Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қазақ энциклопедиясы
Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.
Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011
Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014
Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014
3-лекция
Лекция сабағының тақырыбы: Оқушы жасындағы баланың жеке тұлғалық қалыптасуының психологиялық проблемасы
Сабақ жоспары:
Даму үрдісінің ерекшеліктері
Жеке тұлға дамуының қайнар көзі мен қозғаушы күші және шарты
Сабақтың мақсаты: Даму үрдісінің ерекшеліктері және даму теориялары туралы түсінік беру
Даму дегеніміз жаңа механизмдердің, процестердің, құрылымдардың жаңадан туындауы және сапалық өзгеруі. Ал енді осы дамудың бірнеше теорияларын қарастырақ. Психоаналитикалық теорияның негізін салған З.Фрейд болды. Психикасында ауытқуы бар адамдарды зерттеу барысында ол ауытқулардың Бәрінің органикалық себебі денесінде немесе жүйке жүйесінде емес, көп жағдайда оны санадан немесе адамның жеке проблемасынан қарастырып, іздестіру керек деді.З.Фрейдтің ойынша бұл себептердің тамыры ерте нәрестелік кезеңде жатыр. Бала өзінің зорлық- зомбылығын ешкімге айта алмайды да , ол терең санасыздыққа ,бейсанаға кетеді. Осы терең психикалық жарақат жанаса береді де, балаға көптеген ыңғайсыз қобалжу жағдайларын туғызады. Бұл азаптан арнайы терапия формаларын қолдану арқылы құтылуға болады. Бұл әдіс психоанализ деп аталады. Теория негізі- өмір сүру түйсігі (эрос) пен өлім ( танатос) және мораль мен мәдени норма жиынтықтары арасындағы дағдарыстар теория негізі.Бала дүниеге туа бітен еліктеу түйсіктерімен келеді Фрейд оны «либидо» немесе «оно» деп атаған. Бала тәртбінің негізгі себептері осы түйсікті тілекті қанағаттандыру болып табылады. Мұны Фрейд « қанағаттану принципі» деп атап көрсетті .Алайда, нәрестелік кезеңнен бала өзінің тілектерін қоғам талабына сәйкестендіре бастайды. Жазалаудан қорқу барысында ол өзінің түйсікті тілектерін ұстамдылықтың арқасында сыртқа шығармайды. Осыдан психиканың келесі инстанциясы «Мен» немесе «Эго» пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |