Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А



бет55/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137
annotation81765



2.2.5 Идеал газдың күй теңдеуі




Газдың термодинамикалық параметрлері. Көріп отырғанымыздай, газдың қасиеттерін сипаттау үшін молекулалар әлемін (микро әлемді) сипаттайтын шамаларды пайдалануға болады. Бұлар: молекуланың энергиясы, оның жылдамдығы, массасы т.с.с. Мұндай шамалардың сан мәндерін тек есептеулер жүргізу арқылы ғана анықтауға болады. Барлық осындай шамаларды микроскопиялық шамалар деп атайды (“микрос” – грекше кішкентай деген мағына береді).
Бірақ газ қасиеттерін сипаттау үшін сандық мәндері приборлардың көмегімен өлшеулер арқылы анықталатын шамаларды, мысалға, газдың қысымын, температурасын және көлемін пайдалануға да болады. Мұндай шамалардың мәндері молекулалардың орасан зор санының көмегімен анықталады, сондықтан оларды макроскопиялық шамалар (“макрос” – грекше үлкен дегенді білдіреді).
(2.15) қатынас р=(2/3)n0 газдардың микроскопиялық және макроскопиялық шамаларының арасындағы байланысты тағайындайды. Сондықтан да (2.15) формуланы газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі деп атайды. Газ күйін сипаттайтын макроскопиялық шамаларды газдың термодинамикалық параметрлері деп атайды. Газдың ең маңызды термодинамикалық параметрлері оның V көлемі, р қысымы және Т температурасы болып табылады.
Егер газдың белгілі бір m массасын алатын болсақ, онда тұрақты р, V және Т кезінде газ тепе-теңдік күйде болады. Осы параметрлер өзгерген кезде газда қандай да бір процесс өтіп жатады. Егер осы процесс бірінің артынан бірі ілескен газдың тепе-теңдік күйлерінің қатарынан тұратын болса, онда бұл процесс тепе-теңдік процесс деп аталады. Тепе-теңдік процесс өте баяу өтуі тиіс, себебі параметрлердің өте тез өзгерісі кезінде газдың қысымы мен температурасы оның көлемінің барлық нүктелерінде сәйкес түрде бірдей мәндер қабылдап үлгере алмайды. Бұл тарауда біз тек тепе-теңдік процесстерді ғана қарастыратын боламыз, әрі газдың массасы тұрақты болады деп санаймыз.
Газдағы процесс аяқталған кезде газ жаңа күйге өтеді, ал оның параметрлері өздерінің бастапқы мәндерінен өзгеше болатын жаңа мәндерді қабылдайды. Егер тұрақты масса кезінде газдың барлық параметрлерінің мәндері процестің басында және ақырында бірдей болып шықса, онда процесс дөңгелек немесе тұйықталған процесс деп аталады.
Қайсы-бір параметрлердің процестің басындағы және ақырындағы мәндерінің арасындағы байланысты тағайындайтын қатынас газ заңы деп аталады. Газдың барлық үш параметрлерінің арасындағы байланысты өрнектейтін заң біріккен газ заңы деп аталады. Тағы бір айта кететін нәрсе, газдың бір ғана параметрі өзгеретін процесс кездеспейді, себебі барлық параметрлердің мәндері өзара байланысты болады. р және Т арасындағы байланысты өрнектейтін Шарль заңы осының мысалы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет