Еңбекақы түрлері Негізгі


ТАҚЫРЫП 7. ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ



бет24/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Экономика предприятия лекция

ТАҚЫРЫП 7. ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ
Дәріс жоспары (4 сағат)
Дәріс 4

  1. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялаудың нақты және нормативтік әдістері

  2. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары

Әдебиеттер:нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Дәрістің мақсаты болып кәсіпорын шығындарын есепке алу мен калькуляциялаудың нақты және нормативтік әдістерін зерттеу, өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәнін, көздері мен факторларын қарастыру.
Кілттік сөздер: нақты шығындарды есептеу, нормативті әдіс, норма, еңбек өнімділігі, калькуляциялау объектілері.



  1. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялаудың нақты және нормативтік әдістері

Есеп объектілерді көптігіне қарамастан, шығындарды екі тәсілмен – оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құнның нормативті тәсілмен өндіріс процесінде калькуляцияланады, нақты есепті кезең біткен соң жете зерттеуге болады.
Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау мен үнемі түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс.
Басқаша айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті қалыптастыруды нақты шағындардың нормативтілерден ауытқуы талдауды, ус жүзіндегі норманы түзеу мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жұзеге асыратын арнайы бөлімшеніің бар болуы қарастырылған.
Мұндай жағдайсыз есептің нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды.
Екі тәсілде түпкілікті шотта өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау мен көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі – шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі – нормадан ауытқуы арқылы көрсетеді.
Нақты шығындарды есептеу – қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды дәйекті жинақтау тәсілі.
Нақты өзіндік құн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрі және кең тараған болып табылады және белгілі принциптерге сай жүргізіледі:

    • өндіріске шыққан алғашқы бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің шоттары жүйесінде толық көрсету;

    • шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу;

    • шығындарды өндіріс түрлері шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау;

    • нақты шығындарды есеппен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;

    • нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.

Нормативті әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.
Нормативтік әдіс бойынша жұмысты ұйымдастыру табыс табумен байланысты материал, еңбекақы және басқа шығындарды анықтау мақсатындағы технологиялық және нормативтік картаны жасаудан басталады.
Нормативтік картаның негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляция жасалады. Ол қолданыстағы өндіріс технологиясынан, уақыт нормасынан, еңбекақыны бағалаудан, т.б. нормалардан жасалады.
Норма – бұл нақты еңбек пәні шығынының және технологиялық процестің әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы.
Өндіріске өнім материалдары белгілеген қатаң шектеумен жіберіліп отырады. Белгілеген шектеуден тыс материал босатуды құжаттау мұндай материал босатуға қажеттілік туғызған, яғни мәжбүрлігі себепті талдауды және оперативті бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Шығын есебі айдың басындағы қолданыстағы норманы және осы нормадан ауытқуды жеке жүргізуде себептер мен кінәлілер бойынша қолданыстағы нормадан ауытқудың пайда болу сәтін ескеруге мүмкіндік береді, бұл үшін арнайы код әзірленеді.
Нормадан нақты шығынның ауытқуы өнім түрлері мен шығын баптары бойынша ескеріледі., ал олардың иесіздік есебі барысында ауытқу сомасы калькуляция баптары бойынша нормативтік шығындарға жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құндарын үйлесімділікпен бөлуді білдіреді.
Нормативтік шығын бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі онымен анықталатын нормативтік нақты шығынның ауытқуын бөлшектеп талдауға мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет