7
шартсыз рефлекстер болып табылады.
Инстинкт жануарлардың
тіршілік жағдайларына бейімделу формасы болып саналады; мысалға
келтіретін болсақ үйрек балапанының жұмыртқадан шыға салысымен
суда жүзуі.
Инстинкт (латынша іnstіnctus – түйсік деген ұғымды білдіреді)
туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы
Хрисипп
(біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205 жылдар аралығы)
инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-
құлық әрекетін сипаттауда қолданды.
Француз ойшылы әрі дәрігер
данышпаны
Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл
дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап
көрсетті.
Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне қана
тән,
кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын
қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеп шықты. Ал
Иван Сеченов
пен
Иван Павлов инстинкттің рефлекторлық сипатын анықтады.
Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары, қортындылары
көмескі сананың психо-аналитикалық теориясына негізделді. Олар
адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция
мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге бет бұрып
талпынады. Міне нақты
осы нышандар адамның қарым-
қатынастылығына үлкен септігін тигізетіндігі сөзсіз. Қарастыра
келетін болсақ бұдан әрине мәдениеттілік элементтер құралады. Ал ол
өз кезегінде қатынастылық норманы тудыртады.
Барлық мәдениеттің элементтері норма,
материалды және
материалды емес құндылықтар, салт және дәстүр ішінен бірінші
болып тіл көрінеді. Тек қана тілдің
құралдық қасиетімен қарым-
қатынас жасай отырып адамдар мәдениеттің өзге де элементтерін
өңдеген, мысалы: біртұтас нормалар мен құндылықтарды мойындау,
салт-дәстүрлерді назарға алу.
Достарыңызбен бөлісу: