Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет2/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекция

Негізгі әдебиеттер:

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.

  2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.

  2. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы. Аламаты Мем. Универ, -2000, 235 б.

  3. Ибрагимов У.М. Новые информационные технологии: Пользователь-ский курс. -Шымкент, ЮКГУ, -2004, 150с.



Лекция 2.3 Информация және оның түрлері. Информацияның өлшем бірлігі. ASCII және WinCode кестелері. Санақ жүйелері. Құрылғылардың техникалық сипаттамалары. Жад структурасы. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары.
Информация – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер. «Информация» термині латынның information (түсіндіру, баяндау, білу) деген ұғымынан туындаған. Компьютер тек қана сандық түрде берілген ақпараттарды ғана өңдей алады. Ал қалған ақпараттарды (мәтін, дыбыс, графика, аудио, видео, анимация т.б.) өңдеу үшін сандық түрге түрлендіру қажет. Әдетте компьютер екілік санақ жүйесінде жұмыс істейді, ол екі саннан турады: 0 және 1. Есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан бит (bit - binary digit - екілік таңба) деп аталады.
Компьютер бөлек биттермен емес, тізбектелген сегіз битпен жұмыс істейді. Бір – бірімен тізбектеле орналасқан 8 бит 1 байтты құрайды.
Байт (byte) - деп компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін, тізбектелген сегіз битті атау келісілген. Ол информацияның негізгі бірлігі. Бір байтта 256 символдық кестенің (ASCII- информацияны алмасу үшін американдық стандарт код) бір символының мәнін кодтау мүмкін.
Информацияның қосымша бірлігі болып төмендегілер есептеледі:
1 Kb (килобайт) = 1024 b.
1 Mb (мегабайт) = 1024 Kb.
1 Gb (гигабайт) = 1024 Mb. (1024=210)
Мысалы: Егер бір бетке орта есеппен 1500 символдық мәтін сияды деп есептесек, онда 1 Мb – жуық шамамен 500 бет, ал 1 Gb – 500 мың бет.
IBM PC компьютерлерін IBM (International Business Machines Corp.) корпорациясы 1981 жылдан бастап жасап шығара бастаған. IBM PC компьютерлерінің дамуында ашық архитектура принципі және кеңейту әдісі маңызды орын алады.
Ашық архитектура принципі (open architecture) – бұл компьютерлерді тәуелсіз жасалған құрамдардан жинау және оларды жалғау жолдарын ашық жариялау.
Кеңейту әдісі (upgrade) – бұл компьютердің өзге құрылғыларына тиіспей, ескірген компоненттерін жаңарту.
IBM PC компьютерлері бір – бірінен микропроцессор типімен және жедел жадысымен ерекшеленеді.
Микропроцессор (CPU) – бұл сандық ақпаратты өңдеу мен оны түрлендіру процесін жүзеге асыратын, программа арқылы басқарылатын интегралдық микросхема. Микропроцессор бір секундта бірнеше жүз миллион амал орындай алады. Микропроцессор разрядтылығы және такт жиілігімен сипатталады.
Разрядтылық - бір уақытта өңделетін биттер саны. Компьютерлер әдетте 8, 16, 32 немесе 64 разрядты.
Такттық жиілігі – бұл компьютер компоненттерінің жұмысын бір уақыт бірлгінде жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін арнайы генератордың импулстары.
Микропроцессордың бірдей моделдері әртүрлі такт жиілігінде жасалады. Такт жиілігі қанша жоғары болса, есептеу жылдамдығы соншалықты жоғары болады. Такттық жиілігінің өлшем бірлігі ретінде Мегагерц (MHz) және Гигагерц (GHz) қабылданған. Мысалы: Intel Pentium микропроцессорлары 75 МНz ден 2,5 GHz дейін такт жиілігінде жасалып шығарылады.
Жедел жад (RAM – random access memory) – компьютердің ішкі жад бөлігі. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындау кезінде командаларды, бастапқы мәліметтерді, аралық және ақырғы нәтижелерді сақтау үшін керекті уақытша жад.
Кэш-жад (cache–memory) - микропроцессор мен жедел жад арасында буфер ретінде қолданылатын жад.
Жүйелік тақша (аналық, motherboard) – орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуысорындары және есептеу машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ішкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі.
Қатқыл диск (hard disk) – есептеу машинасында тұрақты орналасқан диск. Компьютермен жұмыс атқарып жатқанда қолдануға, информацияны әрқашан сақтауға арналған.
Дискета (floppy disk) компьютерден компьютерге файлдарды өткізуге арналған. Әр бір компьютерде міндетті түрде дискет салатын дискжетек бар. Өлшемі 3,5 дюйм (89 мм), сиымдылығы 1,44 Мб түріндегі дискеттер көп таралған.
Компакт диск үшін жинақтауыш (CD-ROM) сиымдылығы 650 Мбайт болатын компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелер, мәтіндер және дыбыстар үшін кеңінен пайдалынады.
Пернетақта (keyboard) – информацияны енгізуге және компьютерді басқаруға арналған.
Дисплей (display) мәліметтерді көрнекті түрде кескіндеуге арналған құрылғы.
IBM PC компьютерінің жүйелік блогына информацияны енгізу және шығару құрылғыларын қосуға болады.
Қосымша құрылғылар төмендегілерден тұрады:

  • принтер (printer) – қағазға басу құрылғысы;

  • модем (modem) – стандартты телефон желісі арқылы компьютердің мәліметтерді жөнелтуді және қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін құрылғы;

  • сканер (scanner) – құжаттан шағылған сәулені қабылдап, олардан цифрлы сигналдар құрастыратын, суреттерді, мәтінді, фотографияны оптикалық түрде оқи алатын құрылғы;

  • плоттер (plotter) – күрделі графикалық кескіндерді: сызбаларды, суреттерді, карталарды, графиктерді түрлендіріп, қағазға сызып беретін график салу құрылысы;

  • стример (streamer) – қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет