12
Аристотель сөз сөйлеу дәстүрі саласындағы ғанибет жетістіктер
туралы тіктелген теориялық оқуды құрады. «Аристотельдің
алдындағы данышпандар, Пидардан Платонға дейін», осы күнгі ғалым
жазушылар қолданып отырған ойлап табушылық құралдары мен
приемдарын шығарды, соған жетекшілікте болатын жалпы
қағидаттарды келтіріп отырды және де сөз сөйлеу өнеріндегі
дұрыстық немесе нормалар туралы ілімдер құрды. Бірақ та көркем
туынды қандай болуға тиістігін көрсететін жерде,
олар сауалды
эмпирикалық түрде шешіп отырды, яғни, бір нәрсені шығарып соны
оқып білушіге «міне осылай жазу қажет» деп айтқан. Мысалы, осыған
ұқсас инструктивті мақсатта Исократтың «Бусирис» атты еңбегі
құрастырылған. Аристотель өзінің алдындағы ғалымдардан әлде
қайда асып түсті; ол тек қана олармен жасалған бақылау еңбектерін
ескеріп өз еңбектеріне сілтеме жасап қоймай, сондай-ақ әркелкі
поэтикалық аспектілерді қанағаттандырушы поэтикалық жанр мен
талап жинақтарының мәндік формуласын ұсынды.
Аристотельдің
«Поэтика» и «Риторика» екі трактаты да сөз қату көрінісінің идеалды
нормалары туралы біртұтас ілімін құраңан ( тек қана «Поэтика» атты
еңбегінде Аристотель, «көркем» жанрына эпосқа және трагедияға
көбірек поэикалық назар аударып, ал «Риторикада» (150 жыл ішінде
грек риторикасымен жинақталған) антикалық проза теориясына
шешендік өнер тәжірибесіне тікелей көңіл бөлген.
Білімнің нақты мәнін білмей тұрып не болмасын сендірте алатын
шешендердің ептілігіне келіспейтін өзінің ұстазы Платонға қарама-
қайшы Аристотель ақиқатты шынайы сендіртуді талап еетті, ал
шешендік өнерде осы ақиқатты көптеген адамдарға ұғымды етудің
тәсілін көрді: «....адамдар табиғатында жеткілікті мөлшерде ақиқатты
табуға қабілетті және көп жағдайларда оны табады.....».
Риторика
пайдалы, өйткені ақиқат және әділеттілік өзінің табиғатында теріс
жақтарынан едәуір мықтырақ, ал егер шешімдер қажетті жағымен
бекітілмесе, онда ақиқат пен әділеттілік міндетті түрде өзінің теріс
жағымен жеңеді, әрине бұл сөгуге тұрарлықтай. Платоннан кейінгі
кезеңде сократқа дейінгі риториканың жалпы орны «жалғандығы»
және Аристотель «софистиканың зәлімділігі» туралы жай жанама
түрде ескеріп өтеді. Софистика Аристотель үшін – өтіп кеткен,
дегенмен (барлық ойлау қабілеттілігіне байланыстағы) тарихтағы өте
мағыналы этап. Ол грек прозасының қызыл тілділігінің жаңа
жайқалып өскен теориялық
базасының бастаушысы болды; оның
тәжірибесін ғалымдар жоғарғы рухани ләззәтті сыйлайтын,
ғанибеттілікті жарататын тәсілдерін сипаттау үшін саралайды.
Тыңдарманға тілділікпен берілетін рахаттанудың түп тамыры,
Аристотельдің
ұғымы
бойынша
шешеннің
сөздер
мен
ойнағандығынан алынатын сезімдік ләззәтта емес, керісінше адамның
танымдық және интеллектуалдық қажеттілігінің қанағаттануында
деген: «айтылған сөз, тыңдарман үшін есептелген және дұрыс болуға
13
тиіс, яғни орынды және аяқ асты». Дегенмен сократтық идеялардың
мұрагерлерінде объективті баршылық өмірді рационалды ойлауда
жатқан объективті ақиқаттың бар екендігіне күмән пайда бола
бермейді. Аристотелдің Рационализмі оның формальдық логикасына
сүйенеді және «Риторикада» автормен қолданылған материалдардың
ерекше сыныпталуы секілді пайда қылдырады, сондай-ақ белгілі
риторикалық приемдардың әсер ету тәсілдеріне
сыптай логикалық
түсінің береді. «Риториканы» оқып біле отырып, біз зерттеушінің тірі
ойы қалай, сөз өнерін оқып білушінің жалпы және жеке
рекрмендацияларына «антикалық ең әмбебап ойлар» қалай
келетіндігін артықшылығымен бақылаймыз.
Риторикада автор өзінің шығармаларын бастай отырып қызыл
тілділікті диалектикамен жақындатады: «Риторика – диалектикаға
сәйкестенетін өнер, өйткені екеуінің де сондай пәндерге қатысы
болады, яғни олармен таныс болу көпшіліктің және әркімнің бір
шамада жалпы жетістігі болып саналатынжәне де олар бір жеке
ғылымның саласына жатпайдығын түсіндіреді. Осының салдарында
адамдар кейбір жағдайлармен екі өнерге де қатысты болады, өйткені
барлығына белгілі жағдайда қандай да
болмасын ойын қалай
сұрыптаса солай қолдауына тура келеді,қалай ақталса солай
кінәлайды. Мұндай жағдайларда біреулер жай түрде, өзгелер өзінің
дамып кеткен әдетіне байланысты қолынан келгеніне сәйкес әрекет
қылады. Бұл жолдың екеуі де мүмкін болған соң, оларды жүйеге
кіргізуге болатындығы мәлім, дегенмен біз оны қарастыра аламыз,
соның салдарынан сол жай түрде сондай-ақ әдетпен жетекшілік
арқылы мақсатына жететін адамдар секілді, ал мұндай зерттеу өнерге
жету деп аталады, оның үстіне әрине мұнымен әрбір адам келіседі.
Соллгизм туралы ілімін жеке өңдеуіне сүйене отырып,
Аристотель риториканы логиктің көз қарасымен бағалап және онда ең
маңыздысы есебінде
дәлел туралы ілімді мойындаған, яғни сендірту
тәсілдері туралы (I, 1). Өзінің міндетін ол сендіруші ойтолғам құру
үшін қажетті шешенге мәліметтер хабарлауда көрді. Басты жағдайда,
Аристотель Горгидің риторика ісі – «сендіртпеу, бірақ әрбір жеке
жағдайда сендіру тәсілін табу» дегенді анықтамасын пысықтайды.
Шешеннің сендірту сөзінің негізгі құрайтындарының бірден-бірі ол -
Достарыңызбен бөлісу: