Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет28/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

56
Н.Ф. Кошанский
(1781-1831) 
 
Риторика кітаптарының бірден бір 
авторы Царскосельск лицейінің орыс және 
латын сөздігінің оқытушысы философия 
докторы Николай Федорович Кошанский 
(1781-1831) болды. Нақты сол Кошанскидің 
сабағында, оқытушы оқушыларына раушан 
гүлін өлеңмен сипаттап беріңіздер дегенде, 
лецеист А.Пушкиннің «Роза» атты өлеңі 
жарық көрді. Айта кеткен жөн дарынды 
ақын жас бала педантикалық және қатаң Кошанскийдің сабақтарына 
тәнті болғанды. 
 
Н.Ф.Кошанский екі риториканы жазды: «Жеке риторика» және 
«Жалпы риторика». XIX ғ. қос жазбада кездеседі яғни риторика және 
реторика деген соңғысы толығынан грек риторикасын қайталайды. 
Кошанский дәстүрмен санаса отырып, сөз ғылымын эстетикамен 
шектесетін үш негізгі бөлімге бөледі: грамматикаға, риторикаға, 
поэзияға. Жалпы риторика ойды ойлап табу, орналастыру және айта 
білу 
ғылымы 
және 
(ерекшелігінде) 
барлық 
прозаикалық 
шығармаларды тануға жетекшілікті көрсетеді. Біріншісінде жалпы, ал 
екіншісінде жеке деп аталады. Әрбір осы риторикаларда өздерінің 
пәндік заты, мақсаты және өз шектері болады. Әрбір осы ғылымның 
өз теориясы және өнер есебінде өз тәжірибесі бар. Жалпы риторика 
өзінде барлық прозаикалық шығармалардың бастапқы, негізгі, жалпы 
тәртіптерін көрсетеді. Ал жеке риторика не? Ол жалпыға негізделе 
отырып, әрбір прозаикалық шығармашылықтарды қарастырады, оның 
негізгі абыройын және жетіспеушіліктерін табады. 
Егер жалпы риторика шығармаларды құраудың жалпы тәртібін 
көрсетсе, жеке риторика жеке түрлерге тәртіпті ұсынады, мысалы, 
қалай хат жазу, әңгіме қалай жүргізу, оқу және оқу шығармаларын 
қалай құрау, шешендік қызыл тілділіктің әркелкілігі қандай және 
соңғысы, көркем (немесе жағымды) прозалар қалай жазылады. 
Кошанский жаңа уақытта (әрине XIX ғ. туралы айтылады) 
Ресейде қызыл тілділіктің негізгі түрі руханилық бөлінуі де екендігін 
ерекше атап көрсетті. Ал өзге елдерде, мысалы Ағылшын елі, 
Францияда саяси және сот шешендігінің белсенділігінің артуын ол 
ерекше ескеріп өтеді. 
Кошанский шешендік өнерге былай деп анықтама берді: 
«Шешендік сөзді жеткізе білушілік өнер, естілікке, құмарлыққа, 
еркіндікке және т.б. әсер етіп қозғағыш, Алланның бергені..... 
шешендік барлық өзге прозалардың шеңберінде жоғарғы орын алады. 
Ол ерекше жағымды өнерді құрайды және өзге прозалар секілді ойлап 
табушылықпен, орналастырушылықпен және ойды айта білушілікпен 


57
қанағаттанбайды, сондай-ақ тағы да тілдің әрекеті сөз қатуды да талап 
етеді». Кошанский сөз сөйлеуді екі үлкен рулық бөлімге бөледі: жай 
өмірлік (сый марапаттық, мадақтаулық, саяси, әскери) және 
руханилық (уағыздаушылық, сұхбат, нақылдық және ақырлық жолға 
жіберулік сөзге). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет