Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Қарттарда медикаментозды терапияның ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет44/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Қарттарда медикаментозды терапияның ерекшеліктері. 
Жасының ұлғаюына байланысты тіпті сау адамдарда да (СЖЖ 
бар науқастарды айтпағанда да) ішкі ағзалардың құрылымы мен 
функциясының өзгерістері, әсіресе жүрек-қантамыр жүйесі, бауыр 
мен бүйректе, сондықтан СЖЖ қарттарда емдегенде осыны еске 
сақтаған жөн. 
Бүйрек функциясы, мысалы жас ұлғайған сайын өзгереді. Әсіресе 
қарттарда СЖЖ кезінде бүйрек функциясы зақымданады (табл. 14). 
СЖЖ бар қарт науқастарда эногенді креатинин мөлшері 40–70 мл/ 
мин; сарысулық креатинин нормада болуы мүмкін. Егер де кәрі 
науқас төсектік режимде болса, эндогенді креатинин клиренсі 20 мл/ 
мин төмен болуы мүмкін, яғни азотемия дамитын мөлшерге төмен-
дейді, тиазидті диуретиктер эффективсіз. СЖЖ бар қарт науқастар-
дағы бүйрек дисфункциясы дәрілік заттардың кумуляциясын шақы-
рып, препарат дозасының дозасын коррекциялауды қажет етеді. 
Бүйрек дисфункциясы жасы ұлғайған сайын прогрессирленіп, СЖЖ 
науқастарда тиазидті диуретиктердің эффективтілігінің төмен бо-
луына байланысты, осындай науқастарда шумақты диуретиктерді 
қолдануды талап етеді. Бүйрек дисфункциясы АПФ ингибиторла-
рын және альдостерон рецепторларының блокаторларын (спиро-
нолактон және т.б.) қолдануды шектейді, қазіргі танда олар СЖЖ сол 
жақ қарынша дисфункциясымен өтетін түрінің негізгі медикамен-
тозды терапиясы болып табылады. 
Шумақты фильтрация жылдамдығы төмендеген науқастарда 
АПФ ингибиторлары бүйрек дисфункциясын (бүйрек жетіспеушіліне 
дейін) және гиперкалиемияны шақырады, ал спиронолактон (кіш-
кене дозасында) – өмірге қауіпті гиперлиемияға әкеледі. Бүйрек жет-
кіліксіздігі кезінде бауырлық немесе екілік компенсаторлы элимина-


90 
цияланатын АПФ ингибиторларын (рамиприл, спираприл, трандола-
прил, фозиноприл) қолданамыз. 
СЖЖ бар науқастарда бүйрек перфузиясы төмендеген, вазодиля-
таторлық простогландиндер көмегімен шумақша фильтрация жыл-
дамдығы қалыптыда сақталады. Қабынуға қарсы стероидты емес 
заттардың көмегімен простогландин – синтетаза белсенділігінің те-
желуі шумақты фильтрация жылдамдығын айқын төмендетіп, бүйрек 
жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін. СЖЖ-нің декомпенсациясының 
негізгі экзогенді себептернің бірі СЕҚҚЗ және олар қарттар жас 
аралығында госпитализацияны қажет етеді. 
Екіншіден,жасқа байланысты ағзада судың көлемі мен қантамыр-
ішілік сұйықтықтың біршама төмендеуі байқалады (табл. 15). Сон-
дықтан қарт адамдарда диуретиктердің аз мөлшері ортостатикалық 
гипотонияны шақыруы мүмкін. Сонымен қатар, жас ерекшелігі фо-
нында диуретиктермен шақырылған бүйректік қанағым және шумақ-
тық фильтрация жылдамдығы төмендеуі қантамырішілік сұйықтық 
көлемінің азаюы қарттар арасында бүйрек жетіспеушілігінің да-
муына әкелуі мүмкін. 
Үшіншіден, қантамырішілік сұйықтықтың көлемінң азаюы салда-
рынан жасына байланысты АҚҚ-нің барорефлекторлы реттелуінің 
бұзылуынан қарт науқастарда қантамыр кенейтетін дәрілік заттарды 
мысалы, нитраттар, АПФ ингибиторлары немесе в-адреноблокатор-
лар, қолданғанда ортостатикалық гипотония дамуы мүмкін. 
Төртіншіден, жасқа байланысты аорта және ірі артериялардың 
созылғыштығы азайып, сол жақ қарыншаға қосымша жүктеме түсуі-
не әкеледі және осы кезде изолирленген САҚ немесе басым САҚ 
байқалады (табл. 15). 
Егде және кәрі жастағы адамдарда СЖЖ дамуы мен өрістеуінің 
негізгі факторы САҚ жоғары деңгейде болуы. Сондықтан жас 
науқастарға қарағанда СЖЖ бар егде жастағы адамдарда САҚ жо-
ғары деңгейін төмендету және оны 140 мм сын бағ ұстап тұрудың аса 
клиникалық мәні бар. Бірнеше бақылаулардың нәтижесінде моноте-
рапия тағайындағанда В-адреноблокаторлар немесе И-ААФ қараған-
да, САҚ дигидропиридинді қатардағы кальций антагонистері және 
тиазидті зәр айдағыш заттар (соның ішінде индапамид) әлдеқайда 
сапалы төмендетеді.


91 
Бесіншіден, қартайған сайын сол жақ қарыншаның систолалық 
қызметі аса өзгермейді, керісінше диастолалық қызметі үдемелі түрде 
төмендейді (5-кесте қараңыз). Тиазидті және ілмектік зәр айдағыш 
заттар айналымдағы қан көлемін азайта отырып, яғни сол жақ қа-
рыншаға жүктемені азайтып, оның диастолаға толуын бұзуы мүмкін 
және жүректік лақтырысты төмендетеді. Ілмектік зәр айдағыштарды 
егде жастағы науқастарда қолдану біраз қауіпті, өйткені олардың 
жүректік лақтырысы мен АҚҚ деңгейі сол жақ қарыншаның адекват-
ты соңғы диастолалық көлем ерекшелігіне тәуелді. Сонымен қатар
кейбір мәліметтерге сүйенсек, СЖЖ бар егде жастағы науқастарда 
ілмектік зәр айдағыштарды алып тастау жүрек жетіспеушілігінің 
декомпенсациясына міндетті түрде әкеп соқпайды. Бұл жағдай ең 
бірінші ретте сол жақ қарыншаның сақталған систолалық қызметі бар 
егде жастағы науқастарға байланысты.
Алтыншыдан, егде жастағы СЖЖ бар науқастардың қосымша 
аурулары болуы мүмкін, сондықтан СЖЖ байланысты ем тағайын-
дағанда қосымша ауруларын да есте сақтаған жөн. Мысалы, әдебиет 
мәліметтеріне көңіл аударсақ, СЖЖ науқастанатын егде жастағы 
науқастарда когнитивті бұзылыстардан бастап тіпті деменцияға дейін
30–80% анықталады. Егде науқастардың ойлау консерватизмі мен 
есте сақтауының төмендеуіне байланысты әдеттегі өмір салтынан бас 
тартқылары келмейді. Сондықтан олар дәрігерлердің дұрыс тамақта-
нуын және дәрілік заттардың тағайындауларын дұрыс орындамайды. 
Нәтижесінде СЖЖ емдеуде егде науқастарда жас науқастармен 
салыстырғанда аз әсер көрсетеді. Сонымен қатар егде науқастар өзде-
рінің басқа аурулары бойынша қабылдайтын дәрілік заттары со-
зылмалы жүрек жетіспеушілігін емдейтін заттармен әсерлесуі 
мүмкін. Мысалы, остеоартроз кезінде СЕҚҚ заттарды қолданғанда 
олар СЖЖ-н емдеу кезінде міндетті түрде қолданылатын диуретик-
термен, АПф-ингибиторларының терапевтік әсерін төмендетеді. Көп-
теген антиаритмиялық заттар және де тиазолидинедион тобындағы 
антидиабетикалық заттар (глитазон) айқын сол жақ қарынша систо-
лалық дисфункциясы бар СЖЖ декомпенсациясын шақырады. Егде 
адамдардың консерватизмі мен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне 
байланысты олар емдеудің жай сұлбасын ғана орындай алады. 
Сондықтан егде жастағы науқастарға күніне 1 рет қолданылатын 
дәрілік заттардың минималды мөлшерін тағайындаймыз. Ем сұлбасы 


92 
сирек жағдайда ғана өзгертілуі керек. Егде адамдарды емдегенде 
дәрілік заттарды таңдағанда олардың бағасы мен қол жетімділігін 
ескеру керек. 
Жетіншіден, бауырдың қызметінің жастық бұзылыстары әсі-
ресе СЖЖ кезінде күшейеді және де дәрілік заттардың (липофильді 
АПФ-ингибиторлары, липофильді в-адреноблокаторлары және диуре-
тиктер) фармакокинетикасына айқын әсер етеді. 
Сегізіншіден, жасқа байланысты май тіндерінің ағзада үлесі 
артады, керісінше бұлшықет массасы, судың жалпы көлемі және 
тамырішілік сұйықтықтың көлемі азаяды. Осының салдарынан дәрі-
лік заттарды тарату көлемі өзгереді және бұл препараттардың липо-
фильдігіне байланысты. Жасқа байланысты липофильді препарат-
тарды (карведилол, метопролол, пропранолол, рамиприл т.б.) тарату 
көлемі азаяды, ал гидрофильді препараттардың (атенолол, сатолол) 
керісінше жоғарылайды. Егде адамдардың дұрыс тамақтанбауы қан 
сарысуындағы альбуминдердің азаюына әкеледі. Нәтижесінде қанда 
қан сарысуы ақуыздарымен байланысқан дәрілік заттардың (кальций 
антагонистері, амиодарон, варфарин және жоғары липофильді АПФ-
ингибиторлары мен в-адреноблокаторлар) мөлшері жоғарылайды. 
Екінші жағынан жасқа байланысты тамырішілік сұйықтықтың төмен-
деуіне байланысты гидрофильді препараттарының жоғарылауына 
әкеледі. 
Тоғызыншыдан, егде адамдарда асқазан-ішек қан ағымының тө-
мендеуі дәрілік заттардың мысалы диуретиктердің сіңуін төмен-
детеді. СЖЖ кезіндегі қақпа венасындағы іркіліс дәрілік заттардың 
сіңуін баяулатады немесе төмендетеді. Екінші жағынан, жүйе алды 
метаболизмінің жасқа байланысты төмендеуі салдарынан липофильді 
заттардың, мысалы липофильдә в-адреноблокаторларының биотиім-
ділігін арттырады. 
Оныншыдан, жасқа байланысты әр түрлі себептерден соның 
ішінде дұрыс тамақтанбау немесе бүйрек жетіспеушілігі салдарынан 
егде адамдарда анемия жиі кездеседі. Ол өз кезегінде жүрекке жүк-
темені күшейтіп, тахикардияны шақыртады. Бұл өз кезегінде ЖИА 
және СЖЖ ағымын ауырлатады. Аспирин мен АПФ-ингибиторларын 
қабылдау гемоглобин концентрациясын төмендетеді. Сонымен егде 
жастағы адамдарда СЖЖ-дан басқа аурулар кездеседі, яғни ағзалар 
мен жүйелердің қызметінің бұзылыстары, олар өз кезегінде СЖЖ 


93 
кезінде қолданылатын препараттарының фармакокинетикасы мен 
фармакодинамикасын өзгертеді.Егде науқастарда СЖЖ емдеу кезінде 
басқа ауруларды емдейтін заттармен СЖЖ емдейтін заттар арсын-
дағы әсерлесуді ескеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет