ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТОПТАУ
Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығуларды қолданылады.Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет.
1.Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топттау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар; ә) ойын жаттығулар; б) туристік жаттығулар (бұл жаттығулар туризмнің әр түрінде кездеседі.); в) спорттық жаттығулар-спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.
2. Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар а) күш-жылдамдығы жаттығулары жаттығушылардың күштерін дамытады.ә) төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар; б) үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар; в) икемділікке арналған жаттығулар; г) комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.
3.Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: а) негізгі жаттығулар. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің негізгі жаттығулары.; ә) дайындық жатттығулары: Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қуаты қасиеттерінін дамытуға көмектесетін жаттығулар; б) жақындататын жаттығулар-негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын қимыл-әрекеттер (мысалы, ұзындыққа жүгіріп келіп секіруге жақындататын жаттығулар –бір, үш адымдап келіп ұзындыққа секіру.)
Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшықеттеріне, кеуде бұлшықеттеріне, аяқ іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
Қозғалыссыз арналған жаттығулар тобы: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) циклді жаттығула (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары).
Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады); ә) жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секундтан 5 минөтке дейін); б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттен 30 минөтке дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 мин.көбірек).
Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар. Жаттығулардың адам организміне әсер етуі әр-түрлі себептерге байланысты: оқыту процесі екі жақты - ұстаз оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығулардың әсер етуі ұстаз өнегесіне, ақылына, білім деңгейіне, мыл дағдысына, дене қуатына сондай-ақ оқытушы мен оқушының белсенділігі мен ынтасына байланысты.
Ғылыми факторлар - адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі.
Әдістемедік факторлар - жаттығуларды қолданар кезде ескеретін талаптар.
Жаттығулардың күшті әсері осы талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына, жаттығуларды орындау уақытына, орындау қарқынына, жаттығуларды орындау санына немесе аралық тынығу санына, қайталау арасындағы тынығу уақытына, демалыс түріне байланысты.
Санитарлық-гигиеналық факторлар. Дене тәрбиесі жаттығулары адам организміне тиімді әсер етуі үшін тамақтану, демалу, еңбек ету тәртібін сақтап, жалығатын орынды, спорт залын санитарлық нормада ұстау керек.
Метеорологиялық факторлар (ауа температурасы, ылғалдылығы, жел күші т.б.). Дене тәрбиесі жаттығуларын қамтамасыз ететін бір топ материалдық факторларға спорт ғимараттары, жабдықтары, снарядтары, спорт киімдері т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |