55
және іске қолдануда айқындалған сәтті қайталайды:
өнертабыс (лат.inventio - не айту керек?);
орналасуы (лат.dispositio - кайда айту керек?);
пікірін сөзбен білдіру (лат.elocutio - қалай айту керек?);
зейін (лат.memoria);
сөз айтылу жолы және дене қимылы (лат.pronuntiatio);
Әрбір осы бөліктер, жоғарыда айтылғандай, сөздің
дайындығы мен
бұрмалаудың жұрнағын қайталайды:
1.Өнертабыс (лат.inventio) - ниеттің тууы, идеяны құрау, сөз
мазмұнының жаралғаны. Алдағы сөздің
мазмұнын және айғағын ойлап
табу өте қажет. Риторикалық ілім риторға идеяның және сөздің таратуын
тудыратын белгілі бір техниканы ұсынады. Сол техника туралы ортақ жер
ілімі (топикте) - яғни, айғақтың құрылысының немесе сөздің
бұрмалануының тәсілдерінде іске асырылады.
2.Орнығу (лат.dispositio)-сөздің композициялық құрылысының
ереже лері туралы тарау. Ойлап
табылған материалды ақылмен, бірінен
кейін бірі белгілі бір тәртіп бойынша орнықтыру қажет. Классикалық
риториктер сөз композициясының 8 бөлігін ұсынған:
назар аудару,
тақырыпты атау, әңгімелеу, сипаттау, дәлел, мақұлдамау, үндеу,
қорытынды.
Сөзді айту түрі, білдіру (лат.elocutio) -
сөздің сөздік рәсімделуі
туралы тарау. Сөздің риторикалық сәні дәл керекті сөзді пайдалана
алуынан тұрады. Н.Ф. Кошанский сөзді айта білдірудің міндеттерін келесі
сәттермен атайды:
- буынды және оның қасиетін қарастыру;
- сәннің барлық түрлерін қарастыру;
Ойды білдіру үшін қажетті сөздің, кейін осы сөзді сөз тұрпаттарында
сәнді орнықтыру тәсілдерін іздену - мәтінді
жаратқан адам жұмысының
күрделі кездерінің бірі. Ойды мүмкіндігінше көз жеткіздіретін және
көркемді сөз нысанына айналдыру - осы міндеттерді іске асырмай
риторикалық мақсатқа жету мүмкін емес.
Н.Ф. Кошанский сөз шешеніне
өте пайдалы және сөзді
оңтайландыратын әдістерді ұсынады, ол өткендік теория мен тәжірибені
ұштайландыратын нәтижені қолдану сөзді барынша жандандыра алады.
Олар айыптап та, ақтап та айтылатын сөздер үшін өте маңызды. Сонымен,
тәсілдер мен пішіндерді Н.Ф. Кошанский
авторлық аталуда ойдың
тұрпаттары деп атады.