Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Оқушылар топпен жұмысты жалғастырып, оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды жалғастырады, сандар сәулесінен жиындар шешімін атап, көрсетеді, осы жиынның 5 санын атайды.
Мұғалім оқушылардан бүгін қандай сандармен жұмыс жасайтындарын сұрайды (үш таңбалы).
|
Оқулық, дәптер, сандар сәулесі.
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
Мұғалім 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеулерін түсіндіреді. Мұғалім балалардың есептеу алгоритмдерін ауызша айтқызады.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Мұғалім оқулықтағы 3(а)-тапсырманы орындауды ұсынады. 3 (б)-тапсырмасын үйде орындайды. Оқушылар есептегендерін кезекпен айтып түсіндіреді.
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындауда оқушылар есептеуді орындауда толық ондыққа дейін толықтыруды қолданғанның тиімді екендігін бақылап байқаулары қажет.
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар кестедегі мәліметтерге қарап берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар оқулықтағы 5-тапсырманы орындайды. есепті шығарады. Берілгенге кері есеп құрастырады және өзінің пайымдауының дұрыстығын дәлеледейді.
Оқушылар «Күн райын не үшін білу қажет» тақырыбын талдайды.
|
Оқулық, дәптер.
|
30-36
|
Өзіндік жұмыс
Мұғалім дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады. Бағалау критерийлерін қарайды.
Мен:
-үш таңбалы сандардың ондық құрамын жазуды білемін;
-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде қоя аламын;
-1000 көлеміндегі сандарды ондық құрам негізінде азайтамын.
Өткенді қолдану.
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау ұсынылады.
|
Оқулық, дәптер.
|
37-40
|
Рефлексия.
Сабақта қандай тапсырмалар ең қызықты болды?
Бүгінгі сабақта алған білім қай кезде қажет болуы мүмкін?
Өз жұмысыңызды бағалаңыз.
Барлығы өзіңіз қалағандай орындалды ма?
Неге?
Тағы нені үйренгіңіз келеді?
Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 3(б)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.
Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.
|
|