54
алдындағы аса жоғары құрмет, әсiресе, мақұлданған дәйексөздер,
марапаттаулар да, дәлелсiз пiкiрлерден көрiндi.
Бiрақ бұған қарамастан қатал дiни шектеулердiң шеңберiнде де шешендiк
өнер ары қарай дами бердi. Және мұнда, мысал үшiн, шiркеу догматтарына
қарсы бағытталған «күпiрлiк қозғалыстар» едәуiр роль атқарды.
Шiркеу уағыздарының ықпалымен аса iрi дiн iлiмiнiң шешендерi өсiп
жетiлдi. Атақты Ианн Златоуст (407 жылы өлген) әйгiлi византиялық
уағыздаушы ретiнде саналды. Златоуст деген
аттың өзi халықтық сөзге
құрметпен қарауды, адамдарды сыйлауды, сезiммен тыңдаушыларға әсер
ете бiлудi көрсетедi. Цицерон шешендігінде адамдарға тез әсер етіп, есінде
сақталатын нақыл сөздері болған. Сол сөздерге ақыл қойып түсіне
қарасаңыз, екі ауыз сөздің ар-жағында жатқан түпкілікті өмірге жол
көрсетуші сипатты көріністі көруге болады.
Енді төменде Рим империясының әйгілі шешені, қоғам қайраткері Марк
Туллий Цицеронның:
-
Күмәндану арқылы шындыққа жет.
-
Адамның келбеті – жүрегінің айнасы.
-
Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып
бағады.
-
Қолыңнан келсе, істе!
-
Жұмыс істеген адам дұрыстап демала да білуі керек.
-
Кез келген ілімді айқын түсіну үшін ұқыптылық керек.
-
Барлық нәрсені біліп, саралау жасай білу аз. Сонымен қатар, соған
байланысты сауатты қадам жасай білу қажет.
-
Сананы тұрмыс билейді.
-
Ғаламшардағы
әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен
тәуелсіз шешім шығара білуі қажет.
-
Жазу өнері шешендікке баулиды.
-
Білім дегеніміз заңдар мен ережелерді құрғақ жаттау емес, - олардың
мағынасына жетіп, мәнін түсіну.
-
Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай
біл.
-
Шектен тыс көп тамақтану адамды қуаттандырудың орнына сылбыр
қылады.
-
Ар-ұждан - Құдайдың сыйы.
-
Тура биде туған жоқ.
- Көпшілік алдында сөйлегісі келген адам айтқалы отырған
әңгімесінің мәніне жетіп алмаса,
сөзінің құр былдырдан
айырмашылығы қалмайды.
- Биліктің ең зоры - өзіңді өзіңе бағындыра білу.
- Адамзат баласының арасындағы бауырмалдық пен достықты сақтап
тұруға тырысу әркімнің парызы – деген қанатты сөздері.
Цицерон мен Квинтилианнан бастау алған
жалпы риторика келесі
Достарыңызбен бөлісу: