Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар


Агрегаттарды және құрал - жабдықтарды жөндеу және профилактикалық тексеру



бет5/5
Дата12.06.2016
өлшемі403.5 Kb.
#130645
1   2   3   4   5

21. Агрегаттарды және құрал - жабдықтарды жөндеу және профилактикалық тексеру
229. Жалпы талаптар:

1) домна цехтарының құрал-жабдықтары кестемен қаралған мерзімде жөндеуге (ағымдағы және күрделі) және тексеруге ұшыратылады. Негізгі агрегаттар күрделі жөндеулерден кейін құзыретті органның аумақтық бөлімшесінің өкілінің қатысуымен, ұйымның техникалық басшысымен тағайындалған комиссиямен қабылдағанннан кейін пайдалануға енгізіледі. Құрал-жабдықтарды қабылдауда акт жүргізіледі.

Домна өндірісінде жөндеулерді жүргізу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 29 желтоқсанда № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес іске асырылады.

Агрегаттар мен құрал-жабдықтарды осы Талапты сақтамай эксплуатацияға қабылдауға жол берілмейді;

2) жөндеуге тоқталған құрал-жабдықтар мен агрегаттар істеп тұрған құрал-жабдықтардан және құбырлы өткізгіштерден (газ, бу, ауа және тағы басқалар) сөндіріледі;

3) жөндеу алдында құрал-жабдықтар электр қабылдағышқа электр энергиясын жіберуден ажыратылады, электр сұлбалары бөлшектенеді, ал жіберу құрылғыларда және айырғыштардың тұтқаларында «Сөндірмеңдер, адамдар жұмыс істеп жатыр» деген плакаттар ілінеді. Ескертуші плакаттарды алу және жұмысқа құбырлар мен құрал-жабдықтарды жұмысқа жауапты басшының (бақылау тұлғасы) рұқсатынан кейін қосылады.

Жөндеу зоналарына адамдарды сақтандырғыш каскасыз жіберуге жол берілмейді;

4) әрбір кәсіпорында жұмыстарды ұйымдастыру жобасын рәсімдеумен наряд-шақтама бойынша орындалатын жұмыстар тізбесі құрылады. Істеп тұрғанда механизмдерді тексеру және реттеу жұмыстары ұйымның технологиялық регламентіне сәйкес жүзеге асырылады;

5) биіктікте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс орнына қауіпсіз кіруге ҚР ҚНжЕ 1.03-05-01 талабына сәйкес ілмелі алаңдармен немесе люлкалар, торлар мен баспалдақтармен, рештовкалармен қамтамасыз етіледі. Рештовкаларда олардың жүк көтергіштігі көрсетіледі.

Биіктігі 2 және одан көп аралықта жұмыс орындау жағдайында мықты жабулар орнатылады. Жоғарыда торсыз және люлькасыз жұмыс орындау кезінде сақтандырғыш белдіктер қолданылады.

Жарақталғаннан кейін люлькалар және аспалы алаңдар, баспалдақтар, торлар, қабылдау актісін толтырумен комиссиялармен қабылданады;

6) жабындыларға, алаңдардағы барлық қуыстары тақтайлармен қоршалады, ал адамдардың өтуі үшін арналған люктар ілмекті қақпақтармен жабылады;

7) жоғарыдан әр түрлі материалдарды және құрал-жабдықтардың бөлшектерін лақтыруға жол берілмейді;

8) жөндеу кезінде ауыр заттарды тасымалдау мен көтеруді (құрал-жабдықтар бөлшектерін, конструкцияларын, құрылыс материалдарын тағы сол сияқты) механикаландырылады.

Жүкті көтеру үшін газ құбырларын және олардың аспалы бағаналарын тірек ретінде қолдануға жол берілмейді;

9) жөндеу жұмыстары және материалдар қоймасын орналастыру үшін құрылыс алаңдарын ұйымдастыру кезінде теміржол жолдары арқылы өтуге арнайы өткелдер қарастырылады.

Ағаштарды, кірпіштерді және тағы да басқа құрылыс материалдарын қоймалау кезінде келесі талаптарды сақтайды:

алаңның тегіс және таза болуы;

кірпіштер штабельдерге 1,8 м аспайтын биіктікте байланысып жиналады, ал ауыр салмақты отқа төзімді кірпіштер 1,4 м биіктіктен аспайтындай етіп жиналады;

материалдар штабельдерінің араларындағы өту жолдарының ені 1 м кем емес, отқа төзімді материалдар дымқылданудан қорғалады, ұнтақ материалдар олардың кірленуін және дымқылдануын болдырмайтын қамбаларда немесе бөлек жабық бөлмелерде сақталады;

10) өндеу жұмыстарын жобада жасауда жұмыс орындарына, шеберханаларға, жұмысшылардың демалу орындарына және тағы басқа орындарға қауіпсіз келуі қарастырылады. Барлық жөндеулердің жүргізілген уақытында демалу орындары мен өткелдердің жағдайына жүйелі бақылаулар ұйымдастырылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін орындар және барлық өту жолдары күші бар нормаларға сәйкес жабдықталады, материалдар қалдықтары мен қоқыстар жүйелі түрде жинастырылып тұрады;

11) автогенді-пісіру жұмыстары жүргізілетін орындарға оттегі тарату рамптардан келтіріледі. Оттегін баллондармен беруге осы Талаптың 124 тармағының 14 тармақшасының талаптарын сақтай отырып ерекше жағдайларда рұқсат етіледі;

12) жөндеу жұмыстарының телімдерінің ауасына берілген нормадан жоғары зиянды қоспалардың құрамының жоғарлаған кезінде бұл телімдегі барлық жұмысшылар дереу қауіпсіз орындарға шығарылады;

13) ағаштарды бөлу қабаттар мен ярустар бойынша жоғарыдан төмен жүргізіледі. Ағаштардың барлық элементтері бөлшектенуіне қарай блоктар мен лебедкалар көмегімен тростар немесе арқандармен төмен түсіріледі. Ағаштар бөлшектенер алдында қоқыстардан тазартылады. Ағаштарды әзірлеу бақылау тұлғасының бақылауымен жүргізіледі;

14) жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін әрбір агрегаттың қоқыстары, қалған материалдары жиналып, барлық қоршаулары қалпына келтіріліп, ал құрал-жабдықтар жөндеу ведомостына сәйкес боялады.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуынан кейін пештердің ішінде жұмыс істеген, жабу аппараттарында, ауа қыздырғыштарда, шаң ұстағыштарда жұмыс істеген адамдардың есептеуі жүргізіледі;

15) цехта бөлшектердің қорын және құрал-жабдықтарды сақтау үшін келу жолдарымен және жүк көтергіш құралдармен жабдықталған қойма бөлмелері қарастырылады.

230. Салу аппараттарын және колошниктік құрылғыларды жөндеу:

1) салу аппараттарын және колошниктік құрылғыларды жөндеу келесі талаптарды сақтаумен жүргізіледі:

үлкен конустың және тостағанның әрбір жөндеуін жүргізуге олардың қауіпсіздік шарасын қарастыратын және ұйымның техникалық башысымен бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру жобасы құрастырылады;

қажет болса пешке материалдарды тиеу тоқтатылады;

жұмыстар газдан құтқарушылардың бақылауымен және наряд-шақтама бойынша тағайындалған жауапты адамдармен кем дегенде екі жұмысшымен жүргізіледі;

2) салу аппараттарды және қорғаушы сегменттерді ауыстыру колошниктерде газдардың тұтатулары бар пешті тоқтатқаннан кейін шихталарды қождардың түйіршіктерімен немесе ұсақ руданы салғаннан кейін жүргізіледі. Бұл кезде сопло алынады, ал үрлегіштер отқа төзімді массамен тығыз толтырылады.

Жұмысты жүргізу газ құтқарушылардың үнемі бақылаулары және ауаның зиянды қоспалардың жүйелі сынама алуы кезінде рұқсат етіледі.

231. Домна пештерін, ауа қыздырғыштардың және шаң аулағыштарды жөндеу:

1) домна пешінің әрбір күрделі жөндеуге тоқтатылар алдында ұйымның техникалық басшысы және жөндеу ұйымының техникалық басшысымен пешті жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасы және ұйымның техникалық басшысымен бекітілген пешті тоқтату және үрлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру жобасы құрылады;

2) домна пештерінің қайта конструкциялануы мен жөндеу жүргізілуі ауа қыздырғыштарды күрделі жөндеулермен бірдей орындалады. Кідіртпестен жөндеуді талап ететін ауа қыздырғыштар домна пештерінің жөндеуін күтпей жөнделеді;

3) домна пештерін тоқтатқанда және сөндіргеннен кейін шаң ұстағыштар мен газ құбырлары буландырылады және желдетіледі;

4) домна пешінің қаптамалары, ауа құбырлары, шаң ұстағыштар және ауа қыздырғыштар күрделі жөндеуден кейін эксплуатацияға жіберер алдында ҚР ҚНжЕ 5.04.-18-2002 сәйкес беріктікке және тығыздыққа сыналады. Ауа қыздырғыштар оларда астарды сақтаған жағдайда тығыздыққа сыналмайды;

5) күрделі жөндеулер кезінде пештабандардың және қаптамалардың қабырғаларын қалау жобаның қалыңдықтарына сәйкес толық қалпына келтіріледі. Пештабандар мен ірге тастарда шойын төртағанда тастауға жол берілмейді;

6) ауа қыздырғыштардың, ауа құбырларының, шаң ұстағыштардың және басқа да металл конструкцияларына күрделі жөндеу жүргізу кезінде сыртқы беттері боялады;

7) пештер ішінде жұмысшылардың болуына байланысты жұмыстар келесі талаптарды сақтай жүргізіледі:

жұмыс орындарының ауа алмастырғыштары зияндыларды ауа ортасына сәйкес қамтамасыз етіледі; ауа ортасының жағдайы жөндеу жұмыстарының басталуына дейін және олардың орындалу үрдісінде де бақыланады;

пеш ішінде жұмыс істейтін адамдар үшін көпірлер немесе аспалы люлькалар қарастырылады; материалдардың үстінде тұрып жұмыс істеуге жол берілмейді;

жұмыс істейтіндерге металл конструкциялары ілініскен шихта материалдары және отқа төзімді қаламаның құлауы және қирауына жол берілмейді; газ қауіпті орындарда жұмыстарды жүргізу туралы газдан құтқару қызметі алдын ала ескертіледі;

8) домна пештерін пештердің жанының алаңын жөндеуді бастар алдында пештердің баспалдақтары және алаңдары, ауа қыздырғыштары, шаң аулағыштары және басқа жабдықтары шаңнан және қоқыстардан тазартылады;

9) жөнделініп жатқан домна пешінің ауданында теміржол көлігінің қозғалысының жылдамдығын 3 км/сағ дейін шек қоятын белгілер орнатылады;

10) домна пештерінің шаң аулағыштары және ауа қыздырғыштарын жөндеуде газ құтқарушылардың тәуліктік кезекшіліктері ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу наряд-шақтамамен рәсімделеді;

11) көрші әрекеттегі домна пештерінен шаң аулағыштардан және газ құбырларынан келген газдармен уланудан сақтандыру үшін жөндеу жұмыстарын жөндеу орындарында ауада көміртегі тотықтарының бар болуын жүйелі бақылау жүргізіледі;

12) қаламаны бөлшектеу, металл төрттағандары мен төсемдерін қопару әдісімен жою Қопарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабына және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Қаламаларды бөлшектеу кезінде шаңды басу үшін алдын ала ылғалдауды қолдану кезінде адамдардың ыстық сумен және бумен күюін болдырмау шаралары қаралады;

13) домна пешінен шихталардың қалдығын және кірпіштер сынықтарын шығару арнайы құбырлардың, транспортерлердің, скреперлердің, қондырғылардың, гидромониторлардың немесе механикаландырудың басқа да құралдарының көмегімен жүргізіледі. Материалдарды жұмыс жүргізу орындарына келтіру механикаландыру қаралады;

14) су құю мен шихта қалдықтарын бір уақтылы жинастыруға жол берілмейді.

Көрікке оны тазалау, үрлеу үшін адамдар жіберуге тек шахтаны мұқият тексергеннен кейін, құлап кетуі мүмкін кірпіштер басқа да қалдықтар тазаланғаннан кейін рұқсат етіледі. Кірпіштер қалдықтарын және қалдықтарды құлатып түсіру шахтада салынған тесіктер арқылы немесе пештің жоғары жағынан жүргізіледі;

15) шойын астаулар деңгейінен төмен, түбінде қалған шойынды шығару бойынша барлық дайындалған жұмыстар домна пешін тоқтатқанға дейін орындалады.

«Төрттағанды» күйдірудің алдында көліктердің тоңазытқыштар тесіктерін су құбырларын айналдырып жүруші қосқыш құбырлар алынады және сөндіріледі. «Төрттағанды» саңылауларды соңғы бөлу шойынды шығарар алдында жүргізіледі.

Көп көлемді шойынмен тұрған пештерде екі «төрттағанды» әртүрлі деңгейдегі екі саңылау болады: үстіңгі саңылаулардан металл шөмішке жіберіледі, ал төменгі арқылы дайындалған ыдыстарға жіберіледі. Шойынның әрбір шығару уақытында қоршап тұру постылары ұсынылады;

16) қопару жұмысынан кейін пешке адамдарды жіберуге оның желдетілуіне, тексерілінуінен, қопару жұмыстарын жүргізуге жауапты тұлғамен қорғаушы құрылғылардың жағдайын тексергеннен кейін рұқсат етіледі;

17) ауа қыздырғыштарды тазалау және жөндеу келесі талаптарды сақтаумен жүргізіледі:

ауа қыздырғыштар ыстық және суық үргіш ауа құбырларынан және метал бұқтырмалы газ құбырларынан ажыратылады;

барлық қалқаншалар (газдық, түтіндік, ыстық және салқын үрлеудің) тығыз жабылуы керек; қалқаншалардың механикалық жетектері сенімді ажыратылу, ал электрліктері сөндіріледі;

ауа қыздырғыштар жұмыстың басталуы алдында 400 С жоғары температураға дейін салқындатылады;

ауа қыздырғыштар барлық жөндеулерде желдетіледі, сығып толтырылған ауа ауа қыздырғышқа жақсы қысым жасап және төменгі люктер арқылы шығарылады;

домна цехтары әкімшілігінен құралған жауапты тұлғалар ауа қыздырғышқа газдың тиюін болдырмаудың барлық шараларын қабылдайды;

ауа қыздырғыштарға адамдарды ауада көміртек тотықтарының қоспасы 20 мг/м3 аспау керектігін, ал оттегі 19 % кем болмау керектігін талдауларын алғаннан кейін жіберуге рұқсат етіледі;

ойықтар астындағы және күмбездердегі жану камераларының люктері ашылады;

люктерді жабу және ауа қыздырғыштарды пайдалануға кіргізу ауа қыздырғыштарда адамдардың жоқ екенін тексергеннен кейін ғана жөндеуге немесе тазалауға жауапты тұлғаның рұқсатымен жүргізіледі;

18) ескі саптамаларын сақтай отырып ауа қыздырғыштардың өту қабырғаларын бөлу кезінде арнайы ыдыраулардың көмегімен бекітіледі;

19) жөнделетін ауа қыздырғыштарда және оның жұмыс алаңдарында екі сағат сайын ауаның тазалығына талдау жүргізіледі;

20) ауа қыздырғыштардың қалқаншаларында немесе жұмыс алаңдарында адамдардың болуымен байланысты соңғы автоматты тәртіптегі жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қолмен басқару жүргізіледі;

21) ауа құбырлары жөндеу алдында пештерден және ауа қыздырғыштардан бөлінеді. Соплалар алынады, ал үрлегіштер лаймен тығыздалады, ауа құбырларындағы барлық люктер ашылады.

Ыстық ауа өткізгіштерге жұмысқа адамдарды жіберер алдында ауа қыздырғыштан ыстық ауа өткізгішке тікелей ауаның тартылмайтындығы және газ қалқаншаларының сенімді жабылғандығы тексеріледі. Ауа өткізгіштерде адамдар бар болған кезде ауа қыздырғыштарды қалқаншалармен маневрлеуге жол берілмейді. Қалқаншалар жетектері сөндіріледі, ал қосу құрылғылары бекітіледі;

22) ауа қыздырғыштарда жұмыстарды үзілістен кейін қайталау газ құтқарушы станция жұмысшыларымен ауа қыздырғыштардан алынған ауа талдауынан кейін рұқсат етіледі;

23) ауа қыздырғыштарды қыздыру және кептіру арнайы кестеге және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі;

24) ішінде адамдардың болуымен байланысты шаң аулағыштарды тазарту және жөндеу келесі талаптарды сақтаумен жүргізіледі:

домна пештері колошниктерде газ тұтатқышымен сөндіріледі; газ құбырлары және шаң ұстағыштар газ тасымалдағыштардан бөлінеді және ауаны талдап тексергеннен кейін желдетіліп көміртегі және оттегі тұнбаларына талдау жасалғаннан кейін желдетіледі; бұл кезде СО концентрациясы 20 мг/м3 артық емес, ал оттегі 19 % кем емес;

шаң ұстағыштар шаңнан толықтай босатылады;

торлар немесе аспалы люктер орнатылады;

қақтарды және шаңдарды өшіру жоғарыдан төмен жүргізіледі;

жұмыс бақылаушы тұлғаның және газ құтқарушылардың қатынасуымен кем дегенде екі жұмысшымен орындалады;

әрбір екі сағат сайын шаң аулағыштағы көміртегі оксидінің құрамына ауа талдауы жүргізіледі; көміртегі оксидінің концентрациясы рұқсатты санитарлық нормалардан асып кеткенде жұмыстар газдан құтқару аппараттарын қолданумен орындалады;

металл тормен қорғалған 12 Вольт жоғары емес кернеулі тасымалданатын жарықтандырғыштар қолданылады;

25) ағымдағы жөндеулер мен оларға дайындықтар қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар көрсетілген жұмысты ұйымдастыру жобасымен (ЖҰЖ) ресімделеді. ЖҰЖ жоқ кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді;

26) домна пештерін кезеңдік жөндеулерінен ауытқу жобалау ұйымдарының өкілдерінің қатынасуымен комиссия актісімен рәсімделеді.

Кезеңдік жөндеулердің уақытын ұзарту туралы шешімінің актісі мерзімінің аяқталуына бір айдан кешікпей құрылады.

22. Санитарлық талаптар
233. Жалпы талаптар:

1) санитарлық тұрмыстық бөлмелерді және құрылғыларды салу және жобалау әрекеттегі күші бар санитарлық нормаларға және құрылыс нормалары мен талаптарға сәйкес жүргізіледі;

2) тұрмыстық бөлмелерде сыртқы кірулер үймереттердің сыртынан 7 метр жақындықта өтетін теміржол жолдары жағында орналастырылады;

3) ішетін суды жөндеу пункттері мен дәретханаға кәріздер мен буды, суды келтіруде газдың тиюін ескерту үшін суды, буды және кәріздерді домна пешіне келтіруге байланысты емес және газ тазалағыштар мен басқа газ құрылғыларымен өздігімен жүргізіледі;

4) домна цехындағы барлық жұмыс істейтіндер ішетін сумен қамтамасыз етіледі. Қажетіне қарай домна пештерінде суды қайнату суды дайындау үшін орталықтандырылған қондырғылар қарастырылады.

Домна пештерінің жұмыскерлерінің ішу тәртібі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады;

5) өндірістік бөлмелер жұмыс зонасындағы ауадағы улы заттардың мөлшері МСТ 12.1005-88 сәйкес сақталады.

234. Жарықтандыру:

1) табиғи және жасанды жарықтандырулар ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002, ПУЭ сәйкес орындалады;

2) домна цехтарында жарықтандырудың келесі түрлері қаралады:

жұмысшы;

жұмысты жалғастыру үшін-апаттық;

адамдарды шығару үшін-апаттық;

Апаттық жарықтандыру құрылғылары ПУЭ сәйкес орындалады;

3) пештердің дөңгелек алаңдары бойынша 12 Вольттан аспайтын кернеулердің бөлгіштерін орнатуға рұқсат етіледі.

Жеке электр шамдары желіге кабельмен немесе кернеулі 500 Вольттан кем емес оқшауланған көп тармақты иілгіш сымдармен қосылады;

4) жұмыстық және апаттық шамдар оларға қызмет көрсету кезінде қауіпсіз, мықты орнатылған қажетті жарықтандырумен қамтамасыз етіледі;

5) арнайы баспалдақтарда қызмет көрсетудегі шамдар еденнен 4,5 м кем емес биіктікте ілінеді және конвейерлер лентасы мен жабдықтардың астына орнатылмайды. Шамдарға баспалдақтардан қызмет көрсету жағдайы қиындағанда алаңдар жасалады.

Крандардың немесе кран тіректердің астында орналастырылған шамдарға қызмет көрсету үшін қайта құрастырылатын және қайта салынатын пештерде арнайы алаңдар қаралады;

6) домна астындағы үймереттердің шахта пештерін жарықтандыру үймереттер қабырғасына орналасқан алаңдарда жүргізіледі.

234. Желдету:

1) жаңадан салынған және қайта құрылған домна цехтарының (пештердің) желдеткіштер қондырғылары өнеркәсіптік кәсіпорын жобаларының санитарлық нормаларға, талаптарға және құрылыстық нормалардың талаптарына сәйкес келеді;

2) құрылысты және монтаждауды аяқтағаннан кейін желдету жүйелері жобаның қуаттылығына реттеліп және тиімділікке сыналады. Желдеткіш жүйелер жұмысының тиімділігін тексеру жылына бір реттен кем емес, ал қайта құруын және күрделі жөндеуден кейін жүргізіледі. Тексеру актілері және кемшіліктерді жою шаралары ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі;

3) желдеткіш қондырғыларды эксплуатациялауға қабылдау мен жөндеу, сынау, құрылыстық нормалармен ережелердің талаптарына сәйкес жүргізіледі;

4) орталықтандырылған ауа мен қамтамасыз ету қаралады. Жекеленген желдеткіш жүйелер қондырғыларын қолдануға рұқсат етіледі.

Ауа жинағыштар орнын атмосфераның ластануы ең аз зонасына орнатылады; оларды таңдау берілген ауданның ауасын зиянды қосылыстар құрамын анықтау бойынша табиғи зерттеулерге негізделеді. Ауа жинағыш орындар санитарлық бақылау ұйымдарымен келісіледі.



Қабылданған қысқартулар
ТҮ АБЖ-технологиялық үрдісті автоматты бақылау, басқару және диагностикалау;

АТБ-автоматты телефон байланысы;

БӨА-бақылау-өлшеу аспаптары;

ШҚТМ-шойын құю тесігін тығыздауға арналған машина;

ЖҰЖ-жұмыстарды ұйымдастыру жобасы;

ҚТЕ-тұтынушылар электр қондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері;

ТЭЕ-тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау ережелері;

ЭҚЕ-электр қондырғыларының құрылғы ережелері;

ҚТД-газ және ауаның түсіп кетуінің дабыл бергіштері;

ОДП-орталық диспетчер пункті;

ЭЕМ-электрондық-есептеуіш машиналары.

________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет