47
жүйелі кешенді түрде дене жаттығуларымен
байланыстыра отырып қолдану
керек. Жаратылыстың табиғи күштері (күн, ауа, су) дене жаттығуларының
организмге жағымды әсерін күшейтеді, адамның жұмыс қабілетін арттырады.
Ауада немесе суда (жүзу) дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке
органдар мен организм жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады (оттегі
кӛп сіңіріледі, зат алмасу күшейеді т. б.). Күн,
ауа және су организмді
шынықтыру үшін пайдаланылады, соның нәтижесінде адам организмі әртүрлі
метеорологиялық ӛзгерістерді дер кезінде қиналмай қабылдау қабілетіне ие
болады. Оның үстіне жаратылыстың табиғи күштерін дене жаттығуларымен
үйлестіру шынығу тиімділігін арттырады. Жаратылыстың табиғи күштері
дербес құрал
ретінде де пайдаланыла береді, Су денені кірден тазалауға, қан
тамырларын кеңейтуге және тарылтуға, адам денесіне механикалық әсер етуге
пайдаланылады. Орман, бау парктердің құрамында ерекше заттары
(фитонцидтер) бар ауасы микробтарды жоюға кемектеседі,
қанды оттегімен
байытады, адамның организміне жақсы әсерін тигізеді. Күн сәулесі тері астында
Д витаминінің жиналуына себепші болады, әртүрлі микробтарды ӛлтіреді,
адамды аурудан (рахит т. б.) сақтайды. Жаратылыстың табиғи күштерін
пайдалану балаларда жағымды эмоциялар туғызады. Организмге жан-жақты
әсері тиюі үшін мектеп жасына дейінгі балаларда жаратылыстың табиғи
күштерін мейлінше орынды пайдалана отырып қолдану керек.
Материалдық
факторлар (спорттық
құрылыстар, құралдар, киім және т.б.) кӛп жағдайларда
спорттық міндеттерді (шапшаңдықпен жүгіріп ӛту, биікке секіру, т.б.) шешуге
және кейде жалпы білімділік, сауықтыру міндеттерін арттыруға әсер етеді.
Жоғарыдағы айтылған талаптар ескерілген кезде денені шынықтыру, еңбек, оқу
қызметтері артады.
Достарыңызбен бөлісу: