«Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет2/9
Дата22.02.2016
өлшемі3.22 Mb.
#15
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Халықова Г.З.,  Сыдықова М. Бағдарлы оқыту жағдайында «ActionScript» тілін оқытудың ерекшеліктері// Журнал «Ізденіс», ҚР БҒМ халықаралық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан жоғары мектебінің қосымшасы», №2(1)/2011.

2. Халықова Г.З.,  Бөрібаев Ж. Мacromedіa Flash технологиясында электрондық оқулық жасау әдісі//«Кредиттік оқыту технология шартына сәйкес болашақ мамандардың кәсіптік құзырлығын қалыптастыру:тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты ІІ халықаралық ғыл. Прак. конф.мат. 22-24 сәуір 2010 ж.328-332 бб. том 2.

3. Халықова Г.З. Болашақ информатика мұғалімдерін өзіндік іс-әрекет жүйесінде кәсіби даярлау моделі// Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. №4 (28 ), 2009. -191-196 бб.

4. Халықова Г.З., Шорникова О., Ануарбекова Г. "Реализация принципов проектирования в учебном процессе как условие подготовки студентов"// Материали за VII международна научна практична конференция «Ключови въпроси в свъеременната наука – 2011. 17-27 април 2011 г. Том 25. Педагогически науки. София «Бял ГРАД-БГ» ООД 2011.



Дәріс 3

Тақырыбы: Электрондық оқулықтар- ақпараттық білім беру ресурстарының бірі

Электронды оқулықтар ақпараттық білім беру ортасының негізі болып табылады, ол оқуға қажетті материал болып табылады. Электрондық оқулықтың негізгі ерекшелігі болып оның толықтығы және материалды айту үзіліссіздігі, жаңа дидактикалық схемаларды жаңа ақпараттық амалдарды, кешенді мультимедеялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру жатады.

Қазіргі заман оқу орындарындағы технология көкейкестілігі білім беру субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара қатынасы ретінде ақпараттық қоғамда білім берудің жаңа парадигмасына өтуге себеп болды. Бұл парадигманы жүзеге асыру мектептерді компьютерлендіру мен интернеттендірумен, бағдарламалық және контенттік жабдықталуға сәйкес оларды электрондық инфраструктурамен қамтамасыз етумен, ең бастысы, кіріктірілген заманауи жетістіктердің негізінде педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайында мүмкін болады.

Осыған байланысты бүгінде бүкіл әлемдік педагогикалық қалың көпшіліктің назары материалдық негізін қолданбалы бағдарламалық өнімдер (ҚБӨ) құрайтын оқытудың жаңа электрондық түріне көңіл бөліп отырғаны белгілі. Электрондық оқыту құралдары интерактивті тақталар, мультимедиалық лингофондық кабинеттер (МЛК), интерактивті пәндік кабинеттер, электронды оқу залдары, үйдегі дербес компьютерлер болып табылады. Әрине, мектептерде электрондық оқытуды іске асырудың идеалды шарттары болған болар еді «1 компьютер – 1 оқушы» немесе, маңыздырақ, «1 пән кабинеті – 1 компьютерлік мультимедиалық сынып». Бірақ, қолайлы жағдайы төмендеу жағдайларда да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Электрондық оқыту ортасы түрлі қолданбалы бағдарламалық өнімдер болып табылады. Қазақстанда электрондық оқыту үшін жағдай жасалған, мектепте білім беру мазмұнының 90%-ы ―Электрондық оқулық― ҚБӨ түрінде әзірленді.

Біз, электрондық оқулықтарды оқытудың кезекті техникалық құралы ретінде немесе қосымша дидактикалық материал, оқу құралы, оқу-әдістемелік кешен ретінде қарастыру тәсілдерін қолдамаймыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, электрондық оқулық бір жағынан, мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға да арналған бірыңғай ақпараттық-білім беру ортаны, екінші жағынан – білім беру үрдісінің субъектілерінің қашықтан интербелсенді өзара әрекет етуі ретінде электронды оқыту технологиясын қамтамасыз етеді. Сондықтан білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің бірыңғай ақпараттық-білім беру орта ретіндегі электрондық оқулықтарға қатынасын қалыптастыру болып табылады.

ҰАО мен БАПТО-ның электрондық оқулықтары менің технологиям бойынша құрылған және мақсаттан нәтижеге дейінгі өзара байланысты компоненттердің тұтас жүйесінде автоматтандырылған оқыту үрдісін қамтамасыз етеді: модуль – гипермәтін – интерактивті тапсырмалар – оқу жетістіктерін бағалау. Олар оқыту үрдісінің міндетті компоненттерін бейнелейді: мотивациялы-мақсатты, мазмұнды, іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелі. Бұл барлық кезеңдерді міндетті түрде өту, оқыту технологиясын сипаттайды, ал технология, өз кезегінде мектеп оқушыларының белгілі нәтижеге – жоғары сапалы үлгірім жетістіктеріне жетуін қамтамасыз етеді. Бірақ кез келген технология, сабақта негізгі тұлға болып табылатын мұғалімнің тікелей әдістемелік жетекшілігін талап етеді.

Электрондық оқулықтың негізі модуль болып табылады. Бәрімізге белгілі оқытудың нәтижесі, оқушылардың оқытудың мақсатын танып-білуіне тікелей пропорционалды тәуелділігі болады, ал ЭО-ң модульі мақсатқа бағытталған қызмет атқарады, өйткені жыл бойы оқыған оқу мтериалының мазмұнын және оқыту мақсатын көрнекі және шолу түрінде меңгеруге көмектеседі, мектеп оқушысының жыл бойы меңгеруге тиісті білім жүйесін мұғалім де, оқушы да, ата-аналар да айқын және анық білуіне мүмкіндік береді.

Модуль білім беру Стандартына сәйкес мемлекеттік құжат ретінде оқу бағдарламасының логикалық-құрылымдық мазмұнын құрайды.

Қазір біздің күш-жігеріміз көптеген әдістемелік тәсілдерді енгізетін электрондық оқулықтың модулімен жұмыс істеу әдістемесін жасауға бағытталған. Оқытуды, модульді талқылау оқушылардың танымдық мотивациясын белсендіруге және оқу материалын тұтас және жүйелі ұғынуға, білім қызметін сезінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру маңызды.

Модульдің айналасынан «ақпараттық-білім беру ортаның функционалдық түйіні» ретінде барлық оқыту үрдісі бастау алады: атап айтқанда модульден гипермәтінге, тапсырмалар мен тесттерге өтуге болады. Модульге бірнеше рет ену мектеп оқушысына, негізінен «ақпараттар базасы», «мәліметтер базасы», «білім базасы» ұғымдарын береді. Бұл жағдайда біз көкейкесті педагогикалық міндеттерді шешеміз – мектеп оқушыларының ақпаратпен жұмыс істеулерін, оны өз іс-әрекеттерінде жүйелеу, талдау, жобалау әмбебап тәсілдерін қалыптастырамыз. Бір уақытта оқушылардың ақпаратқа, білім алуға деген құнды қатынастары қалыптасады. Атап айтқанда ақпараттық қоғамда бұл қасиеттер болашақ маман үшін маңызды болып табылады.

Гипермәтін оқу бағдарламасы негізінде білім беру мазмұнын игеруге бағытталған. Электрондық оқулықтың гипермәтінінің қызметі – пайдаланушыға кәсіби диктордың мәтінді дыбыстауы арқылы берілген оқу материалының анимациялық түсініктемесі, бейнекөріністер, тарихи және географиялық карталар, негізгі әдебиеттер, мұражай мұрағаттары және т.б. білімдерді игеруге көмектесу. Мұнда есте сақтау мен ойлау қызметтерінің барлық түрлері белсендіріледі, оқушылар түрлі іс-әрекет түрлеріне қосылады.

Мұғалімдердің міндеті – ақпараттық білім беру ортасы ретінде мектеп оқушыларының гипермәтінмен жұмыс істеуін ұйымдастыру, осы ортада оларды бағдарды анықтауға үйрету. Ақпаратты игеру оқытудың ұжымдық та, топтық та және жеке дарасияқты әдістерін қолданып жүзеге асыра алады. Осы кезде қандай әдістемелік тәсілдерді пайдалану және оларды сабақтардың өткізілу барысында қалай үйлестіру – бұл пилоттық жобаға қатысушылардың міндеті.

Интерактивтік тапсырмалар алынған білімдер мен біліктерді бекіту мақсатымен әр түрлі тексеретін жаттығулар әрекеттерінің есебінен оқу материалын қолдану және бекіту процесін автоматтандыру мүмкіндігі болып табылады. Бұл компоненттің басты міндеті оқушы ақпаратты тек енжар қабылдамас үшін, өзі оқу-танымдық іс-әрекетке белсенді түрде қатысуға саяды. Оқыту процесін қарқынды етуге тапсырмалардың алуан түрлі типтерінің есебінен іс-әрекеттің мүмкін болар максимум түрлеріне оқушылардың максимал санын қамту арқылы қол жеткізіледі. Осы кезде еркін қалаушылық атмосфера жасалады: оқушы бұрыс жауап беруден қорықпайды, өйткені электрондық оқулық өз жауаптарын қайталауға және түзету енгізуге мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары сабақта тапсырмаларды орындау кезінде мұғалімнің қалып қойғандарға көмекке келуге, жеке сұрақтарға жауап беруге, сабақтың келесі кезеңіне дайындалуға және т.б. уақыты босайды.

Химия, физика және биологиядан жасалған электрондық оқулықтарда компютердің көмегімен интерактивтік режимде табиғи ғылыми тәжірибелер жасауды қамтамасыз ететін виртуальдық зертханалық жұмыстар бар. Мұндай жұмыс сезінерлік нәтиже береді, тәжірибелерді шынайы өткізу үшін мүмкіндік жоқ кезде оқушылардың табиғи-ғылыми тәжірибемен танысуына мүмкіндік береді.

Білімдерді тексеруге автоматтандырылған тестілеудің есебінен қол жеткізіледі, ол оқушылардың оқу жетістіктерінің объективті бағасын береді. Бұл компоненттің педагогикалық мағыздылығы білім алушылардың өзін-өзі адекватты бағалауын қалыптастырады. Оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалауға көп уақыт жоғалтпастан ата-аналардың өздері қатысуға шынайы мүмкіндік пайда болады.

Электрондық оқулықтарды құрастырудың барлық технологиясы танымдық қызмет пен ойлау қызметін қалыптастырудың ауыспалы кезеңдерін бейнелейді: іс-әрекетпен алдын ала танысу; сыртқы тілдік әрекетті қалыптастыру; ішкі тілдік әрекетті қалыптастыру; ойлау процесінің тереңдігіне өту.

Осылайша, электрондық оқулықтардың технологиясын әзірледік, енді мұғалімдермен бірге пәндік білім саласы есебімен ақпараттық-білім беру ортада оқыту әдістемесін жасауға кірістік. Герцен атындағы РМПУ профессоры, академик З.И.Васильева айтқандай, «... мектеп пен ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттерді дайындығы жақсы, тек білімдік және тәрбиелік міндеттерді практикалық сауатты шешуге қабілетті ғана емес және де олардың ғылымдық жасақтамасын жобалауға, жетілдіруге қабілетті мұғалім шеше алады»

Бақылау сұрақтары:



1. Электрондық оқулықтардың технологиялық құрылымы?

2. Электрондық оқулықтың гипермәтінінің қызметі




Дәріс 4

Тақырыбы: FRONT PAGE ТІЛІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Front Page Web-беттер мен Web-түйіндер құруға арналған Microsoft Office 2003 құрамына кіретін программа. Аспаптар тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып бетке мәтіндік және графикалық информациялар, навигациялар тақтасы мен бір беттен екіншісіне өту үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Front Page-дің басқа да кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарын, түрлі анимацияларды және т.б. пайдалану мүмкіндігі бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату үшін шаблондар мен шеберлерді пайдалануға болады. Front Page программасы Web-түйінге Microsoft Office-тің құрамына кіретін Word, Excel, Access және Power Point сияқты программаларда дайындалған құжаттарды енгізуге мүмкіндік береді.



Front Page программасын іске қосу үшін орындалатын команда: Пуск-Программы- Microsoft Front Page. Программа іске қосылғанда экранда оның негізгі терезесі ашылады.

 Front Page программасының стандартты аспаптар тақтасы 

Front Page программасында қолданылуына байланысты әртүрлі түймелер жиынтығынан тұратын көптеген аспаптар тақтасы бар. Қандайда бір жұмыс режиміне көшкенде программаның негізгі терезесінде қажетті аспаптар тақтасы пайда болады. Мысалы, Web-түйінді көру режимі мен есеп құруға өткен Reporting тақтасы қосылады, ал графикпен жұмыс істегенде Pictures тақтасы қосылады. Аспаптар тақтасын экранға шығару үшін View(Түр) мәзіріндегі Тoolbars (Аспаптар тақтасы) командасын орындау керек. Бұл команда орындалғанда Front Page программасының барлық тақталар тізімі шығады.

4.1-кесте. Front Page программасының аспаптар тақтасы.

 

Аспаптар тақтасы

Қызметі

Standart

Стандартты аспаптар тақтасы

Formatting

Форматтау тақтасы.

DHTML Effects

Web-бетте динамикалық HTML эффектісін құрады.

Navigation

Навигация тақтасы, Navigation режимінде жұмыс істеуге арналған.

Pictures

Суреттермен жұмыс істеуге арналған аспаптар тақтасы.

Positioning

Обьектілерді позициялауға мүмкіндік беретін түймелерден тұрады.

Reporting

Web-түйіндегі құрастырылатын есеп типтерін жасауға мүмкіндік беретін аспаптар тақтасы.

Style

Безендіру стилін жасауға арналған аспаптар тақтасы.

Table

Кестелерді құру мен модификациялауға арналған түймелерден тұрады.

 

Мәзірдегі керекті тақтаны таңдағанда оның сол жағында белгі (V) пайда болып, қажетті тақта негізгі терезеде көрінеді. Экрандағы керек емес тақтаны алып тастау үшін мәзірдегі сәйкес келетін команданы қайта таңдау қажет, сонда ол Front Page программасының негізгі терезесінде көрінбей қалады.

Аспаптар тақтасының тізімін экранда көру үшін курсорды Front Page программасының негізгі терезесінде орналасқан кез келген аспаптар тақтасына 

Жұмыс режимі тақтасы. Front Page программасында Web-түйінді көру мен құрудың 6 түрлі режимі бар. Осы режимдердің біріне өту үшін негізгі терезенің сол жағында орналасқан 6 батырмасы бар Views жұмыс режимі тақтасы қолданылады (1.2-кесте).

4.2-кесте. Жұмыс режимі тақтасының түймелері.


Түйме

Аталуы

Қызметі

 

Page

Беттерді көру және редакциялау. Берілген режимде  Front Page программасының жұмыс облысында бұрыннан бар  Web-беттерді редакциялауға немесе жаңасын құруға болады.

 

Folders

Web-түйінде құрылған бумалардың құрылымын көру.

 

Reports

Есептерді көру. Бұл режим  Web-түйіндегі есептерді құру мен көруге арналған.

 

Navigation

Web-түйін құрылымын жобалау.

 

Hyperlinks

Web-түйін гиперсілтемелерін көру.

 

Tasks

Web-түйін жасау кезінде тапсырмаларды құру және көру режимі.
 

 
Дәріс 5



Көру және редакциялау режимдері

Front Page программасы іске қосылғанда бірден редакциялау режимі пайда болады. Программаның негізгі терезесінің сол жағында жұмыс режимі тақтасы орналасқан. Үндемеген жағдайда Page(Бет) орналасады. Аспаптар тақтасы мен мәзір командаларын қолданып жаңа Web-беттер құруға, бұрынғыларын көруге және оларды редакциялауға болады.

Page режимінде жұмыс облысының төменгі жағында Web-беттерді түрлі режимде көруге мүмкіндік беретін 3 қосымша орналасқан (1.3-кесте).

 

 



5.1-кесте. Web-беттерді көру режимі.

Қосымша

Қызметі

Normal

Қарапайым жұмыс режимі, беттерді құруды WUSIWSIG («не көріп тұрсаң, соны аласың?») режимі көмегімен қамтамассыз етеді. Бет мәтіндер, сызықтар, түймелер, сілтемелер және т.б. мәзір мен аспаптар тақтасы пайдаланылып құрылады, бұл жағдайда HTML-кодын білу міндетті емес.

HTML

Беттерді HTML-кодын көру және құру. Бұл режимде қарапайым жұмыс режимінде құрылған беттің HTML-кодын көруге және де кодтар көмегімен бет құруға болады. Бұл жағдайда беттің бір бөлігі қарапайым режимде, ал қалғаны кодталып жазылуы мүмкін.

Preview

Беттердің Интернет серверінде қалай көрінетінін алдын ала көру.

 

Front Page программасындағы Web-түйін. Web-түйін біртұтас информациялық блок болып табылатын, өзара байланысқан Web-беттер қорларынан тұратын жиынтық (мысалы, энсиклопедиялық томдар сияқты). Көбіне Web-түйін бір серверде орналасады, бірақ бұл міндетті талап болып саналмайды. Web-түйіннің негізгі беті (home page)- нақты бір файлдың атын көрсетпей, желіге қосқан кезде өзі автоматты түрде ашылатын бет. Мысалы, www.okmu.kz ОҚМУ-і сайтының негізгі беті болып саналады.

Front Page программасында Web-түйін құру. Web-түйін құру үшін One Page Web шаблоны пайдаланылады. Бұл шаблон Front Page программасының мүмкіндіктерін оқып үйренушілерге ыңғайлы. Берілген шаблонда Web-түйіндер құрылымы жасалып, кейіннен информациялармен толықтырылатын бір таза бет қосылады. Бұл жағдайда бет үшін қандайда бір арнайы безендірулер мен форматтаулар көрсетілмейді. Барлық қажеттіліктер өз бетінше орындалады.

Бір беті Web-түйін құру үшін орындалатын әрекеттер:


  1. File(Файл) мәзірінен New(Жаңа) командаларын таңдап, ашылған ішкі мәзірден Web (Web-түйін) командасын орындау. Экранда New сұхбат терезесі пайда болады.

  2. New сұхбат терезесінің Specifu the location of the new Web (Жаңа Web-түйіннің орналасуын көрсетіңіз) жолында құрылатын Web-түйіннің орны мен атын беру.

  3. One Page Web белгісін екі рет шерту. Түйін құрылу процесі басталады. Біраз уақыттан кейін Front Page программасының негізгі терезсінде жаңадан құрылған және оны жетілдіруге болатын Web -түйін ашылады. Folder _List облысында Private және Images екі бумаларынан, Index.htm бетінен тұратын құрылым көрініп тұрады. Folder List облысындағы Index.htm функциясын екі рет шерткенде Front Page программасының жұмыс облысының оң жағында берілген бос Web-бет ашылады. Оған обьектілерді орналастыруға кірісе беруге болады.

Бетке мәтін орналастыру. Web-беттің негізгі мақсаты – бұл Web-түйіндерді қолданушыларды өздерін қызықтыратын информациялармен таныстыру. Информацияны жеңіл түсіну үшін, оны мынадай түрде жеткізу керек: безендіру бірыңғай болмай, көзге тартымды болуы керек. Осыған байланысты Front Page программасы Web-түйін құрушылар үшін, символдар мен абзацтарды форматтау, шрифтердің әртүрлі параметрлерін, символдар аралығын, шегіністерді орнату, символдарды жоғарғы және төменгі индекстер түрінде кішірейтіп жазу және т.б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы әрекеттерді пайдалана отырып, беттегі маңызды жерлерді белгілеп, информацияны оңай оқуға мүмкіндік жасауға болады. Бұдан басқа құжатпен жұмыс істегенде арнайы шрифт символдарын пайдаланып бетке түрлі безендірулер енгізуге де мүмкіндік бар.

Web-беттерді құрғанда шолушылар кейбір арнайы безендіру стильдерін қабылдамайтынын есте ұстау керек, сондықтан құрылған бетті бірнеше шолушылардың көмегімен, мысалы, Internet Explorer және Netscape Navigator арқылы тексеріп шыққан жөн.

Тізімдер. Жабылмалы тізімдер.

Web-беттерінің обьектілер тобын тізімдер түрінде ұйымдастырған өте ыңғайлы. HTML-де тізімдер типтері бар. Көбіне қолданылатындары:



  • Bulleted list (Маркерленген тізім). Әрбір абзац алдында маркер қойылады.

  • Numbered list (Нөмірленген тізім). әрбір абзац алдында оның реттік нөмірі қойылады.

Тізімді берілгендерді енгізер алдында немесе оны енгізіп болған соң да құруға болады. Оның әрбір обьект жеке абзац болып табылады. Енгізілген мәтіндегі тізімге айналдыратын абзацтарды түгел белгілеп, Bullets (Маркерленген тізім) түймесін шерту арқылы оларды маркерленген тізімге немесе Numbering (Нөмірленген тізім) түймесін шерту арқылы нөмірленген тізімге айналдыру мүмкіндігі бар. Тізімді мәтінді тікелей енгізу барысында құру кезінде орындалатын әрекеттер:

  1. Жаңа жол басында Bullets (немесе Numbering) түймесін шерту.

  2. Мәтін енгізу.

  3. Тізімдегі келесі жолға өту үшін Enter-ді басу. Сонан соң мәтін енгізіп, тағы да Enter баса отырып, осы процесті барлық тізім үшін қайталау.

  4. Тізім құрылып болған соң, одан шығу үшін Enter-ді екі рет шерту немесе Ctrl+Enter түймелерін қолдану.

Тізімдермен жұмыс істеу. Тізім ішіндегі жиі кездесетін мәселелерді орындау тәсілдері:

  • Тізімге жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін жол басына орнатып мәтінді енгізуді бастау керек. Жаңа мәтін осыған дейін бар мәтін алдына орналасады. Бар мәтінді келесі жолға түсіру үшін Enter-ді басу жеткілікті.

  • Тізім соңына жаңа элемент қосу үшін кірістіру нүктесін соңғы элемент соңына қойып Enter түймесін басу қажет.

  • Тізімдегі бір элементті белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркердің немесе нөмірдің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ батырмасын шерту қажет.

  • Тізімдегі барлық элементтерді белгілеу үшін кірістіру нүктесін маркерлер немесе нөмірлердің сол жағына орнатып тышқанның сол жақ түймесін екі рет шерту қажет.

  • Тізімдегі элементті жою үшін барлық тізімді белгілеп Delete түймесін шерту немесе Edit-Delete командасын таңдау қажет.

  • Тізімнің стилін өзгерту үшін барлық тізімді белгілеп, форматтау саймандар тақтасындағы Style тізімінен басқа стильді таңдау қажет. Мұны format – Bullets and Numbering командасы арқылы да орындауға болады.

Маркерленген немесе нөмірленген тізімдердің түрін өзгерту үшін List Properties командасын пайдаланылады. Ол төмендегідей 4 жапсырмадан тұрады.

  • Picture Bullets (графикалық маркерлер). Маркер ретінде қолда бар графикалық обьект қолданылады.

  • Plain Bullets (жай маркерлер). Маркерлердің ұсынылған стилдерінің бірі таңдалады.

  • Numbers (нөмірлеу). Цифрлардың әртүрлі стилдерінің бірі немесе әріптер таңдалады.

  • Other (басқа). Тізімдер стилінің басқа түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.

Көп деңгейлі тізім құру. Негізгі тізімде кірістірілген тізімдерді яғни оның ішінде төменгі деңгейдегі тізімдерді қолдануға болады. Көпдеңгейлі тізімдерді ақпаратты қолдануды немесе түснуді жеңілдету үшін оны топтастыру мақсатында қолданған жөн.

Кірістірілген тізімдерді құру әрекеттері:



  1. Негізгі тізімнің бір элемент соңына Enter-ді шерту.

  2. Increase Indent (жылжуды үлкейту) түймесін шерту. Тізімді кірістірілген ету үшін ол түймені тағы да бір рет шерту.

  3. Мәтінді енгізіп Enter түймесін шерту.

  4. Кірістірілген тізімнің жаңа элементтерін құруды жалғастыру. Элементтер енгізіліп болған соң, одан шығу үшін Web-бетінің тізімнен тыс жерін бер рет шерту.

Жабылмалы тізімдер. Web-беттерге жабылмалы тізімдерді қолдануға болады, олар тізімдер негізінде құрылып, көпдеңгейлі құрылымнан тұрады. Берілген құрылымды қолданып жасалған көпдеңгейлі тізімнен тұратын бетті жүктегенде, экранда тек бірінші деңгей элементтері ғана көрінеді. Келесі деңгейдегі элементтерді ашу үшін, алдыңғы деңгей элементіне курсорды орналастырып шерту қажет. Жабылмалы тізім орнату үшін орындалатын әрекеттер:

  1. Web-бетке көпдеңгейлі тізім құру.

  2. Оны белгілеп алып, контексті мәзірден List Properties (Тізім құрылымы) командасын таңдау.

  3. Сұхбат терезенің төменгі жағындағы Enable Collapsible Outlines (Жабылмалы тізім орнату) және Initially Collapsed (Жүктелген кезде ашу) жалаушаларын орнату.

  4. List Properties сұхбат терезесін жабу үшін OK түймесін басу.

  5. Жұмыс облысының Preview қосымшасын таңдау арқылы, бетті алдын ала көру режиміне өту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет