Қосымша шығынды бөлу. Қосымша шығын өнімнің жеке түрінің өзіндік құнына әртүрлі әдістермен бөлінеді. Өндіріске қызмет көрсету мен басқару шығысына машиналар мен жабдықтарды ұстап тұру мен эксплуатациялау және жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық шығыстар жатады.
Жеке тауар түрі бойынша жалпы өндірістік (цехтық) шығын шығарылған өнімге әрбір цех бойынша жеке өндірістік жұмыскердің негізгі еңбекақысына сәйкес бөлінеді. Жеке өнім түрі арасында жалпы шаруашылық шығынды бөлу цех шығындарын жалпы ұйым үшін ортақ екенін ескере отырып, сәйкесінше бөлу. Өндірілген немесе сатылған өнім түрі арасында жалпы шаруашылық шығындар жұмыскердің еңбекақы төлеу, жұмыскердің жиынтық еңбекақы төлеу және жабдықты ұстап тұру мен эксплуатациялау, шектелген шығынға, өнімнің толық емес өндірістік шығынына сәйкес жіктеледі.
Ақаулық жоғалтулар кейбір өндірісте ерекше жағдайда жоспарланады. Олардың тізімі салалық инструкцияда бекітіледі. Басқа да өндірістік шығыстар сәйкес бұйымның өзіндік құнынан тұрады немесе олардың өндірістік өзіндік құнына сәйкес жеке бұйым арасында бөлінеді.
Коммерциялық шығыс өнімнің жеке түрінің өндірілген өзіндік құнына сәйкес бұйымның бір данасының өзіндік құнына жіктеледі. Айта кету қажет, өнімнің өзіндік құны тек өнімнің өндірісі мен оны сатумен кеткен шығындардан ғана тұрады.
Кәсіпорындардың өнімді өндіру және өткізу шығындарының қалыптасуының қазақстандық тәжірибесі
Дамыған елдерде соңғы 35-40 жылда калькуляциялық баптардың шектелген, қысқартылған номенклатурасы бойынша өнім өндіру шығынын есептеудің әдісі кең қолданылады. Шығынға тек ауыспалы шығындар ғана кіреді: шикізат пен материал, еңбекақы төлеу, жанама шығынның ауыспалы бөлігі. Бұл шығын өндірістік іс-әрекет көлемінің қызметі ретінде қаралады.
Тұрақты шығын дегеніміз аталмыш кезеңде сомасы өнімді өндіру мен өткізу көлемі мен құрылымына тәуелді болмайтын шығындар танылады.
Тұрақты шығын екі топқа бөлінеді: қалдықтық және бастапқы. Қалдықтыққа - өнімді өндіру мен өткізу, белгілі бір мерзімге тоқтатылуына қарамастан кәсіпорында болатын тұрақты шығын бөлігі жатады. Бастапқыға - өнімді өндіру мен өткізуді жаңартумен байланысты тұрақты шығын бөлігі жатады.
Екінші түрі – ауыспалы шығындар. Ауыспалы шығын дегеніміз – бұл жалпы көлемі аталмыш кезеңде өнімді өндіру мен өткізу көлемінен, сондай-ақ бірнеше өнім түрін шығару мен сату барысындағы шығындар құрылымына тікелей тәуелді болатын шығындар. Бұған шикізат, материал, жанармай, энергия сатып алу (өнім өндіру үшін қажетті), еңбекақы төлеу шығындары кіреді.
Сондай-ақ шекті шығындар болады. Шекті шығын дегеніміз өндіру мен сату көлемінің бірден артық өнім бірлігіне өзгеру нәтижесінде туындаған өсім шығынының немесе қысқару шығынының бір өнім бірлігіне өзгергендегі орташа шамасы болып табылады. Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында отандық тәжірибеге ұқсас экономикалық элементі мен шығын баптары бойынша өндіріс шығынының топтастырылуы қолданылады. Экономикалық элементтер бойынша шығын тобына шикізат, материал, жанармай, энергияны сатып алу шығыны, жұмыскерге еңбеакақы төлеу шығыны, негізгі капитал амортизациясы (негізгі қор), пайызды төлеу бойынша шығын және өзге де шығындар (ғимаратты жалға алу, сақтандыру жарналары, көлік шығындары, басқа ұйым қызметтері, жарнама) кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |