Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Көшбасшы. Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»



бет4/11
Дата23.02.2022
өлшемі55.11 Kb.
#455688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»

Назарларыңызға рахмет!
(интерактивті тақтада Астана қаласының суреттері мен слайдтар көрсетіледі).


«Нұрсұлтан Әбішұлы – ұлттың көшбасшысы.» туралы 8 «А» сыныбының оқушысы Амангельдинова Дильназ баяндайды
Шынтуайтына келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.

Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке­меңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.


Көк түріктің кіндігінен жаралғандар­дың ішінен озып туғаны да, түркі тектес халықтардың лидері де – Н.Назарбаев. Күні кеше ғана Т.Ердоғанның Назарбаевты «түрік әлемінің лидері» дегені — сол мойындаудың келісті көрінісі.


Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұндай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қазақстан, ердің аты – Нұрсұлтан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды.


Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақ­танғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет