«Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»



жүктеу 1.39 Mb.
бет7/9
Дата22.02.2016
өлшемі1.39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тапсырма:

Adobe PageMaker-ді жүктеңіз, әдістемелік нұсқауға сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. PageMaker программасын іске қосыңыз (Сурет 21).



Сурет 21. PageMaker бағдарламасының терезесі.

  1. Жаңа басылым құрыңыз. Ол үшін Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз.

  2. Алдарыңда Құжаттар параметрлері терезесі пайда болады. Онда келесі белгілеулерді енгізіңіз:

  • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

  • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

  • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

  • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое), жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.




  1. ОК батырмасын шертіңіз. Келесі терезе ашылады (Сурет 22):



Сурет 22. Жаңа басылымның бос беті

  1. Файл – Сақтау (Сохранить) командасын орындаңыз. Файл атауын public1 деп сақтаңыз (Сурет 23).



Сурет 23. Басылымды сақтау терезесі


  1. Басылымның көшірмесін алып жаңа файл түрінде сақтаңыз. Файл – Сақтау (Сохранить как) командасын орындаңыз. Файл атауын public2 деп жаңа атпен сақтаңыз.

  2. PageMaker программасын жабыңыз.

  3. PageMaker программасын қайта жүктеңіз.

  4. Құрған басылымды ашу үшін Файл – Ашу (Открыть) командасын орындаңыз. Содан соң public1 файлын таңдаңыз. Ашу (открыть) батырмасын шертіңіз.

  5. Келесі басылымды екінші тәсілмен ашыңыз. CTRL+O пернелерін басып, public2 файлын таңдап, ашу батырмасына шертіңіз.

  6. public2 файлының параметрлерін өзгертіңіздер. Ол үшін Файл Құжат параметрлері (Параметры документа) комндасын орындаңдар. Келесі параметрлерді өзгертіңдер: бет форматы – А3, Бет түрі (Ориентация) – Альбом түрі .

  7. public2 файлын сақтаңыздар.

  8. PageMaker программасын жабыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Page Maker программасының атқаратын қызметі қандай?

  2. Page Maker программасын қалай жүктейді?

  3. «Басу жолағы» мен «құрастыру орны» арасындағы
    айырмашылықты түсіндіріңдер.



Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де графикалық элементтермен танысу, жұмыс істеп үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Графикалық элементтер дегеніміз — неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде құралдар тақтасы көмегімен жасалады.

Егер экранда Құралдар тақтасы жоқ болса, онда Терезе (Окно) – Құралдарды көрсету (Показатъ ипструменты) командасын орындаңдар (Сурет 24). Керек құралды таңдау үшін сол құралды тақтадан таңдаймыз. Таңдалған құрал батырмасы «басулы» қалады, ал тышқанның меңзері осы құралға тән қалыпқа түседі.

Сурет 24. Құралдар тақтасы

Тапсырма:

Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:


  1. Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.

  2. Ол үшін public1 басылымын ашыңыз.

  3. Құралдар тақтасынан эллипс құралын белгілеп алып, эллипсті салыңыз.

  4. Бағыттауыш құралын таңдаңыз. Кез келген объектіні ерекшелеу үшін бағыттауыш құралын таңдау керек. Эллипсті бағыттауыш көмегімен ерекшелеңіз.

  5. Ctrl+Alt пернелерін басып тұрып, эллипстің көшірмесін алыңыз. Осы әдіспен енді 8 рет көшірмесін алыңыз.

  6. Ортадағы эллипстің көлемін өзгертіңіз. Ол үшін эллипсті тышқанмен ерекшелейміз, пайда болған маркерлердің көмегімен көлемін үлкейтіңіз.

  7. Құралдар тақтасындағы түзу құралын алып эллипстер араларын байланыстыратын түзулерді салыңыз.

  8. Бағыттауыш құралы көмегімен барлық объектілерді белгілеңіз.

  9. Элемент – Топтау (Группировать) командасын орындаңыз.

  10. Элемент – Шекаралар және бояу (Границы и заливка) командасын орындаңыз. Осы команданы объектінің жанама мәзірінен де таңдауға болады. Келесі сұхбат терезе шығады (Сурет 25):



Сурет 25. Шекаралар және бояу терезесі

  1. Осы терезеде келесі параметрлерді беріңіз: Бояу өрісі – Біртекті (Сплошной), Түс (Цвет) өрісі – Cyan, Бояу өрісі – 4 pt, Түс – Blue.

  2. Құралдар тақтасындағы қол құралын таңдап, бетті құрастыру орнында орнын ауыстырып көріңіз.

  3. Бетті қарау немесе Лупа құралы көмегімен басылым көлемін өзгертіп қарап шығыңыз.

  4. Басылымды БАСПА деген атпен қайта сақтаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Объектілердің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Қандай графикалық элементтер бар?

  3. Графикалық құралдарды атаңыздар және сипаттап шығыңыздар.


Зертханалық жұмыс № 9
Тақырыбы: PageMaker-де мәтінді енгізу
Мақсаты: PageMaker-де мәтін енгізіп, форматтап үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

PageMaker-де мәтіндік блоктар негізгі объектілердің бірі болып табылады. Мәтінді екі тәсілмен алуға болады. Пернетақтадан тікелей басылым бетінде мәтін теруге және құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралы көмегімен енгізуге болады.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    1. Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз. Беттің параметрлері келесі:

      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

ОК батырмасын шертіңіз.

    1. Беттің ортасына бағыттауышты апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Ашылған жанама мәзірден Шынайы өлшем (Реальный размер) командасын таңдаңыз.

    2. Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап кез келген жерге орналастырыңыз. Келесі мәтінді теріңіздер:

    3. Үшінші сөйлемдегі «ауру жұққан» сөзінің соңына курсорды апарып, BackSpace батырмасы арқылы осы сөздерді жойыңыз.

    4. Бесінші сөйлемді Del батырмасы арқылы жойыңыз.

    5. Енді мәтінді азат жолға бөлуді орындайық. Ол үшін төртінші сөйлем басына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз. Мәтін екі азат жолға бөлінеді.

    6. Алғашқы сөйлем мәтіннің тақырыбы болғандықтан осы сөйлем соңына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз.





    1. Басылымды Файл – Сақтау (Сохранить) командасы арқылы ВИРУС деген атпен сақтаңыз.

    2. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді (масштабты) таңдаңыз. Мәтін толық көрінетін және жеңіл оқылатын болсын.

    3. Құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап, курсорды мәтіннің бірінші әріпінің алдына апарып қойыңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басуыл ұстап тұрып мәтінді ерекшелеңіз. Мәтіндік блок енді ерекшеленіп, қара түске боялды.

    4. Мәтін (Текст) – Қаріп (Шрифт) командасын орындаңыз. Қаріп аты – Arial Cyr; өлшемі – 12 пт.

    5. Пернетақтадағы оңға солға бағыттауыштарын бассаңыз, мәтіннің ерекшеленгені кетеді. (Правка) – Барлығын ерекшелеу (Выделить все) командасы арқыыл мәтінді ерекшелеуге де болады.

    6. Тақырыпты ерекшелеңіз. Осы сөйлемді форматтау үшін Басқару тақтасын қолданамыз. Егер ол экранның төменгі жағында жоқ болса, Терезе (Окно) – Басқару тақтасын көрсету (Показать набор управления) командасы арқылы шығарып алыңыз. Осы тақтадағы В таңбасына шертіңіз. Қаріп өлшемін 14 пт деп өзгертіңіз.

    7. Соңғы төрт сөйлемді ерекшелеп алып, осы тақтадағы B, I таңбаларына шертіңіз. Мәтін тек қана қоюланып қойған жоқ, ол көлбеу түрге келді.

    8. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыз.

    9. Жүйеден шығамыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]



Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де мәтінді калай енгізеді?

  2. Мәтінді өңдеу РМ-де қалай іске асырылады?

  3. Қаріптің қандай сипаттамалары бар?


Зертханалық жұмыс № 10
Тақырыбы: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс жасау, мәтіндік блоктарды форматтап үйрену.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Мәтіндік блокты екі әдіспен: пернетақтадан тікелей жарияланымға енгізу; мәтін редакторында жасалған дайын мәтінді импорттау арқылы алуға болады.

Мәтінді енгізгенде мына ережелерді сақтаңдар:


    • жолдардың соңына көңіл аудармаңдар, PageMaker мәтінді бір жолдан бір жолға қалай көшіретінін өзі шешеді;

    • абзацты аяқтау үшін оның соңында ENTER пернесін басыңдар.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. ВИРУС басылымын ашыңыз. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді таңдаңыз. Қол құралы көмегімен бетті мәтін толық көрінетіндей етіп орналастырыңыз.

  2. Бағыттауыш құралы көмегімен мәтіндік блокты көлденең шектеуші сызықтар тұсынан емесе бөлек жерден басыңыздар. Тышқан батырмасын босатпай блокты беттің жоғары жағына апарып қойыңыздар. Осы әрекетті пернетақта көмегімен де орындауға болады. Ол үшін ерекшеленген блокты бағыттауыш пернелері арқылы жылжыту керек.

  3. Көлденең сызықтары тұсынан мәтіндік блокты тышқан курсорымен белгілеп тұрып, жартысына дейін ығыстырыңдар. Нәтижесінде болк қысқарып, жолдардағы сөздер орны ауысқанын көресіздер. Көлденең сызықтардың соңында қызыл белгі пайда болады. Ол мәтіннің сыймай тұрғанын білдіреді (Сурет 26). Қалпына келтірңідер.




Сурет 26. Мәтіннің сыймай тұрған түрі


  1. Мәтіндік блокты екіге бөлуге болады. Мәтіндік блокты қайтадан екі азат жолға дейін ығыстырыңдар. Тышқанды босатыңдар.

  2. Төмен жақта пайда болған қызыл түсті белгіні тышқанмен шертіңдер. Тышқанның бағыттауышына көрінбей тұрған екі азат жол көшеді (Сурет 27).





Сурет 27. Мәтіндік блокты екіге бөлу


  1. Алғашқы мәтіндік блоктың төменгі көлденең сызығын төмен тартқан сайын екінші блок мәтіндері бірінші блокқа көшеді. Осылайша екі блокты біріктіріңдер.

  2. Осы мәтіннің тақырыбын ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - KZ Bookman Old Style ;

    • Өлшемі – 48;

    • Түрі –қарайтылған;

    • Абзац – 0.




  1. Терезе (Окно) – Түстерді көрсету (Показать цвета) командасын орындаңыз. Ашылған түстер тақтасынан Gyan түсін таңдап, оның өңділігін 50% деп бекітіңіздер.

  2. Түстер тақтасын жабыңыздар.

  3. Осы мәтіннің төменгі жағына барып ИНФОРМАТИКА сөзін теріңіз.

  4. Осы мәтінді ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - Comic Sans MS;

    • Өлшемі – 36;

    • Түрі –асты сызылған;

  1. Мәтін (Текст) – Параграф командасын орындаңыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 28). Шегініс сол жақтан өрісіне 5 деп жазыңыз. Осы терезедегі Аралықтар (Интервалы) батырмасын басыңыз. Аралықтар терезесі ашылады. Әріптер арасындағы аралықты 2 деп беріңіз.



Сурет 28. Шегініс терезесі


Сурет 29. Аралықтар терезесі

  1. Мәтінді бағыттауыш құралымен белгілеп алып, жоғары жаққа орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерекшелеп алып, түстер тақтасынан MAGENTA түсін, өңділігін - 70% деп беріңіз.

  3. Құралдар тақтасындағы бұру құралы көмегімен 45о-қа бұрыңыздар.

  4. Мәтінді мәтіндік блоктың ар жағына орналастыру үшін Элемент – Рет (Порядок) – Арт жағына (На задний план) командасын таңдаңыз.

  5. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де мәтіндік блок калай жасалады?

  2. Мәтіндік блокпен қандай әрекеттер жасауға болады?

  3. Мәтіндік блокты екі немесе үш блоктарға бөлу үшін қандай әрекет жасаймыз?


Зертханалық жұмыс № 11
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де объектілермен жұмыс істеу тәсілдері
Мақсаты: Adobe PageMaker-де объектілермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Үлкен жарияланымдарда теру жолағында бір мезгілде әртүрлі объектілер (мәтіндік блоктар, кескіндер және графикалық элементтер) көп мөлшерде орналасуы мүмкін. Оларды дұрыс ара қашықтықта және жылдам орналастыру, объектінің көшірмесін жасау, топтарға біріктіру және т.б. Adobe PageMaker-де орындауға болады.

Объектілер жартылай немесе толық бірінін үстіне бірі қойыла алады. Мұндай жағдайда олардың орналасу орнына тәуелді болып қалмай,кез келген объектілермен жұмыс істей білу керек.
Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. ИНФОРМ басылымын ашыңыз.

  2. Правка – Объект қою (Вставить объект) командасын орындаңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 30). Осы терезеден MS Word суреті (Рисунок MS Word) таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.



Сурет 30. Объект қою терезесі


  1. MS Word терезесі ашылады. Керек сурет таңдап Суретті өзгерту тақтасынан Суретті жабу басамыз (Сурет 31).



Сурет 31. MS Word терезесі
4. Қойылған объектінің жанама мәзірінен Мәтін қою (Наложить текст) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 32).

Осы терезеден объектіні мәтінге қалай орналастыруды таңдаймыз. Суреттегідей параметрлерді таңдасақ объект келесідей орналасады (Сурет 33):





Сурет 32. Мәтін қою

5. Мәтіннің үстіне келесідей орналастырыңыздар (Сурет 35):




Сурет 33. Суретті мәтін ортасына қою
Сурет 34. Мәтін үстіне сурет қою


  1. Объектіні белгілеп тұрып, Элемент – Реті (Порядок) – Арт жағына орналастыру (На задний план) командасын орындаңыздар. Сонда объект мәтіннің арт жағына орналасады.

  2. Мәтіндік блок пен объектіні топтастырыңыз. Ол үшін Shift пернесін басып тұрып, екеуін белгілеңіз де Элемент – Топтастыру (Группировать) командасын орналастырыңыз.

  3. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,4,11,12]


Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де объектіні қою үшін қандай команда орындаймыз?

  2. Қандай объектілер қою мүмкіндігі бар?

  3. Мәтін үстіне объектіні орналасатырудың неше тәсілі бар?


Зертханалық жұмыс № 12
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу

Мақсаты: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Кескіндерді орнына қоюды үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker



Қысқаша теориялық нұсқау:

Кескін графикалық редакторда жасалынған (салынған) немесе сканерлеу жолымен алынған болуы мүмкін. Кейін ол графикалық пішімдердің – tif, gif, jpg, bmp, wmf, eps, emf — бірінде сақталады.

Кескінді жарияланымда орналастыру үшін, Файл => Орналастыру (Поместить) командасын орындалады.

Тапсырма:

Қосымша №15 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Жаңа басылым құрыңыздар:

    • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

    • Бет түрі (Ориентация) – альбом түрі;

    • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

    • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

  1. Файл – Орналастыру командасын немесе Ctrl+D пернелерін басыңыз. Келесі Орналастыру сұхбат терезесі ашылады (Сурет 35):



Сурет 35. Орналастыру терезесі

  1. Собачка.jpg файлын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыз. Ашу батырмасын басыңыз. басылымын ашыңыздар. Кескінді қою белгісі пайда болады. Тышқанның сол жақ батырмасымен басылымға шертіңіз.

  2. Кескіннің өлшемі үлкен болып орналасады. Кескінді белгілеп, пайда болған бұрыштарындағы қара маркерлер көмегімен көлемін қосымшадағыдай етіп азайтамыз (Қосымша №15). Екінші тәсілі Басқару тақтасында кескіннің ені мен биіктігін беретін өрістерге 50 мәндерін енгізіп Enter пернесін басамыз. Кескін көлемі азайды.

  3. Егер кескін анық болмай бұлыңғыр немесе сұр төртбұрыш түрінде шықса, онда Файл – Реттеу (Настройки) – Негізгілер (Основные) командасын орындаймыз. Келесі Реттеу (Настройки) сұхбат терезесі ашылады (Сурет 36). Осы терезед Экрандағы кескін (Изображение на экране) тізімін қараңыздар.



Сурет 36. Реттеу терезесі

  • Плашек түрдегі кескін шапшаң жұмыс жасау үшін сұр төртбұрыш тәріздес болады:

  • Стандарт түрдегі кескіндердің барлық нүктелері анық емес және түсі бұлыңғыр болып келеді;

  • Үлкен мүмкіндікпен (С высоким разрешением) кескіннің дәл анық және берілген түспен көрсетілуін қадағалайды.

  1. Басылым тақырыбын ЖАНУАРЛАР деп енгізіңіз. Тақыры параметрлері:

  • Қаріп аты (Шрифт) - Courier New;

    • Өлшемі – 36;

    • Түрі –жартылай қарайтылған;

    • Түсі – BLАСК, өңділігі – 100%.

  1. Кескіннің маңайына мәтін орналастыру үшін объектілермен жұмыс жасағандағы секілді, жанама мәзірден Мәтін қою (Наложить текст) командасын орындап, қажет параметрлерін орнатамыз. Енді осы тәсілмен кескіннің бетіне ИТ сөзін Қосымша №15 етіп орналастырыңыздар.

  2. Қалған екі кескінді жоғарыда орындаған ретпен орналастырыңыздар. Кескіндерді алу үшін Зайка.jpg және Кошки.jpg файлдарын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыздар.

  3. Соңғы кескінді және ҚОЯН сөзін объектіні бұру құралы арқылы бұрып, қосымшадағыдай түрге келтіріңіз.

  4. Басылымды ЖАНУАРЛАР атымен сақтаңыздар.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,4,11,12]



Бақылау сұрақтары

  1. Кескіндермен қандай жумыс жүргізуге болады?

  2. Кескіндерді қалай орналастыру керек?

  3. Кескін өлшемін өзгерту үшін не қажет?


Зертханалық жұмыс № 13
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу
Мақсаты: Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеп үйрену. Беттер қосудың, алудың әдістерін меңгеру
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

PageMaker-де көп бетті басылыммен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Кез келген мәтіндік редакторда терілген құжатты беттеу керек болса, оны Adobe PageMaker-де ашып, өңдеуге болады. Басылымның неше беттен тұратынын терезенің сол жақ төменгі бұрышынан көре аласыз. Жаңа беттер қосуды немесе жоюды бет номері үстіне барып, жанама мәзірден Беттер қою (Вставить страницы), Беттерді жою (Удалить страницы) командаларын орындау арқылы немесе мәзір қатарынан Жоспар (План) - Беттер қою, Жоспар (План) - Беттерді жою командалары арқылы орындауға болады (Сурет 37).





Сурет 37. Бет қосу

Тапсырма:

Қосымша №16 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    1. Жаңа басылым құрыңыз.

    • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

    • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі;

    • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

    • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

    • Бірінші беттің нөмірі — 1.




  1. Жаңадан 10 бет қосыңыз.

  2. Файл – Орналастыру командасын немесе Ctrl+D пернелерін басыңыз. Менің құжаттарым бумасынан АҚПАРАТ.doc мәтіндік файлын таңдап, Ашу батырмасын шертіңіз.

  3. Мәтіндік блоктармен жасаған жұмысты еске түсіре отырып, блокқа сыймай тұрған мәтінді келесі беттерге көшіріңіз. Бос қалған беттер болса оларды жойып тастаңыз.

  4. АҚПАРАТ сөзін теріңіз:

    • Қаріп аты (Шрифт) - Courier New;

    • Өлшемі – 48;

    • Түрі –жартылай қарайтылған;

    • Түсі – RED, өңділігі – 90%.

  1. Осы сөзді 450-қа бұрып, әр бетке көшірмесін алып орналастырып шығыңыз. Осы сөзді мәтіннің арт жағына орналастырыңыз.

  2. Көпбетті басылымды фреймдарды қолданып беттеңіздер. Ол үшін құралдар тақтасынан көпбұрышты фреймді таңдап салыңыз. Осы құралдың жанама мәзірінен Көпбұрыштың орнатылымдары (Установки многоугольника) командасын таңдаңыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 38):




Сурет 38. Көпбұрышты орнату терезесі
Осы терезедгі параметрлерді орнатып, ОК батырмасына шертіңіз.

  1. Салынған көпбұрышты фреймді тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертіңіз. Сонда фрейм төбелерінде төртбұрышты маркерлер пайда болады. Осы маркерлер көмегімен фрейм төбелерінің координаталарын өзгертуге болады.

  2. Фреймнің түсін, шектеуінің түсін, түрін өзгертіңіз.

  3. Объектіні мәтіндік блоктың арт жағына орналастырыңыз. Осы әрекетті әр түрлі фреймдарды пайдаланып көпбетті басылымның әр бетіне орналастырыңыз (Қосымша №16).

  4. Басылымды АҚПАРАТ деген атпен сақтаңыз.

1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет