Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Көшбасшы. Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»



бет6/11
Дата23.02.2022
өлшемі55.11 Kb.
#455688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»

Қуаныш құтты болсын, ағайын!
I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д. « » сыныбының оқушысы «Сарыарқа» атты күйін қабыл алыңыздар


I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

Тарих пәнінің мұғалімі Дүйсебаев Нұржан баяндаманың тақырыбы «Түркістан – дәуірдің киелі аманаты»


Армысыздар! Ұлағатты ұстаздар


Түркістан – ол ұлтымыздың төрі. Рухани орталығы, тарихи қазынасы ғой. Түркістан бүкіл Түркі дүниесінің мақтанышына айналған ең қасиетті жер екенін ұмытпауымыз керек. Себебі ең бастысы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бүкіл рухымыздың бас тұрағы.Мұнда хандарымыз бен ұлы ғұламаларымыздың мүрделері жатыр. Бүкіл дүние жүзі түркі тектес бауырларымыз қазір жүздерін Түркістанға бұруда.Талай замандар бойына ұлылар осы қасиетті орталыққа бас иген. 2018 жылдың 19 маусымында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға зор серпін беретін әрі тәуелсіздік шежіресіндегі айтулы оқиғалардың бірі болды.


Ал, Мағжан Жұмабаев: өзінің «Түркістан» деген өлеңінде Түркістанның барлық жерден, барлық елді мекендерден артықтығын айтып, былай дейді:
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Міне, осы жолдардан Түркістанның қасиетті, киелі, ұлы имандылықтың мекені екендігін түрік бабаларымыздың орталығы болғандығын жария еткен.Қазақстан ірі мегаполистері – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент. Бұл қалаларды біз мақтаныш етеміз.Бүгінгі күні Түркістан облысының әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілуі өте қолдарлық. Түркістан қаласының аты өте қомақты, даңқты, сәнді естіледі. Өйткені Түркістан аты әлемге әйгілі.Түркістан қаласының қазіргі кезде сәулеттеніп келе жатқаны, жерінің құнарлығының нәтижесінде абаттандырыла бастауы болашақта бұл қаланың даңқы дүние жүзіндегі ірі Ыстамбұл, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және тағы басқа әйгілі әлем қалаларының қатарына қосылады.Түркістан сөз жоқ бүкіл әлемдегі түркі дүниесінің орталығы болатынына сенімім мол. Түркістан – иісі қазақтың қасиетті мекені. Қаратаудың күнгейінен ғұлама ғалымдармен қатар ақын, жырау, сал-серілер де көп шыққан. Атақты Дайрабай, Сатыбалды, Әлшекей, Сүгір, Жаппас, Төлеген сынды күйшілер осы өңірде домбыра шертіп, думандатып өткен. Қазақтың байырғы жазба әдебиетінің жауһарлары – қисса, дастан, хат-өлең, жазба айтыс дегендей асылдарымыздың көзі Түркістан топырағына дарыған. Осы күні ежелгі Түркістан мәдениетінің заман көшіне ілесе өркендеген нағыз дер шағы. Ендеше оңтүстік өңірдегі күйшілік өнер де қайта түлейтін шақ алыс емес шығар.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы етіп өзгертіп, оның орталығын Түркістан қаласы етуінде үлкен мән жатыр. Ұлылықтың қадірі сезінген адамға мағына береді. Рухани жаяу адам үшін Түркістанның өз алдына облыс болғаны көп мағына бермесі анық. Ал ет жүрегі елім деп соққан қазақ үшін бұл Елбасының шешімі бөркімізді көкке аттырар сүйіншілі жаңалық деп ойлаймын.Иә, ол шешім шыққалы бері көзді жұмып ашқандай уақыт ішінде өңірде бірқатар өзгерістер орын алды. Тегі бұл Қазақстан Республикасының экономикалық қуатын көрсетіп отыр. Ендігі кезек біз бір адамдай жұмылып, көтерілген жаңа шаңырақтың құтты мекенге айналуына ат салысуымыз керек.
Түркістанның халқы өте еңбекқор келеді. Біз бұны жақсы білеміз. Кейде сол қос қолға ұстайтын күрек жоқтай көрінеді бізге. Ендігі кезек өңірге құйылған қаржы, тартылған инвестициялар өңірдегі жұмыс орынының тапшылығын жояды деп сенеміз. Ол құрылыс, кәсіпорын, өндіріс салаларына да өз әсерін тигізуі тиіс.Жалпы өңірдегі өмір халық назарында. Енді сол халықтың батасымен көгере берсін деген тілек айтамыз.
Тарихи Жарлық шыққан 3 жылға жуық уақыт ішінде Түркістан дамудың жаңа сатысына қадам басты. Ежелгі Тұран өркениетінің мұрагері, Еуразияның ең таңдаулы шаһарларының бірі енді әлемдік өркениет орталығы ретінде қайта жаңғыруға бет алды. Қадамы сәтті болғай! Жаса, Түркістан!
( интерактивті тақтадан Түркістан туралы суреттер көрсетіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет