Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Көшбасшы. Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»


Қазір мемлекетіміздің ән ұраны шырқалады



бет2/11
Дата23.02.2022
өлшемі55.11 Kb.
#455688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»

Қазір мемлекетіміздің ән ұраны шырқалады.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

Қазір «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»туралы 8«А» сыныбының оқушысы Муратова Камил баяндайды.


Өткен ғасырдың соңында Қазақстан сияқты азаттық аңсаған елдерде тәуелсіздіктің таңы атты! 1991 жылы 16 желтоқсанда, Тәуелсіздікті жариялаған күннен бастап, ұлы мемлекеттік істерді жүзеге асыру кезеңі басталды. Сол сәттен Қазақстан Тәуелсіздігін әлем елдері мойындады.Қазақстан Бірікен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіріп,біздің жеріміздің,шекарамыздың біртұтастығын мәлімдеді.Туымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды қабылдап,өзіміздің төл теңгемізді шығарып, ал ел алдында экономикамызды аяғынан тік тұрғызу міндеті тұрды.Бейбіт мақсаттағы әскеріміз бен шекарашыларымыз бар.Тәуелсіздік қазығын нығайту жолындағы сол бір ауқымды істерді ақылмен,көрегендікпен жоғары деңгейде шешу қажеттілігі туды.Қазіргі мемлекеттіміз қоғамға сай, өзге мемлекеттермен терезесі тең,заманауи өнеркәсібі бар,халқының әл-ауқаты жоғары,білімділігі мен мәдениеті қалыптасқан тұрғындары бар, саяси-экономикалық дамуы тұрақты,әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі бола алатындай мемлекет құру, алға қойған мақсаттарын орындай білу-мәртебелі де салмағы ауыр іс және ол өте жауапкерщілігі жоғары міндет.Сондай аса ауыр да абыройлы жауапкершілікті мойына ала білген адам-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н.Ә.Назарбаевтың жылы жүзі,жұртты бірден өзіне баурап алатын қасиеті,сөзден өрмек тоқитын шешендігі, кісілігі мен талғампаздығы, психологиялық байқампаздығы,айналып келгенде,елінің, халқының жалпы түркі әлемнің көк туына айналуына ықпал етті.Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көп қырлы қызметі-жас қазақстандықтар үшін өз Отанына шын беріліп қызмет етудің және оның мүдделеріне беріктіктің,шынайы отансүйгіштіктің жарқын үлгісі.Біздің алдымызда үлгі-өнеге аларлық тұлғамыз бар.Президенттің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында біздің қөкейіміздегі үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз нақты көрініс тапқан.


(интерактивті тақтада «Балалық шағымның аспаны» атты деректі филъм көрсетіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет