Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет14/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция

Алгоритм түрлері. Алгоритмдер берілу әдістеріне тәуелсіз үш түрге бөлінеді. Орындалатын операциялар арасындағы байланыстарға және қадамдардың орналысуына қарай сызықтық, тармақталушы және циклдік алгоритмдер деп аталады..
Сызықты алгоритмде геометриялық блоктар тізбектеліп орналасады және сол тәртіппен орындалады. Бұл алгоритм құрылымы бойынша ең қарапайымы болып есептеледі.
Тармақталушы алгоритмде бір немесе бірнеше логикалық шарт кездесіп, сол шарттың орындалуына байланысты алгоритмнің бір тармағы орындалады.
Циклдік алгоритмде белгілі бір айнымалының өзгеруіне немесе логикалық шартқа байланысты алгоритмнің бір бөлігі қайта-қайта орындалады. Алгоритмнің қайталанушы бөлігі цикл деп аталады.
Қарапайым операцияны орындау үшін компьютерге берілетін әр нұсқау машиналық команда деп, ал командада көрсетілген амалға енетін айнымалы операнд деп аталады.
Машиналық командалармен жұмыс істеу көп еңбекті қажет ететін болғандықтан, бірінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шыққаннан бастап-ақ программа құруды жеңілдету жолы мен ЭЕМ-нің өзі осы программаны машиналық тілге автоматты түрде аударып, жадына енгізе алатын тәсілдерді іздестірген зерттеулер көптеп жүргізіле бастады. Осының нәтижесінде түрлі жоғарғы деңгейлі алгоритмдік тілдер (программалау тілдері) мен оларды ЭЕМ арқылы машиналық тілге автоматты түрде аударатын аударғыш (транслятор) атаулы арнайы программалар пайда болды. Аударғыштың интерпретатор және помпилятор деп аталатын екі түрі бар (interpretatio – арадағы, түсініктілеу тілге аудару; compilapio – жинақтау, құрастыру). Интерпретатормен жұмыс істеу кезінде процессор оның программалау тілінен аударған кезекті әр операторын бірден орындайды.
Компилятор алдымен программаның синтаксисін (жазылу ережелерін) тексеріп, программада жіберілген синтаксистік қателерді хабарлайды. Олар жөнделген соң жүктеуші деп аталатын программасын іске қосады, ол алдымен программаны машиналық тілге жуық объектілік программа деп аталатын аралық прогрмммаға түрлендіріп шығады. Одан әрі байланыстар редакторы деп аталатын программа іске қосылып, ол объектілік программаға программалау тілі ішінде арнайы дайындалған кітапханалар процедуралардан қажетті стандартты процедуралар мен функцияларды қосады. Осыдан соң программа дайын болады да, ол бірден орындалады.
Жалпы, таңдалған тіл бойынша программа дайындау үшін оның құрамына енгізілетін бөлімдер:

    • мәтіндік редактор;

    • помпилятор;

    • байланыстыру редакторы;

    • процедуралар мен функциялар кітапханасы;

    • программаның орындалу кезінде оның дұрыс орындалуын бақылаушы дұрыстаушы деп аталатын программа және т.б.

Windows операциялық жүйесі жарыққа шыға бастаған жылдардан бастап программалау тілдерінде жаңа тәсіл – визуальды (көзбен көру) тәсілі тездеп дами бастады. Ол – түймелер, мәзір пункттері, ауыстырып қосқыштар сияқты басқару элементтерін шерту арқылы экранға арнайы терезелерді шығарып және түрлі командаларды автоматты түрде тез проектілеп (жобалап) орындау. Осылардың нәтижесінде программалау жолы көп жағдайларда проектілермен алмастыратын болды. Мұндай көзбен көрсететін тәсіл визуальды программалау делінеді. Алгоритмдік программалауды модульдік программалау деп, Windows-ты дайындау сияқты визуальды программалауды оқиғалық прогрммалау деп те атайды.
Өңделетін информацияның күрделі болып келуі де мүмкін. Оны өңдеу алгоритмдік, проектілік тәсілдермен орындалуы мүмкін. Алгоритмді түрлі жолдармен құра беруге болады,бірақ ыңғайлы болатын ең түсінікті тәсілді таңдап алған дұрыс. Мұндай тәсілдердің бірі – программа тиянақталған түрлі ішкі бөліктерге бөлініп алынады да, бөліктер бөлек – бөлек құрылып, негізгі программаға біріктіріледі. Әдетте мұндай бөліктерді программа модульдері деп атайды. Программалаудың ыңғайлы тәсілдерінің бірі – модульдерді көмекші программалар ретінде құру және оларды ретімен орындалатын етіп, жоғарыдан төмен қарай программалау.
Windows жүйесін басшылыққа алып жұмыс істейтін Visual Basic – қазіргі кездегі ең танымал программалау тілдерінің бірі. Ол – Qbasic тілінің визуальды графикалық интерфейсті, объектілер мен олардың оқиғаларын,қасиеттерін, әдістерін, кластарын пайдаланып құрылған тіл. Мұндай тілді объектілі – бағдарлы программалау тілі деп атайды, мысалы, VB, Delphi, Visual C++ - ОБП тілдері. ОБП тілінің дәстүрлі программалау тілдерінен өзгешелігі – онда мынадай ұғымдар негізге алынған: класс, объект, өңдеу әдісі, объект қасиеті және оқиға.


Негізгі әдебиеттер:

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.

  2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студент-теріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.

  2. Ибрагимов У.М. Программирование на Turbo Pascal 7.0, -Шымкент, ЮКГУ, -2004, 58с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет