Досанова м. М



бет6/36
Дата12.07.2023
өлшемі291.24 Kb.
#475640
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ОФПД лекция жинағы

Когнитивті даму теориясы.Бұл теорияның негізін салған Ж.Пиаже . Ол Ч. Дарвиннің биологиялық эволюция теориясы бойынша негізделген , баланың ақыл ойының дамуын қоршаған ортаға бейімделумен қарастырады. Пиаже тұжырымдамасының негізі баланың ойша әрекеті және ол қайтарымдылығымен сипатталады . Адам өзінің алғашқы ойлау үрдсіне қайтып келеді. .Пиаженің пікірнше операцияларды меңгеру және оның қайырымдылығы баланың ақыл- ой дамуының қайнар көзі.
Ж. Пиаженің ақыл- ой дамуының кезеңдері
Сенсорлық кезең---0ден 2жасқа дейін --.Бала дүниені әрекет арқылы
қабылдайды. Баланың моторлы
қабілеті кеңейіп , 2 жаста бала
өзінің іс-әрекеттерін мақсатты
бағыттай алады.
Нақты операция кезеңі—2-11жас-Бала іс-әрекетпен орындау туралы
ойша болжайды.
Операцияға дейінгі кезең-2-6 жас. Ой эгоцентрлі.
Операциялы кезең---6-11жас Балалар логикалық ойлауға қабілет-
ті болады. Қиял шындыққа сәйкес бола-
Бала логикалық операцияларды нақты
обьектілерге байланысты қарастырады.
Формальды операция кезеңі--
12жастан ересектік
кезеңге дейін---абстрактілі ойлау қасиетіне ие болады
Теорияның негізі бейімделу категориясымен де байланысты. Бейімделуді Ж.Пиаже адаптация дейді. Адаптация мен аккомодация арқылы жүзеге асады . Аккомодация --балада бар дайын ойлау құрылысына жаңа, белгісіз құбылыстарды енгізуге тырысу Аккомодация - өзгерістерді енгізу және оның қоршаған ортаға бейімделуі. Мысалы, бала қызанақты ең алғаш көргенде, оның сыртқы белгілеріне қарап доп деп ойлауы мүмкін, яғни оны таныс заттар категориясына енгізеді, ассимиляциялайды. Алайда қызанақ қабырғадан шоршымайды, онымен ойнауға болмайды , яғни енді ол затты ойша реалды заттпен салыстырады , жаңа түсініктер пайда болады, яғни аккомодация жасалады.
Бихевиоризм және әлеуметтік даму теориясы. Бихевиоризм және әлеуметтік даму теориясының негізгі зерттеу пәні баланың ішкі дүниесі емес, бақыланатын мінез- құлық тәртібі.Сондықтан бұл бағыт «бихевиоризм» (behavior—тәртіп ) дегенді білдіреді. Теорияның қайнар көзі И.Павловтан басталады. Одан әрі адамға байланысты қарастырған Дж. Уотсон (S-R) « стимул-реакция» сұлбасын ұсынады. Күрделі қарым- қатынас кезінде бұл сұлба өзінің әлсіздігін көрсетті. Необихевиоризмнің негізін салған Э .Толмен бұл сұлбаға толықтыру енгізді. Ол-S-R ортасына “аралық айнымалы» енгізеді де , сұлба S-V-R болады .Аралық айнымалыға ішкі толқымалы сезімдер (тілек , сөз , және т .б ) енді.Бихевиоризм негізінен бала дамуы тек үйретудің сандық үрдісі, яғни нышандар, дағды бірте- бірте қалыптасады. Теорияның күшті жағы: психологияға нақтылық , обьективтілік , өлшем деген түсініктер енді. Әлсіз жағы: адам санасын есепке алуға болмайды , баланың белсенділігінің , ерік- күш жігердің болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет