Қимыл - әрекетін жетілдіру. Бұл кезеңнің мақсаты - қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл ептілігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң кимыл ептілігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық танытады (жаттығуды басқа спорт залда орындау, көрермендер, әртүрлі метерологиялық жағдай т.б.). Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады, қимыл ырғағы жетіледі, жеке қозғалыста біртұтас қимыл әрекетке айналады. Қимыл дағдысын калыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу процесі қатар жүреді. Қимыл анализаторларының мәні артады, өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рөл атқарады Көру анализаторларының қызметі, қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелілігін бақылау қызметіне ауысады. Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады.
Жаттығуды дұрыс қайталау мынадай факторларға: үйрету міндетіне, оқу материалының күрделілігіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты.
Тәжірибеде қайталаудың екі жолы колданылады. Созылмалы - көптеген сабақтарга бөліне қайталау жасау. Түйінді - қысқа мерзімде бір немесе бірнеше сабақты қайталау.
Созылмалы қайталау кезінде қолайлы дұрыс тынығу аралығы болса, көлемді оқу материалын игеру кезінде жаттығушылар үлкен дидактикалық әсер алады (мысалы, гимнастикадағы еркін жаттығулар). Бұл процесті екі себеппен түсіндіреміз: біріншіден, жаттығу тәсілдерінің есте сақталуы, яғни меңгеріп жатқан оқу материалын жаттығуды орындап жатканда ғана емес, тынығу аралығында да ұғыну, ойлау. Екіншіден, жаттығуды меңгеру процесінің, организмнің бұлшық ет әрекетіне, бейімделу қызметіне байланыстылығы - жаттығуды орындау барысында ғана емес қалпына келу кезеңінде де сақталады.
Тынығу аралықтарының жиілігі (жалпы уақыт ұзақтығы бірдей) сирек ұзақ тынығу аралығына қарағанда организмнің қабілеттілігі қысқарады және жиі тынығу аралығында артады.
Сондықган да сабақтарды біріктіруге болмайды. Түйінді қайталау, тездете үйрену негізін құрайды. Оны жеңіл оқу материалын үйренгенде қолдану тиімді. Бұл екі жағдайда да қайталау сипаты әр түрлі болады. Бастапқы үйрену мезгілінде қайталау жиілеп, сонан соң біртіңдеп азаяды. Жаңа тәсіл тұрақтандыру үшін бастапқы жаттығудың жиі қайталануы керек, ал ол бекіп алған соң қайталауды азайтуға болады.
Қимыл дағдысы әр түрлі және біртіндеп қалыптасады. Әр түрлі қалыптасу төрт түрге бөлінеді. 1. Дағдының «жағымсыз тездете» қалыптасуы. Үйрету барысының басында қимыл әрекетін игеру тез, сонан соң ақырындап қалады. Өйткені тәсіл негізі тез қабылданады да, бөлшектері ұзақ игеріледі. 2. Дағдының «жағымды тездете» қалыптасуы. Бұл үйренудің бас кезінде дағды аздап, сонан соң тезірек өседі. Әр түрлі қалыптасудың осы түрі, күрделі әрекетке жетелейді, жаттығуды бөлшектеп үйреніп толықтырған соң, ол үйренулер дағдының тез өсуін шапшаңдатады.
Достарыңызбен бөлісу: |