I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.
10 «А» сыныбының оқушысы Бердалыұлы Тойлыбек баяндаманың тақырыбы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жастар қолдайды
2017 жылы 12 сәуірде Тұңғыш Президент «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» деген бағдарламалық мақаласын қазақстандықтарға ұсына отырып, елдегі қоғамдық сананы жаңғырту мәселесін егжей-тегжейлі баяндаған болатын. Міне, бүгінде «Рухани жаңғыруға» 4 жыл толып отыр. Ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба жыл сайын маңыздылығын жоғалтпай келеді. Себебі бұл жобаның қарқынды дамуына үлкен-кіші, жас-кәрі демей барша қазақстандықтар ат салысуда.
Тұңғыш Президенттің барлық салаға көңіл бөліп, назар аударуы – жобаның басты ерекшелігі. Сонымен қатар, ұлттық идеяны негізге ала отырып, ұлттық құндылығымызды, мәдениет пен салт-дәстүрді заман ағымына сай дәріптеу арқылы халықтың санасын ояту арқылы алға жылжу. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты алты жобаны қамтиды. Бұл жобалар бойынша еліміздің барлық өңірі белсене жұмыс істеп жатыр. Тұңғыш Президент Қазақстанның жаңа кезеңге аяқ басқанын және еліміздің үшінші жаңғыруы басталғанын айтқан болатын. Осы орайда, саяси рефоорма мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еттік. Елбасымыздың алға тартқан басты миссиясына мемлекет те, халық та кішкентай қадамдармен әрекет етуде.
Қазіргі таңда Елбасының бұл бастамасын жастар барынша дәріптеп жүр. Президенттің бастамасына негіз бола отырып, жас буынға жаңа дем, жаңа рух беруді көздейді. Елімізде сертіне адал, халқының қамын ойлап, бой түзеп, өсіп келе жатқан буындар өте көп. XXI ғасырды еркін, санасы ашық, өз ойы мен пікірі, алдында үлкен мақсаты бар азаматтар мен азаматшалар қалыптастырып жатыр деп айтуға болады. Елбасы «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, аштық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі деп те айтқан болатын. Сонымен қатар жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне жастар дайын болуы керектігін алға тартты.
Иә, кешегі Мағжан атамыз сенген жастар бүгінде дұрыс бағытты ұстанып, елдің болашағы үшін тынымсыз әрекет етуде. Әрине, белсенді жастардың көп болуы баршамызды қуантады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев айтып жүрген тіл мәселесіне деген жастардың ынтасы мен талабы да жоғары. Қазіргі таңда шет тілдерін үйрететін білім беру орталықтары мен оған баратын жастардың қарасы да көп.Бұл өте қуантарлық жағдай. Себебі Тұңғыш Президент пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі қалыс қалып жатқан жоқ. Елбасының көреген көшбасшылығымен жеткен дамудың даңғылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сабақтастық саясатымен кемел келешекке ұласып жатыр.
(интерактивті тақтада Рухани жаңғыру» байланысты слайдтар көрсетіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |