, қажытқан уайым, шаршатқан қасірет, жаулықың да талай-талай уланған қастығы еске түседі (М.Ә.Абай жолы). Бірақ бәрінен ауыр, бәрінен ащы, бәрінен улы қайғы не?. (М.Ә.Абай жолы). Бұрынғы қайғының бәрінен жаңа қайғы күшті болды. Неше түрлі қайғы бар, бишараның басында (М.Ә.Абай жолы). Бұрынғы бала – бұрын еркелікпен жылайтын Қасым әжесі өлген күні шын қайғымен жылап еді (М.Ә.Жетім). Арамызда екеуімізді қоспай тұрған ауыр сырым, қапалық қайғым, қатал тағдырым сол дедім ғой (М.Ә.Абай жолы).

Сонда қайғының тығыздығы қалың, салмағы ауыр, дәмі ащы, улы, шын, қапалық.

Қуаныш концептінің сындық, сапалық белгілерін білдіретін тобы: ыстық, көп, шын.

Мысалы: Әр өңірге сәл тоқтаса, нелер ыстық қуанышты елес береді (М.Ә.Абай жолы). Сол ретте Әбіш пен Мағаш арасындағы ойда жоқ күйден туып ұлғайған мол махаббат жайын Дәрмен көп қуаныш етіп тамашалайтын (М.Ә.Абай жолы). Көп бөтен жұрт арасында, іздеген Абайларын жаңа тапқан екі қарт, шын қуанышты сияқты (М.Ә.Абай жолы).

Сонда қуаныштың температурасы ыстық, саны көп, шынайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет