Дүниетану пәнін оқыту пәнінен лекция тезистері


Тақырыбы: «Дүниетану» пәнінің «Мен және қоғам», «Тарих беттерінен»



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата26.01.2024
өлшемі464.39 Kb.
#489946
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
downloadPdfUmkd (1)

9. Тақырыбы: «Дүниетану» пәнінің «Мен және қоғам», «Тарих беттерінен», 
«Елімнің табиғаты» бөлімдері бойынша оқытуда күтілетін нәтиже 
Мен және қоғам бөлімінде менің отбасым. Отбасы. Отбасы мүшелеріне қатысты 
туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау. Отбасындағы қамқорлық. Тауар-
ақша қатынасының қарапайым түрлері. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің 
құрылымы.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Мектептің адам өміріндегі маңызы. Мектептегі 
функционалдық аймақтардың орналасқан жері. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау. Күн 
тәртібін сақтаудың маңызы. Тәулік уақыты мен апта күндерінің атаулары. Өзін мектеп 
оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.
Менің атамекенім. Мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері. 
Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері.
Денсаулық пен қауіпсіздік. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы. Тамақтану 
режимін сақтаудың қажеттілігі. Үйдегі қауіпсіздік ережелері. Жолда жүру тәртібі. Үй мен 
мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құрастыру. Шұғыл көмек қызметтері. 
Мерекелер. Отбасылық мерекелер.
Еліміздің табиғаты.
Жергілікті жерде бағдарлану. Жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау. 
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері.
Климат және ауа райы. Ауа райының адамға және оның іс-әрекетіне әсері.
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты 
өткізу мүмкіндіктері.
Туризм. Туризмнің мәні. Туристердің негізгі мақсаттары.
Тарих беттерінен.
Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы,
ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер. 
Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы түсінік.Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау. Қазақстан елордасы – Астана қаласы.
2) 2 сынып 
Мен және қоғам 
Менің отбасым. Отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау. Отбасындағы әдеп 
нормаларын түсіндіру. Отбасы қажеттіліктерінің құрылымы.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері. 
Мектеп қауымдастығының құрылымы. Ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық 
нормалары. Сынып ұжымын сипаттау.
Менің атамекенім. Көрікті жерлерін сипаттау. Қазақстан картасындағы ірі өзен-көлдер, 
қалалар, жолдар, өз облысы.
Денсаулық пен қауіпсіздік. Пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы 
айырмашылықтары. Күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) 
қауіпсіздік ережелері. Көлік түрлері, олардың қажеттілігі. Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау 
ережелері.
Құқық және міндет. Құқық, міндет және жауапкершілік. Қоғамға қызмет етудің 
әлеуметтік маңызы.
Мерекелер. Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері.
Жергілікті жерде бағдарлану. Тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау.
Климат және ауа райы. Ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және 
кері әсері. 
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен 
өзендер) шаруашылық маңызы. Өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, 
өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстары. Табиғаттың қолайсыз 
және қауіпті құбылыстарын жіктеу.


Туризм. Туризмнің негізгі түрлері. Туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандар. 
Туристік нысандардың ерекшеліктері.
Тарих беттерінен 
Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Иемденуші және өндіруші шаруашылық туралы 
алғашқы түсінік алу. Көне қалалар мен ескерткіштер.
Қазақстанның тарихи тамыры. Ғұндардың өмір салты туралы алғашқы түсінік.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. Ботай мәдениетінің ерекшеліктері. Қазақ 
халқының жылқыны қолға үйретуі.
Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері. Әл-Фарабидің ғылымның 
дамуына қосқан үлесі.
Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік 
рәміздерінің 
мәні. 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау. Қазақстан 
халықтары достығының маңыздылығы. 
3) 3 сынып 
Мен және қоғам 
Менің отбасым. Отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастар. Әулет 
шежіресін құрастыру. Өз әулетінің құндылықтарын анықтау. Өз шығындарын жоспарлау.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Сыныптың өзін-өзі басқару ережелері. Түрлі 
көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдары. Қоғамда өзін өзі 
ұстау әдеп нормалары. Адамдар арасындағы достықтың маңыздылығы.
Менің атамекенім. Елді мекендердің түрлі белгілері. Қала мен ауылдың байланысы.
Денсаулық пен қауіпсіздік. Тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері. Спорт 
түрлерін топтастыру. Табиғи ортадағы қауіп-қатерлер.
Құқық және міндет. Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы.
Мерекелер. Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелері.
Елімнің табиғаты 
Жергілікті жерде бағдарлану. Астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын 
анықтау. Масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын 
құру.
Климат және ауа райы. Жер климатының негізгі түрлері. Ауа райы мен климаттың 
қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері.
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты 
орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары). 
Геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау 
ережелері.
Туризм. Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингісі.
Тарих беттерінен 
Көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері.
Қазақстанның тарихи тамыры. Түркілердің өмір салтымен танысу.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. Қазақ хандығының құрылу себептері.
Хандар, батырлар мен билердің рөлі. Абылай хан, Керей хан, Жәнібек хан.
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм. Қазақстанның бейресми 
рәміздерінің мәнін түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» 
қақпасы). Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі.
4) 4 сынып 
Мен және қоғам. 
Менің отбасым. Отбасының қоғам өміріндегі маңызы. Отбасы мүшелерінің 
функционалдық рөлі. Отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстары. Отбасы бюджетін 
оңтайландыру жолдары.
Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу 
жолдары. Көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер.
Менің атамекенім. Түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, 


облыс). Өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілері. 
Денсаулық пен қауіпсіздік. Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептері. Спорттың 
әр түрлеріндегі жарақаттану қауптері. Жасанды ортадағы қауіп-қатерлер. Жасанды 
ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау.
Құқық және міндет. Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы. Демократиялық 
құқықтар мен бостандықтар, міндеттер. 
Мерекелер. Кәсіби мерекелердің тарихы.
Елімнің табиғаты 
Жергілікті жерде бағдарлану. Нысанның басқа нысандарға қатысты орны. Глобус пен 
карталардың қоландануы. Параллельдер, меридиандар, экватор.
Климат және ауа райы. Адамзат дамуына климаттың әсері.
Табиғи жағдайлар және олардың әсері. Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы 
адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су 
нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекеттері. Өз өңірінде табиғи апаттар туындауы 
ықтималдылығы.
Туризм. Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру. 
Тарих беттерінен. 
«Технологиялық прогресс» ұғымы анықтамасымен танысу.
Тарихи мұражайлардың қызметі. Мұражайдың өзіндік жобасы.
Қазақ халқының шығу тарихы. Сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы 
байланысты графикалық түрде бейнелеу.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы 
жетістіктерінен мысалдар. Шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті 
қайраткерлердің өмірбаяны.
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм. «Қазақстан» атауымен 
байланысты ұлттық бренд. Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет