Досанова м. М


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет4/36
Дата12.07.2023
өлшемі291.24 Kb.
#475640
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ОФПД лекция жинағы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014
4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014
5. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
2-лекция


Лекция сабағының тақырыбы: Даму психологиясының қысқаша тарихы


Сабақ жоспары:
1.Психология ғылымы дамуының негізгі төрт кезеңі
2.Философия және жаратылыстану ғылымдарынан бөлініп шығуы. В.Прейердің қосқан үлесі.
3. Даму түсінігі мен шарттары.


Сабақтың мақсаты: Психология ғылымының даму кезеңдері мен
В. Прейердің қосқан үлесі туралы жалы мәліметтерді беру
Қысқаша теориялық мәліметтер:

Қазіргі заманымызда зерттеу әдістерін төрт топқа бөліп қарастырады.


• Бірінші топ ұйымдастыру әдістері деп аталады. Бұған салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер жатады.
• Екінші топқа эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады.
• Үшінші топты мәліметтерді өңдеу әдістері (статистикалық талдау, сапалық талдау) жатады.
• Төртінші топты интерпретациялық әдістер құрайды. Оларға генетикалық (даму деңгейлерінің «вертикалды» байланыстарын қарастырады) пен құрылымдық (даму деңгейлерінің «горизонталды» байланыстарын қарастырады) әдістер жатады.
Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б.з.д. VI ғ.), Демокрит (б.з.д. V ғ.) жан-табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім-психиканы адам тәнінің қызметі деген бірыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д. 427-347 жж.) жан-мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, “Жан туралы” деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің (психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналған-ды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті, объективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды.Психиканың дамуы, адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамуының негізгі субъектісі екендігі К.Маркс, Ф.Энгельс, Л.Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл-ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп, XIX ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзене асып, оның шынайы мәні айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.
Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.
Психологияғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психологияконцепцияларды өмірге әкелді.
Даму — қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық ғылыми категория. Ол қалыптасу категориясымен салыстырғанда анағұрлым нақты.Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі.
Даму:
1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;
2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.
Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. ХІХ ғ Э. Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген заң қалыптастырды.Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәденитарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді. Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХVІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:
1. Тұқымқуалаушылық
2. Орта
3. Тәрбие
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темпераментжәне қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие – флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал.Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай басшылық жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не екенін жақсы түсіну керек.Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – тәрбие. Баланың психикалық дамуына үлкендер тәрбиесінің әсері мол.Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды. Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту үдерісінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С.Выготский енгізген.
Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Л. С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі — берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі — жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.
Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді. Ж. Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, «бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек», — деді. Л.С.Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л.С.Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, — дейді. Бұл пікірдің сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.Соңғы жылдары ресей педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы В.В.Давыдов батыс ғалымдарының М. Коул, Д. Шерп, Ч.Лейв, Ж.Пиаженің пікірлерін қолдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет