Негізгі әдебиеттер:
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.
Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.
Ибрагимов У.М. Новые информационные технологии: Пользовательский курс. -Шымкент, ЮКГУ, -2004, 150с.
Қосымша әдебиеттер:
Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.
Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік техно-логия негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы. Аламаты Мем. Универ, -2000, 235 б.
Лекция 4.5 Операциялық жүйелерді жіктеу. Windows операциялық жүйесі: мүмкіндіктері, түрлері, түсініктері және құрылғыларға қоятын талаптары. Файл жүйесі. Plug and Play технологиясы мен WYSIWYG принципі. Деректерді алмасу технологиялары. OLE және DDE технологиялары.
Операциялық жүйелер – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS DOS (Microsoft), WINDOWS (Microsoft), MacOS (Apple), LINUX (AT&T) жатады.
Локалды желі сервері ретінде қолданылатын компьютерлерде Net Ware (Novell), Windows NT Server (Microsoft), LAN Server (IBM) операциялық жүйелері қолданылады. Кейде UNIX (Bell Labs, AT&T) операциялық жүйесінің әр түрлі версиялары қолданылады.
Microsoft Windows – кеңейтірілген желілік мүмкіндіктері, графиктік интерфейсі бар, көп салалы, 32 разрядты операциялық жүйе (Graphic User Interface, GUI).
Пайдаланушы үшін Windows-дың мүмкіндіктері:
1) компьютердің перифериялық құрылғыларын басқару;
2) Windows – қосымшаларда пайданушы интерфейсінің бірыңғайлығы;
3) мультимедиядан пайдалану;
4) көппрограммалық;
5) масштабталатын қаріптерді қолдану;
6) қолданбалы программалар арасында деректер алмасу;
Windows – қосымшалар арасында мәліметтер алмасуда қолданылатын технологиялар:
мәліметтер алмасу буфері (clipboard).
мәліметтермен динамикалық алмасу (DDE, Dynamic Data Exchange).
байланыс механизмі және объектілердің енгізілуі (OLE, Object Linking and Embedding)
7) DOS программаларымен үйлесімділігі;
8) программалардың барлық жедел жадтан пайдалану мүмкіндігі;
9) файл концепциясыны қолданбау;
10) баршаға ортақ динамикалық библиотекаларды пайдалану;
Windows операциялық жүйесінің негізгі түсініктері.
Файл (file) – бұл магнит дискіде және жедел жадтағы атаулы аймақ. Компьютерде өңделген кез келген информациялар файлда сақталады: текстік документтер, графиктік объектілер, машина тіліндегі программалар, шартты кодтар және т.б. Файлдар байтпен өлшенеді.
Файл атауын кеңейту (extension) мини және микрокомпьютерлердің операциялық жүйелерінде - файлдың типін анықтайтын сипаттама элементі.
Ағаш (tree). Каталогтар структурасын құрайтын ішкі каталоглар мен файлдар жиынтығы ағаш деп аталады.
Жол (path). Файлмен байланысу жолы немесе оның дискідегі каталогтар тізімінен тұратын адресі.
Файл атауы – файлға телінген атау. Файлдың толық атауы нүкте арқылы ажыратылған екі сөзден тұрады: атау және кеңейту. Атауы, мысалы, FAT файлдық жүйесінде 1-8 символдар, HPFS файлдық жүйесінде 254-ке дейін символдан, VFAT файлдық жүйесінде 260-қа дейін символдан, NTFS файлдық жүйесінде 255-ке дейінгі символдан тұрады. 1-3 символдан тұратын кеңейтуге қарап файлдың қандай программа екенін анықтауға болады.
Диск атауы (disk drive name). Компьютердегі барлық файлдар дисктерде сақталады. Дисктерді бір-бірінен ажырату үшін, оларға атау беріледі. Дискет үшін дискжетек А: және В: (егер дискжетек біреу болса, онда А: атауы беріледі) атауымен аталады. Қатқыл диск әрқашанда С: атауымен аталады. Компакт-дисктер (CD-ROM немесе CD-RW) үшін дискжетек D: атауымен аталады. Кейде бір қатқыл физикалық дискті бірнеше логикалық дисктерге бөледі. Бұл дисктер C:, D:, E: және т.б. атауымен аталады.
Файл атауы үлгісі (wild cards). Файлдардың тобын көрсету үшін файлдарды атау командаларындада * және ? символдарын қолдануға болады. * символы бірнеше файлды бірден белгілеуін білдіреді. ? символы үлгі ішінде файл атауы немесе файл атауын кеңейтуінің бір символдан немесе ешқандай символдан тұрмайтынын білдіреді.
Файл атрибуттары (file attribute). Файлды өңдеуді шектеу қасиеттері. MS DOS операциялық жүйесі төрт атрибутпен жұмыс істей алады:
R – read only (тек оқу үшін)
H – hidden (жасырын)
S – system (жүйелік)
A – archive (архивтік)
Бұл атрибуттардың әрқайсысын қосса да, қоспаса да болады.
Белгіше (icon). – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтірілген графикалық бейне. Белгіше берілген программаны немесе құжатты сипаттайтын кішкене сурет тәрізді болады.
Бума (folder) – каталогтар немесе программа топтарын белгілеу үшін пайдаланады.
Қысқартқыш (shortcut) – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын бейне. Қысқартқыш белгішелерінің сол бұрышында тілше болады.
Құжат (Document) – қандай да бір анықталған программаларда өңделген файл.
Мастер. (Master) – пайдаланушыға объектің қандай болуы керектігі туралы тізбектелген сұрақтар қойып, объект құруда көмек беретін үлгі.
Достарыңызбен бөлісу: |