Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет9/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция

Негізгі әдебиеттер:

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.

  2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студент-теріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мадьярова Г.А. PowerPoint программасын пайдалану. Лабораториялық практикум. Оқу құралы. –Алматы: ЖТИ, 2004, -40 б.



Негізгі әдебиеттер:

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.-Алматы:ЖТИ,2003,-408 б.

  2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. Жоғары оқу орындардың студенттеріне арналған оқу құралы. –Астана: Еуразия ұлттық университеті, 2004, -224 б.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Камардинов О. Информатика.Оқу құралы.-Алматы:«Ғылым»,2004,-360б.

  2. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. Компьютерлік техно-логия негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы. Аламаты Мем. Универ, -2000, 235 б.



Лекция10.11 Мәліметтер қорын басқару жүйелері. Реляциялық мәліметтер қоры. MS Access: версиялары, мүм-кіндіктері, объекттері, жұмыс режимдері. Кесте құрылымы. Кілтті өріс. Сұраныс, форма және есеп объекттері. Макрос және модульдер. Кестелер арасында байланыс орнату. Деректер схемасы.
Мәліметтер базасы (МБ) – белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді (процестерді, құбылыстарды, оқиғаларды), олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (СУБД) – мәліметтермен жанжақты қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен.
Microsoft Access СУБД – сы Windows ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасының 32-разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның Windows – технологиясының барлық жақсы қасиеттерін сақтай отырып, тұтынушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы графикалық интерфейсі бар. Access кестелер, формалар, сұраныстар, басылымдар, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.
Кестелер – мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан тұратын мәліметтер.
Кесте (Tables) – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер мен жазбалардан тұрады.
Жазба (Record) – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс (Field) – кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі.
Объектінің әрбір сипаты белгілі бір өріс мәні болып табылады. Әрбір кесте үшін бастапқы түйінді мәнді, яғни кілтті өрісті анықтауға болады, ол әрбір жазбаны басқаларынан бөліп идентификациялау үшін пайдаланылады (әрбір жазба үшін бірегей мағынаны білдіреді) және ол бір немесе бірнеше өрістен тұруы мүмкін.
Түйінді өріс– кестедегі жазбаларды таңдап алу үшін мәндері қолданылатын негізгі өріс.
Кілт (ключ) немесе түйін – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байлныстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер.
Санауыш – кестедегі жазбалардың реттік нөмірлері орналасатын өріс.
Сұраныс (Queries) – жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіліген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.
Форма (Forms) – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтышушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
Басылым (отчет) – мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған нәтижелік құжаттар.
Индекс – индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.
Жазбаны белгілеу аймағы – кесте жолын толық белгілеуге мүмкіндік беретін оның сол жақ шетіндегі тіктөртбұрышты аймақ.
Өрісті белгілеу аймағы – өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.
Конструктор – мәліметтер базасы объектілерінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
SQL – құрылымды сұраныстар тілі (structured query language). Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып саналады. Бірақ SQL мүмкіндіктерінің шектеулігі оны бірсыпыра программаларда кеңейтуге әкеліп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет