Табиғи күштер және дене тәрбиесінің қосымша амалы. Табиғат күштер (күннің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б.) денсаулықпы нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің амалдары болып келеді.
Дене тәрбиесі процесінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орындау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған организмді қалпына келтіруге қол жетеді.
Дене тәрбиесінің бір амалы — гигиеналық фактор. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.
Дене тәрбиесі процесіне кірмейтін тәсілдер. Олар еңбек гигиенасы, тамақану, демалыс режимдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айнылысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.
Дене тәрбиесі процесіне кіретін тәсілдер. Бұған марафонды жүгіру кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б), организмді тез қалыпқа келтірудің гигиеналық тәсілдері (ауаны аэронизациялау,) тәсілдері (ауаны аэронизациялау, ауа-температура ортасы) жатады. Ауа-температура ортасы. Оларға жүзу бассейндері, су бүркетін себез қондырғылары, ванналар, монша-сауна, термокамералар жатады. Ауаны аэронизацнялау - спортшылар демалып жатқан жердің ауасына қосымша оттегін жіберу. Бұлардың бәрі спортшьшардың көңіл күйлерін көтеріп, бойын сергітеді.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕРІ
Терминдер мен түсініктер. Дене тәрбиесінің тәжірибесі қаншама кеп болғанымен, бәрі жан-жақта пайдаланыла бермейді. Сондықтан олардың сипаттамаларын білу:, біздің дұрыс бағыт алуымызға, әр түрлі міндеттерді орындауда тиімді әдістерді таңдауымызға көмекгеседі. Әр түрлі жаттығулар тобымен әр қилы жағдайда, белгілі бір міндеттер орыңдау үшін қолданылатын дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілін әдіс дейміз. Әрбір әдіс өзінің құрамына кіретін әдістемелік әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, көрсету әдісінің орындалу тәсілдері: жаттығуларды айна тәсілімен көрсету, керекті қарқында немесе баяу қарқында көрсету т.б. Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес іске асыратын әдіс жолын әдістемелік әдіс дейміз. Әдістемелік тәсілдер көп. Олардың бірі ескіріп, жоғалып жатса, екіншісі өзгеріп, ал келесі біреулері мұғалімнің ізденісімен өмірге келіп жатады. Сабақ беру деңгейінің түрлілігі мұғалімнің осы әдістемелік тәсілдерді көп білуіне кеңінен қолдануына байланысты.
"Әдіс" деген түсініктен біз "әдістеме" түсінігін ажырата білуіміз керек. Әдістеме деп дене тәрбиесі процесінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.
Әдістер жүйеленісі. Барлық әдістер арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екіге бөлінеді.
Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: 1. Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері. 2. Ойын әдісі. 3. Жарыс әдісі.
Жалпы әдістер: 1. Сөз қолдану әдістері. 2. Көрнекілікті қолдану әдістері. -
Достарыңызбен бөлісу: |